Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/20
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

4. Өндіріс шығыстарына есептер және кіріске есеп жүргізу
 Кәсіпорынды бағалау себептері. Талдау жүргізу мүмкіндіктері: пайдала-
ну, меншік капиталдың өзгеруі, қарыз капиталды жабу. Ауыл шаруашылықта 
табыстылық ұғымы: таза пайда, пайданың нормасы, жиынтық кіріс, меншік 
капиталдың өзгеруі, тауарлық емес операциялар бойынша төлемдердің шегі. 
Тура бірлі-жарым шығындар және жалпы қосымша шығыстар. Тұрақты және 
ауыспалық шығындар. Калькуляциялық шығыстар. Шығындардың пайда болу 
жерлерін белгілеу.  Өндірістік есептің жай  тізімдемесі. Жалпы шығыстардың 
есебі. Жалпы шығыстарды реттеу жіктемесі. Шығындарды бөлген кезде есеп 
айыру үшін әдісті таңдау. Толық шығындарды бөлу. Калькуляциялық схема. 
Толық шығындарды есептеудің кемшіліктері. Негізгі ұғымдар мен алғышарт-
тар.  Шығындарды  төмендету  резервілерін  пайдалану  мүмкіндіктері.  Ауыл-
шаруашылық  дақылдардың  аудандарын  пайдалану.  1  га  ауылшаруашылық 
ауданға шығындарды жабу үлесі.   1 га ауылшаруашылық ауданға пайданың 
үлесі. 1 га ауылшаруашылық ауданға өндіріс технологиясын салыстыру. «Ең-
бек»  факторын  пайдалану.  1адам/сағ.  пығындарды  жаьу  үлесі.    1адам/сағ. 
пайданың үлесі. 1адам/сағ. өндіріс технологиясын салыстыру. Үлгілі дерек-
тер. «Мал шаруашылығы» өндірістік бағытта деректерді талдау және бағалау. 
Үлгілі дерктер. «Егін шаруашылығы» өндірістік бағытта деректерді талдау 
және бағалау. Ауылшарушылық кәсіпорындағы өндірістің әдеттегі құралда-
ры. Талдау және бағалау жүргізу мүмкіндіктері. Сандық сипатитамалардың 
негізінде  шаруашылық  қызметтің  нәтижелерін  талдау:  меншік  тиімділік, 
бүкіл капиталдың кірістілігі, қолма-қол ақшаның қозғалысы.
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту нәтижелері, 
осы модульді табысты 
аяқтаудан кейін, білім 
алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН1. Бухгалтерлік 
есептің негіздерін 
қолдануға.
1.1 Ауылшаруашылық кәсіпорын үшін бухгалтерлік есептің 
маңызы мен қағидаларын ұғынуға;
1.2 Кәсіпорынның жұмысын жоспарлауға және ұйымдасты-
руға әсер ететін ауылшаруашылық өндірістің ерекшеліктерін 
белгілеуге;
1.3 Кәсіпорын жұмысын қазіргі заманғы ұйымдастыру қағи-
даларын түсіндіруге;
1.4  Кәсіпорынның  заң,  формалды  және  әлеуметтік  ұйым 
ретінде ролін ұғынуға;
1.5  Бухгалтерлік  есептің  қағидаларын  және  шаруашылық 
операцияларды растайтын құжаттарды білуге.

46
ОН2. Кәсіпорында 
мүлікке бағалауды 
жүзеге асыру және 
баланстің құрылымын 
білуге.  
2.1  Ауылшаруашылық  кәсіпорынның  мүлкін  бағалау  жүр-
гізуге және оларды санаттар бойынша жіктеуге;
2.2 
Жалған ауылшаруашылық кәсіпорынның мысалында 
бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  пайдаланумен  кәсіпорын-
ның мүлкіне түгендеуді орындауға;
2.3 
Шаруашылық  операциялармен  байланысты  балан-
стың  құрауыштарын,  баланстың  өзгеруін  ұғынуға  және 
түсіндіруге.
ОН3. Шоттар 
жоспарының 
жіктемесін, сондай-ақ 
қаржылық есептілік 
жасауды білуге.
3.1 
Балансты  дұрыс  жасауға,  шоттар  бойынша  дұрыс 
жүргізуге, балансты дұрыс жабуға;
3.2 
Құжаттардың негізінде бухгалтерлік есептің шоттары 
бойынша шаруашылық операцияларды дұрыс жүргізуге;
3.3 
Жылдық баланс құруға
ОН4. Өндіріс 
шығыстарына есептер 
және кірістілікке есеп 
жүргізуге тиіс.
4.1 
Кәсіпорынды бағалаудың негізгі қағидаларын ұғынуға 
және әртүрлі талдау жүргізу тәсілдерін білуге;
4.2 
Шығыстар мен шығындардың түрлерін айыруға; 
4.3 
Өндірістік есеп тізімдемесінің көмегімен жалпы (қо-
сымша) шығыстарды бөлудің негізгі әдістерін сипаттауға; 
4.4 
Баптар бойынша калькуляция ретінде толық шығын-
дардың есебін жүргізуге; 
4.5 
Тура шығындар бойынша өзіндік құнының калькуля-
циясын орындауға (қосымша шығыстарды өнімдердің топта-
рына жатқызып) және алмастыру мүмкіндіктерін бағалауға; 
4.6 
Топырақ ресурстарын талдаудың маңызы ұғынуға
4.7 
Ауылшаруашылық кәсіпорын жұмысының тиімділігін 
талдауға және бағалауға;
4.8 
Ауылшаруашылық кәсіпорынның мал шаруашылығы 
және  өсімдік  шаруашылығы  параметрлерін  есепке  алуға, 
талдауға және бағалауға;
4.9 
Кәсіпорынның негізгі парметрлерін есепке алуға, тал-
дауға және бағалауға;
4.10  Ауылшаруашылық кәсіпорынның өндіріс құралдарын 
пайдалануды бағалауға және талдауға;
4.11  Кәсіпорынға талдау және оған бағалау жүргізу үшін, 
бағдарламалық  қамтамаысз  етудің  мүмкіндіктерін  пайдала-
нуға тиіс.   
КМ02 Кәсіпорын қызметінің нәтижелері
Мақсаты  
Студенттер  басқарушылық  есептің  негіздерін  игереді,  кәсіпорын  көрсет-
кіштерін  есептеуді  орындайды  және  қаржылық  табыстың  индикаторларын 
белгілейді.
Модульге енгізу
Модульдің басқарушылық есеп және қаржылық менеджмент негіздерінің 
бөлімдері мен тақырыптары бар.   
Осы модуль білім алушыларды басқарушылық есептің және қаржылық ме-
неджменттің  негізгі  ұығмдарымен,  сондай-ақ  олармен  байланысты,  кәсіпо-
рынды бағалау және тиімділік, тұрақтылық және өтімділік, құны және басқа-
рушылық есеп көрсеткіштерін белгілеу бойынша процестермен таныстырады. 

47
Осы модульді зерделеу білім алушымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын 
ұғынуға,  қаржылық  есептіліктің  мазмұнымен  және  құрамымен,  кәсіпорын-
ның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін, қаржылық коэфиценттерін 
есептеудің негізгі амалдармен,  тәсілдерімен және әдістемесімен, сондай-ақ 
кірістілікті және олардың өзгеруіне әсер ететін факторларды  талдау әдісте-
месімен танысуға ықпал етеді. Сонымен қатар модульдің шеңберінде білім 
алушылар бизнес-жоспардың құрылымымен жәгне оны жасау әдістемесімен, 
сондай-ақ  маркетингтің  тұжырымдамасымен  және  қағидаларымен,  тауар 
қозғалысымен және баға белгілеумен, коммуникациялық саясатпен таныса-
ды.
Осы модуль білім алушыларға өндіріс деңгейінде басқару қағидаларымен, 
шығындардың  сыныптамасымен  танысуға  мүмкіндік  беред,  сондай-ақ  өн-
дірістік процестердің экономикалық тиімділігі және өнімді өндірумен, жұмы-
старды орындаумен және қызметтерді көрсетумен байланысты жеке шығын-
дары көрсеткіштерінің есебін жүзеге асырады. 
Оқыту нәтижелері: 
ОН1.  Бизнес-жоспардың  мақсатын,  құрылымын  және  оны  жасау  әдісте-
месін білу. 
ОН2. Маркетинг негіздерін игеру.
ОН3.  Бизнес-жоспардың  бөлімдерін  жасау  бойынша  негізгі  талаптарды 
орындау. 
Модульдің мазмұны
1. Бизнес-жоспардың мақсатын, құрылымын және оны жасау әдісте-
месін білу
Жоспарланған нәтіижелерге жетуге ықпал ететін кәсіпорынның ағымдағы 
қызметі бағытының құралы ретінде бизнес-жоспардың маңызы, туындайтын 
проблемаларды айқындау және оларды жою бойынша шаралар кешенін бел-
гілеу. Кәсіпорынның және ол онда қызмет ететін ортаның техникалық сипат-
тамаларының жүйеслі есебін жүргізу: кәсіпорынның шаруашылық қызметін 
талдау, ілеспелі жағдайларды (шартарды) зерделеу. Маңызды ақпаратты ғана 
іріктеп алуды жүргізу. SWOT талдау жүргізу:
-  „S“ құндылығы, басымдығы (кәсіпорынның күшті жақтары) 
- „W“ нашарлығы, кемшіліктері (кәсіпорынның нашар жақтары) 
- „O“ мүмкіндіктері (қоршаған ортадағы қолдауыш факторлар) 
- „T“ қауіп-қатерлер мен тәуекелдер (қоршаған ортадағы тежеуіш фактор-
лар) 
Шегімге тәсіл:  
„W“ „O“ арқылы жақсарту 
„S“ „T“-дан қорғау.
Ақпарат  жинау.  Ахуалды  бағалау.  Әртүрлі  стратегияларды  тұжырымдау. 
Әртүрлі стратегияларға шығыстар. Стратегияны таңдау. Маркетинг. Жалпы 
стратегияны қаржыландыру. Стратегияны тұжырымдау үшін, кәсіпорынның 
шаруашылық қызметін талдаудың ерекше деректерін іріктеп алу және пайда-
лану.  Капиталды пайдалану және капиталдың көзі. Қаржыландыру себептері 
– қаржыландыруды уақыты бойынша қаржыландыру мақсаттарымен келісу 
(мысалы, жобаның фазалары). Баланс және баланстың көрсеткіштері. Қаржы-

48
ландыру  түрлері:  капиталдың  шығуы  бойынша,  инвесторлардың  құқықтық 
жағдайы бойынша, айрықша нысандар. Қаржыландыруға шығыстар.
2. Маркетинг негіздерін игеру
Маркетингтің мақсаттары мен міндеттері. Маркетингтің тұжырымдамасы.  
Сату құралдары:  Тауарды рәсімдеу, сату жолдары және өнімді сату, баға бел-
гілеу және шарттың мазмұны мен нысанын белгілеу, жарнама. Клиенттерге 
сервистік қызмет көрсету. Нарықты зерттеу. Нысаналы топтар. Нысаналы на-
рықтар. Маркетингтік саясаттың құралдарын біріктіру: жаңа өнімдерді әзір-
леу және шығару саясаты, баға саясаты, коммуникациялық саясат, сату сала-
сындағы саясат. Құқытық жағдайлар. Ақпаратты жинау мүмкіндіктері. Жеке 
адамның  сату  табыстарына  әсері.    Сату  әдебінің  негізгі  қағидасы:  көндіру 
емес көзін жеткізу.
3.  Бизнес-жоспардың  бөлімдерін  жасау  бойынша  негізгі  талаптарды 
орындау
Оқу  мақсатында  тұжырымдалған  бизнес-жоспарды  әзірлеу  бойынша  қа-
дамдарға сәйкес жұмыс істеу.  
АӨК салаларының ерекшеліктерінен, сондай-ақ нақты жағдайлардан (өн-
діріс  көлемінің  жаңалығынан,  өнім,  қызмет  түрінен)  тәуелді  –  жоспардың 
құрамы мен құрылымы өзгешеленуі мүмкін, бірақ мазмұнды жағы ұқсас бо-
луға тиіс.  Бизнес-жоспардың негізгі бөліктерін әзірлеу:
-  бизнес-жоспардың түйіндемесі немесе бинестің сипаты,
-  кәсіпорын, 
-  кәсіпорынды басқару немесе менеджмент, ұйымдастырушылық жоспар,
-  кәсіпорын мақсаттары,
-  маркетингтік іс-шаралар,
-  өндірістік жоспар,
-  қаржылық жоспар,
-  заң жоспары,
-  тәуекелді бағалау және сақтандыру.
Бизнес-жоспардың  түйіндемесі  бөлімінде  кәсіпорынның  алдыңғы  қыз-
метін, бизнестің қазіргі жай-күйін көрсету, кәсіпорынның өкімінде бар мен-
шікті көрсету, шығарылатын өнімге немесе көрсетілетін қызметтерге сипатта-
ма беру, сату нарығын, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспар-
ларды сипаттау  қажет.
Кәсіпорын бөлімінде олар табысты басшылық ету үшін қажет, кәсіпорын 
туралы барлық мәліметтер жазылады.  
Кәсіпорнды басқару бөлімінде қажетті басқару дағдыларын сипаттау.
Маркетингтік іс-шаралар бөлімінде мына сұрақтар көрсетіледі: нарықтық 
стратегия, салаларды, нарықты және сатып алушыларды талдау, сату жүйесі, 
жарнама, жеке сауда, бағаларды белгілеу, бәсекелестік, өнім және көрсетілетін 
қызметтер, нарықты зерделеу.
Өндірістік жоспар бөлімінде өндіруші өз өнімін қалай жасау керек сипатта-
уға, яғни өз қызметінің сипаттамасын беруге тиіс.
Қаржылық жоспар бөлімінің мақсаты – қаржылық есеп нысандары туралы 
жалпы түсінік беру және олар қаржылық мәселелерді бағалауда және талқы-
лауда көмек беретін құралдарды ұсынады.  

49
Кәсіпорынның мақсаттары бөлімінде кәсіпорын жоспарлары және оларды 
кәсіпорын алуға қалайтын нәтижелер жалпыланады. Оларды санау және өл-
шеу мүмкін болу үшін, цифрлар мен сандарды қоланып, оларды сипаттамалау 
мақсатты.   
 Құқықтық мәртебесін белгілейтін меншік көзқарастан кәсіпорын 
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері           
Оқыту нәтижелері, 
осы модульді табысты 
аяқтаудан кейін, білім 
алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН1. Бизнес-жоспардың 
мақсатын, құрылымын 
және оны жасау әдісте-
месін білуге. 
1.1 
Ауылшаруашылық  кәсіпорынның  құқықтық,  эконо-
микалы  және  нарық  үшін  сипатты  жағдайларын  ұғынуға, 
сондай-ақ өндіріс жағдайларын және өндірісті орналастыру 
жерлерін белгілеуге;
1.2 
Іскерлік  белсенділіктің  стратегиялық  серпінін 
жоспарлаудың (бизнестің стратегиялық дамуының) құралы 
ретінде бизнес-жоспарды ұғынуға;
1.3 
Өндірістік-техникалық  деректерді  белгілеуге,  сон-
дай-ақ өндіріс шығындарын білуге;
1.4 
Бизнестің моделін шығаруға және оны қаржыланды-
руды сипаттауға, сондай-ақ өнім нарығын зерделеуге;  
1.5 
SWOT талдау жүргізуге. 
ОН2. Маркетинг негіз-
дерін игеруге.
2.1 
Сатуды  қолайлы  ұйымдастыруға  бағдарланған 
кәсіпорынды басқару ретінде, маркетингті білдіруге;
2.2 
Нарық туралы ақапарат алу мүмкіндіктерін көрсету-
ге.
2.3 
Тауарларды әзірлеу, сату жолдары және сауда тізбе-
гінің  буындары  саясатын  білуге  және  маркетинг  құралда-
рын пайдалануды, клиенттерге сервистік қызмет көрсетуді 
түсіндіруге;
2.4 
Сату нәтижелері үшін жеке адам  тәртібінің, кәсіптік 
білімдерінің маңызын білуге.       
ОН3. Бизнес-жоспардың 
бөлімдерін жасау бой-
ынша негізгі талаптарды 
орындауға тиіс. 
3.1 
Өз бетімен шешу үшін ұсынылатын өндірістік прак-
тиканың нақты міндеттерін негізіне ала отырып, ауылшару-
ашылық кәсіпорын үшін бизнес-жоспарды әзірлеуге тиіс.   

50
КМ 03. Ауылшаруашылық өсімдіктерін егу 
КМ03.1 Дәнді дақылдарды өсіру 
Мақсаты 
Өнімді егуден жинауға дейін дәнді дақылдар туралы кешендік білімдерді 
алу.
Модульге енгізу
Білім алушылар жерді зерттеу, жерді жырту және өңдеу, өнімді өсіру, күту, 
жинау және сақтау орындарына тасымалдау, сондай-ақ дәнді дақылдарды өн-
діру бойынша өңірлердің мамандану картасының есебімен сатуға тұтынушы-
ларға жеткізу іс-шаралары  мен салалық технологияларын тікелей модульде 
зерделейді және бағалайды. Осы модуль жазатайым оқиғаларды болдырмау 
бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесін сақтап, жерді 
өңдеу, тыңайтқыштарды енгізу, өсімдіктерді қорғау, өнімді жинау, тасымалдау 
және сақтау үшін, механикаландырылған агрегаттарды, аспалы және тірке-
мелі құралдарды, автомобильдерді, тракторлар мен комбайндарды  пайдалану 
бойынша тақырыптарды қамтиды.  
Оңтайлы  өсу  жағдайларын  жасау  үшін,  топырақта  болып  жатқан  негіз-
гі  биологиялық  және  физиологиялық  процестер  бойынша,  дәнді  дақылдар 
және олар үшін зиянды ағзалар, сондай-ақ тыңайтқыштарды енгізу жолымен 
өнімділікті  және  сапаны  арттыру  бойынша,  өсімдіктерді  күту  және  қорғау 
бойынша  іс-шаралар,  жинау  және  сақтау  технологиялары  туралы  білімдер 
алу қажет.  Бұл ретте, бірінші кезекте өнімнің сақтандығын және қайта өң-
деу өнеркәсібінің талаптарына сәйкес келетін пайдалы және жоғары сапалы 
шикізатты  өндіруді қамтамасыз ету тұр.   
Кәсіпорынды табысты дамыту үшін, өндірістік процестерді және кәсіпо-
рынның  экономикасы  және  оны  ұйымдастыру,  орындалған  жұмыстар  мен 
көрсетілген қызметтерді есепке алу, қызмет нәтижелерін бақылау, сондай-ақ 
өндірістік  жоспарлау  сияқты  салаларында  өзара  байланысты  ұғыну  маңы-
зды.  Модульдің  мазмұнына  негізгі  сауда  –коммерциялық  және  калькуляци-
ялық аспектілер, құнын ұғыну енгізілді. Дәл есептер ғана кәсіпорынның қа-
ражатын  пайдалану  бойынша  смета  жасау  табысқа  не  шығынға  жету  үшін 
шешуші болып табылады деп ұғынуға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп, 
операциялық есептер, кірістілік есебі базалық білімдер береді және өндірістік 
деректерді есепке алуды және бағалауды орындау үшін, сондай-ақ ауылша-
руашылық кәсіпорындарында операцияларды есепке алу үшін машықтарын 
қалыптастырады. Деректерді электрондық өңдеуді қолданумен есептеу үшін, 
дәнді  дақылдарды  өсіру  қызметінің  саласынан  алынған,  белгілі  мысалдар 
пайдаланылады.
Осы модуль білім алушыларға өндірістік оқытуда және кәсіптік практикада 
машықтарын, дағдылары мен кәсіптік құзыреттерін қалыптастыру жолымен 
алынған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.  
Оқыту нәтижелері: 
ОН1 Дәнді дақылдар өндірісінің негізгі факторларын білу;
ОН2 Дәнді дақылдарды егу үшін,  топырақты егу алдында өңдеу техноло-
гияларын игеру;

51
ОН3  Дәнді дақылдарды егу технологияларын қолдану;
ОН4 Жоғары және тұрақты өнімдер алу мақсатында өңірде дәнді дақылдар-
ды өсіру технологияларын пайдалану;
ОН5  Дәнді дақылдарды сақтау және қорғау технологияларын игеру;
ОН6  Сатуды оңтайлы ұйымдастыруға бағдарланған кәсіпорынды басқару 
ретінде маркетингті ұсыну 
Модульдің мазмұны
1.  Дәнді дақылдар өндірісінің негізгі факторларын білу
Өңірдің табиғат-климаттық жағдайлары. Ферма шаруашылығынң орнала-
суына әсер етуші факторлар.    
Өңірдің  экологиялық  балансы  мен  экологиялық  проблемалары,  шару-
ашылықтың  орналасуының  есебімен  өндірісі.  Биогеохимиялық  циклдар: 
көміртегі циклы, азот циклы,  күкірт циклы,  фосфор циклы. Өңірде топы-
рақтың пайда болуына әсер етуші факторлар. Топырақтардың механикалық 
құрамы, құрылымы және типтері. Топырақтың құнарлығын сақтау және егі-
стердің қайтарымдылығын арттыру жағдайлары.  Өңірдің дәнді дақылдары-
ның  морфологиялық белгісі бойынша, химиялық құрамы бойынша, вегета-
циялық кезеңі бойынша қысқаша сипаттамасы. Дәнді дақылдардың егіс айна-
лымындағы орны. Ұсынылған егіс айналымдарының схемалары. Егіс айна-
лымдарындағы тыңайтқыштардың жүйесі.  
Биологиялық  әртүрлілік  туралы  тұжырымдама  (БӘТ).  Табиғи  экожүйе-
лердің, агроэкожүйелердің, микробтық әлемінң биоәртүрлілігі.  Биологиялық 
әртүрліліктің негізгі беталысы және әлсіреу себептері. Өңір аумағында биоло-
гиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау басымдықтары мен шаралары.  
Өндірістің негізгі факторы ретінде жер ресурстары. Еңбек ресурстары. Не-
гізгі және айналмалы капитал. Дәнді дақылдар өндірісінің тиімділігне әсер 
етуші факторлар.  Өңірдегі астық нарығы: мақсаттары, ерекшеліктері, про-
блемалары және оларды шешу жолдары. 
 
2.  Дәнді дақылдарды егу үшін,  топырақты егу алдында өңдеу техно-
логияларын игеру 
Топырақтың  құрылымы,  топырақтың  құнарлығы,  субстраттар,  дәнді 
дақылдарға қойылатын талаптар. Дәнді дақылдарды егуге топырақты өңдеу. 
Егу алды өңдеуге және егуге даярланған топыраққа қойылатын агротехника-
лық талаптар: қопсыту, тырмалау түрлері, сапа көрсеткіштері ж.т.б.. Топырақ 
өңдейтін машиналар мен агрегаттар.  Тракторлардың жалпы құрылысы мен 
сыныптамасы.  Тракторды жүргізу амалдары, іштен жанатын қозғалтқыштың 
жұмыс істеу негіздері, иін-бұлғақты тетік,  цилиндрдің блогі мен бас, бөл-
гіштетік, қозғалтқыштардың қуаттану жүйесі, реттеуіштер. Қозғалтқыштар-
ды   майлау жүйесі, қозғалтқыштарды салқындату жүйесі, қозғалтқыштардың 
қосу құрылғылары,  жалғастырғыштар мен беріліс қорабының ілінісуі, артқы 
белдігі және тракторларды жүргізу тетігі, трактордың жүрістік бөлігі, гидрав-
ликалық аспалы жүйесі және басқа да жабдықтар, тракторларға техникалық 
қызмет көрсету.  Машиналар мен жабдықтарды күрделі жөндеу, жөндеу ту-
ралы жалпы мәліметтер. Машиналарға техникалық қызмет көрсету ережесі. 
Тракторлар мен автомобильдерде жұмыс істеген кезде еңбек қауіпсіздігі  және 
өрт қауіпсіздігі.  

52
3.  Дәнді дақылдарды егу технологияларын қолдану  
Дәнді дақылдардың түрлері мен сұрыптары, өнгіштігі, даму кезеңдері, зат 
алмасу, пісу мерзімдері, жетілуі, сұрыптарды өзара салыстыру. Дәнді дақыл-
дарды  егеуге  арналған  технологиялар  мен  машиналар.      Пайдаланылатын 
күтіп-баптау технологиясы кезінде дәнді дақылдарды егуге агротехникалық 
және  технологиялық  талаптар.  Дәнді  дақылдарды  сапалы  егу  талаптары. 
Жұмысты ұйымдастыру және қолдану жағдайларының, жұмыс органдарын 
құрастырудың,    тұқым  себетін  аппараттар  типінің,  тәжі  түрінің,  тұқым  ал-
масу тәсілінің және трактормен байланысу тәсілінің есебімен тұқым егетін 
агрегаттарды таңдау. Тұқым егетін агрегаттарды таңбалау. Жалпы принципи-
алды құрылғы. Жұмыс істеу қағидасы. Негізгі құрастыратын бірлік. Техноло-
гиялық реттеуіштер.  
Ферма шаруашылықтарында пайдаланылатын егетін машиналар мен агре-
гаттармен  салыстыруда  дәнді  дақылдарды  егуге  арналған  қазіргі  заманғы 
егетін машиналар мен агрегаттардың басымдықтары. 
Тракторды жүргізу амалдары, іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу 
негіздері, иін-бұлғақты тетігі,  цилиндрдің блогі мен бас, бөлгіш тетігі, қозғал-
тқыштардың қуаттану жүйесі, реттеуіштер. Қозғалтқыштарды майлау жүйесі, 
қозғалтқыштарды салқындату жүйесі, қозғалтқыштардың қосу құрылғылары,  
жалғастырғыштар мен беріліс қорабының ілінісуі, артқы белдігі және трак-
торларды жүргізу тетігі, трактордың жүрістік бөлігі, гидравликалық аспалы 
жүйесі және басқа да жабдықтар. Машиналарға  техникалық қызмет көрсе-
ту ережесі. Тозған бөлшектерді профилактикалық ауыстыру, майлау жұмы-
старын жүргізу жоспарлары, маусымдық кезеңде машиналардың сынуымен 
байланысты шығыстарды бағалау.  Кәсіпорында техникалық қызмет көрсету 
бойынша жұмыстарды жүргізуді жоспарлау. Агротехникамен жұмыс істеген 
кезде еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі.
4.  Жоғары және тұрақты өнімдер алу мақсатында өңірде дәнді дақыл-
дарды өсіру технологияларын пайдалану 
Қуаттанудың  биологиялық  ерекшеліктері    және  өңірде  дәнді  дақылдар-
ды  күтіп-баптау  агротехникасы.  Топырақты  дала  жағдайларында  морфо-
логиялық  белгілері  бойынша  зерттеу:  топырақтың  құрылысы  (генетикалық 
қабаттарын  айқындау),  топырақтың  және  оның  жеке  қабаттарының  қуаты, 
түсі, ылғалдылығы, механикалық құрамы, құрылымы, бірігуі, жаңадан пайда 
болуы және қосылуы. Тыңайтқыштар және оларды тиімді пайдалану. Топы-
рақтағы қоректік заттардың балансын белгілеу. Тыңайтқыштардың қолайлы 
мөлшерлерін  белгілеу.  Минералдық  және  органикалық  тыңайтқыштар.  Көк 
тыңайтқыштар. Дәнді дақылдар үшін минералдық қуаттанудың жеке элемент-
терінің  ролі.  Әзірленген  тыңайтқыштарды  енгізу  жүйесінің  экономикалық 
тиімділігін белгілеу. Тыңайтқыштарды енгізуге арналған технологиялар мен 
техника.  Топырақтарды  химиялық мелиорациялау. Өсімдіктерді химиялық 
қорғауға арналған агротехника. Биогеохимиялық циклдар. Тыңайтқыштарды 
тиімді пайдалану жағдайлары. Енгізу мерзімдері мен тәсілдері. Тұқым егетін  
машиналар. Жинау технологиясы және астық  жинау техникасы: тура және 
бөлек комбайндау. Өнімді жинаудан кейін өңдеуге арналған машиналар. Ма-
шиналармен және жабдықтармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы 
ережесі.   

53
5.   Дәнді дақылдарды сақтау және қорғау технологияларын игеру
Астық  қамбалары  мен  қоймаларына  қойылатын:  техникалық,  технологи-
ялы, пайдаланушылық және экономикалық. Астықты орналастыру және сақтау 
режимдері.    Дәнді  дақылдарды  сақтау  тәсілдері.  Сақтаған  кезде  астықтың 
жай-күйінің  көрсеткіштеріне  қойылатын  талаптар:  температурасы,  ылғал-
дылығы, қоспалардың болуы, зиянкестерді жұқтырғандығы және астықтың 
балаусалығы (түсі мен иісі). Астықты қабылдау және элеватордың қоймалары 
мен силостары бойынша орналастыру. Физикалық, химиялық және биологи-
ялық процесстер. Астықтың жай-күйіне бақылауды ұйымдастыру. Сақтаған 
кезде астықтың зиянкестерімен күресу: химиялық өңдеу, тоңазытқыш маши-
налардың  көмегімен  салқындату,    астықты  химиялық  уытсыздандыру,  газ-
бен  уытсыздандыру  (фумигация).  Запастарды  бағалау.  Құжаттама  жүргізу:  
Құқықтық реттеу. Астықты сақтаған кезде тетіктермен жұмыс істеген кезде 
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал