Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/20
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3.   Ауылшаруашылық маркетингтің рөлін ұғыну
Агроөнеркәсіптік  кешенде  және  тұтас  алғанда  ұлттық  экономикада  мар-
кетинг жүйесін, оның функцияларын, рөлін ұғыну.  Ауылшаруашылық мар-
кетингтің тәсілдері мен нысандары. Ауылшаруашылық өндіріс үшін ресур-
стық нарықтар: өңірдің географиялық орналасуы, өнімнің түрі, сату уақыты, 
маркетинг жүйесіндегі деңгейі, әлемдік бағалардың серпінімен салыстыру-
да өңірлік бағаларды талдау. Нарықтың функциялары: айырбастау және баға 
белгілеу. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін басқарудың қазіргі заманғы 
технологиялары, бөлшек саудада және базарда сатуды арттырудың тиімді әді-

37
стері.
Негізгі есеп айырысу түрлері. Пайдалар мен шығындарды есептеу. Кредит-
тер бойынша шығыстар. Бағаларды салыстыру, кредит алу арқылы қолма-қол 
ақшамен  сатып  алу.  Прейскуранттық  баға,  қолма-қол  ақшаға  сатып  алына-
тын тауарларға баға; таза төлем бағасы. 1 кг таза қоректік затқа шығыстары. 
Көптеген тұрақсыз шамалармен есептер. Біріктірілген тыңайтқыштарға (NPK 
тыңайтқышы) шығыстарды шығыстарға, таза төлемдерге қайта есептеу. Са-
тып алу және пайдалану кезінде шығындардың үлесі. 
Маркетинг және сату саласындағы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз 
ету  және  ақпараттық  ресурстар,  сараптау  жүйелері  және  кәсіптік  қызметте 
шешімдерді қабылдауды қолдау, модульдеу және болжамдау  жүйелері. Дер-
бес  компьютермен  және  бағдарламалық  қамтамасыз  етумен  жұмыс  істеген 
кездегі қауіпсіздік техникасы. 
Еңбек  өнімділігіне  әсер  етуші  факторлар.  Эргономиялық  аспектілердің 
есебімен жұмыс орнын ұйымдастырудың негізгі қағидалары.  
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері   
Оқыту нәтижелері, 
осы модульді табысты 
аяқтаудан кейін, білім 
алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН1 Тиісті 
ауылшаруашылық 
агрегаттар мен 
жабдықтарды 
қолданумен жеміс-
көкөніс дақылдарды 
өсіру, қорғау және күту 
технологияларын білуге
 
1.1 
Ауылшаруашылық өндірісі өнімділігінің заңдарын 
ұғынуға;
1.2 
Биогеохимиялық циклдарды білуге;
1.3 
Өсімдіктердің аурулары мен зақымдануының 
белгілерін білуге, белгілі зиянкестердің және пайдалы 
жәндіктердің тіршілік қалпын ұғынуға;
1.4 
Тыңайтқыштардың түрлерін, типтерін, және қолдану 
мерзімдерінің ерекшеліктерін айыра білуге;
1.5 
Жай, кешендік және микро тыңайтқыштардың 
топыраққа, жер асты суларына және өсімдіктерге әсерінің 
сипатын білуге;
1.6 
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды 
айыра білуге;
1.7 
Тыңайтқыштардың қажеттілігін белгілеу 
қағидаларын білуге;
1.8 
Экономикалық өлшемдерге және қажеттіліктерге 
сәйес өсімдіктер үшін топырақтағы әртүрлі 
тыңайтқыштардың арасалмағын талдауға;
1.9 
Тыңайтқыштар үшін сандық есептерді жүргізуге, 
1.10  Топыраққа зерттеу жүргізуге;
1.11  Дәлдігі және өнімділігі бойынша тыңайтқыштарды 
енгізуге арналған машиналардың типін белгілеуге;
1.12  Операциялық есеп айырысуды және кірістік есепті 
жүргізуге; 
1.13  Жеміс-көкөніс дақылдарды өсірудің биологиялық, 
экономикалық, құқықтық және экологиялық салдарын 
сипаттауға; 
1.14  Өсімдіктерді тапсырысқа өсіру бойынша жоспар 
жасауға;
1.15  Қауіпсіздік техниканы және өндірістік санитария 
ережесін сақтауға.

38
ОН2 Жиналған өнімді 
тасымалдау және 
сақтау кезінде жұмыс 
ахуалды өз бетімен 
талдауды талап 
ететін практикалық 
міндеттерді шешуге 
2.1 Еңбекті қорғау және өндірістік санитария саласындағы 
құқықтық және нормативтік базаны білуге;
2.2 Запастар мониторингінің қағидалары туралы және 
оларды бағалауды білуге;
2.3 
 Өнімнің сапасын жақсартудың және тасымалдау 
және сақтау саласында дамытудың қазіргі заманғы 
әдістерін зерделеуге;
2.4 
 Өсірілген өнімді сақтау қажеттілігін негіздеуге;
2.5 
Қоймада физикалық, химиялық және биологиялық 
қызмет көрсету және сақтау процестерін қолдануға;
2.6 
Сақтау бойынша ұсынылатын іс-шараларға 
шығындарды салыстыру және әзірленген экономикалық 
салыстыру схемларының негізінде экономикалық тұрғыда 
тиімді шешімдер қабылдауға;
2.7 
Қоймаға қызмет көрсету бойынша құжаттаманы 
жүргізуге және ұсынуға;
2.8 
Қоймада жеткіліксіз техникалық қызмет көрсетудің 
салдарын талдауға және түсіндіруге.
ОН3 Ауылшаруашылық 
маркетингтің ролін 
ұғынуға тиіс 
3.1 
Маркетингтік құралдар туралы базалық білімдері 
болуға; 
3.2 
Нарықта қалыптасқан жағдайға сәйкес 
кәсіпорынның сату саясатына баға беруге;
3.3 
Ауылшаруашылық өнімді сатудың ең маңызды 
жолдарын белгілеуге;
3.4 
Нарықты және клиенттердің артықшылықтарын 
бақылауға; 
3.5 
Белгілі дақылды сату нарығына талдау жүргізуге;
3.6 
Құжаттаманың түрлерін түсіндіру және сатудан 
табыстарды талдауға;
3.7 
Клиенттермен сату бойынша кәсіптік талқылау 
жүргізуге;
3.8 
Нақты кәсіпорын үшін маркетингтік ілеспе 
әзірлеуге;
3.9 
Сатудан түсімдер туралы кәсіптік құжаттамамен 
қамтамасыз етуге;
3.10  Жаңа өнімдерді сату бойынша ұсыныстарды 
даярлауды машықтануға тиіс.
БЖКМ 04. Ауылшаруашылық малдарды өсіру және ұстау негіздері 
Ауылшаруашылық малдарын ұстау негіздері 
Ауылшаруашылық  малдарға  арналған  жемшөптердің  түрлері  және  азық 
мөлшерлері 
Ауылшаруашылық малдарды ұрықтандыру негіздері 
Ауылшаруашылық малдарды ұстау және күту  
Мақсаттары  мен  міндеттері.  Студенттердің  мал  шаруашылығы  туралы 
базалық  және  негізгі  білімдері  бар:  аймақты  зерттеу,  азықтандыру,  бағу, 
орналастыру және күту.

39
Модульге енгізу
Осы модуль бойынша сабақтардың кәсіптік әрекеттер мен операцияларды 
жүзеге  асыру  үшін  қажет  технологияларды  және  негізгі  жұмыс  техниканы 
білуді  беру  мақсаты  бар.    Сабақтардың  мазмұнына  негізгі  биологиялық, 
физикалық және химиялық аспектілер енгізіледі. Модуль шеңберінде алынған 
базалық білімдерге негізделіп, білім алушылар табысты мал шаруашылығы 
өндірісінің  іс-шараларымен  және  технологияларымен  танысады  және 
бағалауды  үйренеді.  Бұл  ретте,  ірі  қара  малды  өсіру  және  бордақылау, 
сүт  өндіретін  мал  өсіру,  жылқыларды  өсіру,  шошқа  шаруашылығы,  түйе 
шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы және үй қоянын өсіру 
шаруашылығы  сияқты,  осындай  мал  шаруашылығының  салалары  әсіресе 
терең  қозғалады.  Ауылшаруашылық  кәсіпорында  әртүрлі  машиналарды, 
құрылғыларды,  құралдарды  және  малды  ұстау  жазатайым  оқиғаларды 
болдырмау бойынша техника мен нұсқамаларды жете зерделеуді қажет етеді.      
Мал шаруашылығы  саласындағы менеджмент мал шаруашылығы өнімін 
өндіруде табысқа жету үшін өте маңызды болып табылады.  Малдың қолайлы 
нәтижелілігіне  және  жайлы  көңіл-күйіне  жету  үшін,  малдың  ағзаларында 
болып жатқан негізгі   биологиялық және физиологиялық процестерді, мал 
шаруашылығы үй-жайларының микроклиматына, малды азықтандыруға және 
гигиенасына  қойылатын  талаптарды,  сондай-ақ  ауылшарушылық  малдың 
табиғи тәртіп белгілерін білу орталық  маңызға ие болады. Бұл білімдер және 
де мал шаруашылығы саласында басқа тақырыптарды зерделеу үшін талап 
болып табылады.  
Модульде оның шеңберінде мал шаруашылығы салалары мен бағыттарының 
тұтастығын  негізіне  ала  отырып,  мал  шаруашылығының  өндірістік 
технологияларын сипаттау және бағалау машықтары қалыптасатын өндірістік 
оқыту бөлімдері бар.  
Оқыту нәтижелері:  
ОН 1. Ауылшаруашылық малдарды ұстау негіздерін игеру   
ОН 2. Әртүрлі жемшөп түрлерінің мақсатын түсіндіру және малға берілетін 
азық мөлшерін есептеу  
ОН3. Ауылшаруашылық малдарды ұрықтандыру негіздерін білу  
ОН 4. Ауылшаруашылық малдарды ұстаудың және күтудің маңыздылығын  
ұғыну  
 
Модульдің мазмұны
1.  Ауылшаруашылық малдарды ұстау негіздерін игеру
Мал  шаруашылығы  салалары  үшін  табиғи  және  өңірлік  жағдайлар  ауыл 
шаруашылықты  экологиялық  жүргізудің  негізгі  идеясы.  Жемшөп  базасы: 
мал  шаруашылығы  үшін  жемшөп  запастары  және  оларды  алу  көздері. 
Негізгі  қағидалар:  аудандарының,  егіс  айналымының,  топырақтардың  және 
өсімдіктерді қорғаудың есебімен мал шаруашылығы. Қауіпсіздік техникасы 
және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік  санитария мен гигиена.
2.  Әртүрлі  жемшөп  түрлерінің  мақсатын  түсіндіру  және  малдарға 
берілетін азық мөлшерін есептеу 
Жемшөп сыныптамасы. Жемшөпті тұтыну, олардың негізгі құрауыштары, 

40
қоректік  заттар  мен  белсенді  ингредиенттердің,  ас  қорыту,  сіңіру 
функциялары.  Сіңімділігі. Қоректік заттардың бұзылуы. Заттардың алмасуы. 
Жануарлардың  ағзасында  қоректік  заттарды  пайдалану.  Нетто-лактация 
энергиясы.  Айналатын  энергия.  Крахмалдық  баламасы.  Қолдаушы  және 
өнімдік  жемшөпте  тұтынушылығы.  Құрауыштарға  қойылатын    минималды 
талаптар: шикі өзегі,  энергия, Ca, P. Минералдық заттар. Тағамдық қоспалар. 
Дәрумендер. Жемшөптің құрауыштары және олардың маңызы. Құрғақ зат. Су. 
Шикі ақуыз. Майлар. Шикі өзек. Азотсыз экстрактивтік заттар. Жеке мал түрі 
үшін, негізгі құрауыштар және олардың маңызы.    
Жемшөптің сапасын және нормалауды бақылау пункттері. Құрғақ заттың 
үлесін есептеу. Өңірдің әдеттегі шемшөп құралдары.  Ең маңызды құрауыштар.   
Жемшөп  азық  мөлшерідарының  жай  есептері.  Жемшөп  азық 
мөлшерідарының көп факторлық есептері.  
Қаттау, сақтау, шығындар, сапа стандарттары.
3.  Ауылшаруашылық малдарды ұрықтандыру негіздерін білу
Экстерьердің,  дене  бөліктерінің  сипаты.  Тері  және  оның  туындылары. 
Сүйектері  мен  қаңқасының  құрылысы.  Бұлшықеттердің  маңызы.  Қанның 
құрамы.  Қан  айналымы:  жүрек,  тамырлар.  Тыныс  алу  және  ас  қорыту 
органдары.
Органдардың  орналасуы,  жыныстық  органдар,  эструсты,  кемелденуді 
гормоналды бақылау. Малдың жыныстық өніп-өсуі: ұрықтық жасушаның пайда 
болуы, ұрықтандыру, қосу және ұрықталу, эмбрионалдық даму, партеногенез. 
Тұқым  қуалау  белгілерінің  тасушысы  ретінде  хромосомдар.  Мендельдің 
тұқым қуалаушылық заңдары: біркелкілік заңы, тәуелсіз тұқым қуалау заңы, 
тәуелсіз  ыдырау  заңы.    Тұқым  қуалау  тәртібі:  басым  болу,  рецессивтік, 
аралық.  Ауылшарушалықы  малды  практикалық  өсірудің  негізгі  ұғымдары 
және  технологиялары:  ұрықтандыру,  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығы, 
будандастыру. Будандастыру түрлері: гибридтау, имбридинг, некелік күйлеу 
маусымы. Биотехнологиялар: қолмен ұрықтандыру, эмбрионды салу. Гендік 
технологиялар. Имбридинг (инцухт-сызықтары).
4.  Ауылшаруашылық 
малдарды 
ұстаудың 
және 
күтудің 
маңыздылығын  ұғыну
Мал  шаруашылығы  фермалары  мен  кешендерінің  жалпы  құрылысы, 
орналасуы  және  санитариялық-техникалық  жабдықтары.  Типтері, 
жоспарлануы  және  малдың  орпналасуы.  Малдың  түрінен  тәуелді  үй-
жайлардың  желдеткішіжәне  оларға  жылу  беру,  жылумен  қамтамасыз  ету, 
жарықтандыру.  
Атмосфералық  факторлардың  және  үй-жайлардың  микроклиматының 
ауылшаруашылық  малдың  денсаулығына  әсері.  Мал  шаруашылығы  үй-
жайларына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.  Малды қорада 
бағу гигиенасы.  
Паразит  және  паразит  емес  сырқаттардың  белгілері  мен  себептері.  Даму 
жағдайлары және өмірлік цикл, мысалы: бауыр фасциолдары. 
Профилактикалық іс-шаралар, мысалы: Мал шаруашылығы үй-жайларының 
микроклиматы,  ұстау,  азықтандыру,  профилактикалық  егулер,  карантин,  
тұяқтарын күті.  
Малдың  денсаулығы  мәселелері  жөніндегі  ұйымдар:  ветеренариялық 
қызмет. Құқықтық негіздер.

41
 Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту 
нәтижелері, 
осы модульді 
табысты 
аяқтаудан кейін, 
білім алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН 1. 
Ауылшаруашылық 
малды ұстау 
негіздерін игеруге   
1.1 
Мал  шарушалығын  дамыту  үшін  негізгі  факторларды 
белгілеу;
1.2 
Экологиялық жүргізудің қағидаларын дәлелдеуге және мал 
шаруашылығы салалары үшін өңірлік жағдайларды пайдалануға;
1.3 
Табиғи  және  өңірлік  жағдайлардың  есебімен  малдардың 
түрін талдауды негіздеуге.
ОН 2. Әртүрлі 
жемшөп 
түрлерінің 
мақсатын 
түсіндіруге және 
малға берілетін 
азық мөлшерін 
жасауға  
2.1 
Жемшөптердің сапалық сипаттамаларын айқындауға және 
стандарттармен салыстыруға; 
2.2 
Түріне сәйкес малдарды дұрыс азықтандыруды түсіндіруге;
2.3 
 Малдардың түрлері бойынша азық мөлшерлерінің үлгілі 
есептерін жүзеге асыруға;
2.4 
Азықтандыру процесінің жоспарын жобалауға;
2.5 
Жемшөптерді қаттау және сақтау ережесін сақтауға;
2.6 
Қауіпсіздік техника ережесін орындауға.
ОН3. 
Ауылшаруашылық 
малды 
ұрықтандыру 
негіздерін білуге  
3.1 
Өніп-өсу және тұқым қуалушылық негіздерін білуге; 
3.2 
Малдарды 
практикалық 
өсірудің 
қолданылатын 
технологиялары мен әдістерін сипаттауға;
3.3 
Түрлері бойынша малдың өніп-өсу кестесін құруға. 
ОН4. 
Ауылшаруашылық 
малды ұстаудың 
және күтудің 
маңыздылығын  
ұғынуға тиіс   
4.1 
Малды ұстау мен күтудің негізгі талаптарын түсіндіруге;
4.2 
Үй  малының  тұқымының  (дене  бітімінің)  және  өнім 
өндіруінің арасындағы өзара байланысты түсіндіруге; 
4.3 
Жанауарларды  ұстау  бойынша  АБЖ  пайдалануды 
негіздеуге; 
4.4 
Малдың  денсаулығын  сақтау  бойынша  санитариялық-
гигиеналық талаптарды орындауға; 
4.5 
Қауіпсіздік  техникасы  және  қоршаған  ортаны  қорғау 
ережесін сақтауға;
4.6 
Ферма шаруашылығы жұмысының нәтижелерін бағалауға 
тиіс.
БЖКМ 05. Жүргізудің теориялық курсы: тракторшы-машинисі негізі 
куәлігін алу үшін (III сынып) (А, В, Г санатты)
Мақсаты: Жүргізу курсы бойынша негізгі теориялық мазмұнын хабарлау. 
Студенттер жол жүру ережесінің, көлік құралдарын жүргізу процесіндегі жеке 
тәртібінің, көлік құралдарының жол жүру қауіпсіздігі ережесінің, сондай-ақ 
оқиға болған жерде негізгі тәртіп ережесінің білімдерін алуға тиіс.  
Модульге енгізу
Колледж  әр  білім  алушыға  III  сыныпты  тракторшы-машинисі  куәлігін 
(А,В,Г санаттары) алу мүмкіндігін ұсынады, ал атап айтқанда:

42
Тракторды,  өздігінен  жүретін  машиналарды  жүргізу  бойынша  оқытудың 
теориялық мазмұны және трактор техникасы, оған техникалық қызмет көрсету 
және  күту  мәселелері  жөніндегі  оқытудың  практикалық  мазмұны  кәсіптік 
модульдердің мазмұнын зерделеген кезде сабақтарда ашылады. 
Әр білім алушы үшін, колледж сағаттар кестесінен тыс сабақтардан тыс 
уақытта трактор мен комбайнды жүргізу бойынша практикалық білімдердің 
мүмкіндігін ұсынады. Осы жүргізу курсы бұдан әрі III сыныпты тракторшы-
машинисінің куәлігін алу үшін, практикалық және теориялық емтихан алумен 
аяқталады.  Сонымен  қатар  III  сыныпты  тракторшы-машинисінің  куәлігі 
жалпы қолданыстағы жолдарда жүру құқығын береді. 
Жүргізуге оқыту бойынша практикалық сабақтар үшін, әр білім алушыға 
тіркемесі және аспалы құралдары бар тракторда және комбайнда жүргізудің  
сағатты көзделді.  
Модульдің мазмұны
Жүргізушінің жеке басына қойылатын талаптар: көру қабілетіне қойлатын 
талаптар,  шоғырлану,  шаршағандығы  және  тиянақсыздығы,  алкоголь  мен 
есірткіні  тұтынуы,  психикалық  және  әлеуметтік  алғышарттары,  тәуекелдің 
адами факторы (үрей, күйзелу, өзін өзі қайта бағалау және өзге) 
Жол жүру қатысушыларының міндеттері: көлік құралдарын жүргізу,  көлік 
құралдарын  тестілеу  және  рұқсат  беру,  сақтандыру,    көлік  құралдарының 
техникалық төлқұжаты, жүргізуші куәлігі  (сыныптары).
Көлік құралын жүргізуге қажет құжаттар.  
Жол жүру қатысушыларының міндеттері: жүргізушінің, жолаушылар мен 
жаяу жүргіншілердің. 
Арнаулы автомобильдердің қозғалысы (полиция, медициналық, өрт, әскери 
полиция  қызметтері),  мүгедек  жүргізушілердің,  көлік  құралын  жүргізген 
кездегі құжаттардың тізбесі 
Көше  қозғалысының  жүйесі  және  оны  пайдалану.  Жол  белгілері  және 
көлік құрылыстары (теміржол өткелдерінің қоса алып). Көлік құрылыстары. 
Басымдық  өтудің  және  жүру  кезектілігінің  ережесі.    Теміржол  өткелдері. 
Теміржол өткелдеріндегі қауіпсіз және экологиялық тұрғыда саналы тәртібі. 
Жылдамдық пен қауіпсіз қашықтық. Өозғалыс жолағының жай-күйі және ауа-
райы жағдайлары. Қоршаған орта үшін қауіпсіз жүргізу.  Қозғалыс маневрі. 
Көлік  құралдарын  жүру  қауіпсіздігіне  бақылау.  Көлік  құралдарының  жүру 
қауіпсіздігі. 
Жол-көлік оқиғалары. ЖКО қатысушылары әрекеттерінің жүйелілігі. Оқиға 
орнында алғашқы жәрдем көрсету.  

43
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту нәтижелері, 
осы модульді 
табысты аяқтаудан 
кейін, білім алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН1 Жол жүру және 
көлік құралдарының 
жүру қауіпсіздігі 
ережесін білуге
1.1 
ҚР маңызды жол жүру ережесін білуге және сақтауға;
1.2 
Жол  белгілерін,  белгілеу  және  таңбалау  түрлерін,  жол 
жүруді  ұйымдастырудағы  жарық  сигналдары  мен  белгілерін, 
олардың  сыныптамаларын  және  маңызын  білуге.  Олардың 
орындалуын сақтауға;
1.3 
Басымдық  өту  ережесін,  теміржол  өткелдерін  өту 
ережесін білуге және сақтауға;
1.4 
Жүргізушінің жеке және өзін тиісті түрде ұстау  тәртібін 
дұрыс бағалауға;
1.5 
Жүру  қауіпсіздігін  және  көлік  құралын  пайдалану 
бойынша талаптарды білуге және қолдануға.
ОН2. Жүргізушінің 
жол-көлік 
оқиғасының 
орнында тәртібінің 
сипатын білуге  тиіс
2.1 
Әректтердің  жүйелілігін  білуге  және  жол-көлік 
оқиғалары туындаған кезде, оларды дұрыс қолдануға, дәрігерге 
дейінгі көмекті көрсету туралы жалпы ұғым болуға тиіс.  
КМ 01 Өндірістік жоспарлау, жұмысты даярлау және бақылау, бухгал-
терлік есеп  
  
Мақсаты: 
Студенттер ферма шаруашылықтарында өндірісті жоспарлау, жұмыс про-
цестерін даярлау және тіркеу туралы базалық білімдері болуға тиіс. Олар бух-
галтерлік есеп қағидаларын білуге тиіс.  
Модульге енгізу
«Өндірістік жоспарлау, жұмысты даярлау және бақылау, бухгалтерлік есеп» 
модулі бойынша сабақтардың оқуышларды олардың кәсіптік мансаптарының 
алғашқы сатыларында ұйымды жоспарлаудың негізгі ұғымдарымен және өн-
дірісті ұйымдастырудың негізгі, сондай-ақ жоспарлау, ұйымдастыру және құ-
жаттандыру  бойынша  осы    операциялармен  байланысты   функцияларымен 
таныстыруға мақсаты бар.    «Фермер» біліктілігі бар білім алушылар өз шек-
телген  еңбек  тапсырмаларының  шегінде  жоспарлау,  ұйымдастыру,  басқару 
және құжаттандыру бойынша осы операцияларды өздігінше орындайды деп 
күтіледі.  
Осы модуль білім алушылармен өндірістің ауылшаруашылық техноллгояи-
ларын бағалау және сипаттау мәселелерін ұғынуға ықпал етеді, оларды тиісті 
құжаттамамен және ауылшаруашылық кәсіпорындарда қабылданған бағалау 
әдісімен таныстырады, сонымен кәсіптік өзін-өзі жетілдурге және басшы дең-
гейіне дейін дамуына қызығушылықты нығайтады.  

44
Модуль  бойынша  сабақтар  өндірістік  технологиялық  процестерді  жалпы 
ұғынуға және кәсіпорын экономиксы, кәсіпорынды ұйымдастыру, орындалған 
жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді есепке алу, қызмет нәтижелерін 
бақылау, сондай-а өндірістік жоспарлау сияқты салаларда өзара байланысқа 
ықпал ететін базалық білімдер береді.   Компанияның жұмысын ұйымдастыру 
және жоспарлау, материалдық-техникалық құралдар мен жабдықтарды, жер 
ресурстарын пайдалану, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында өн-
дірістік процесстерді ұйымдастыру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау, 
сақтандыру. Сабақтардың мазмұнына бухгалтерлік есеп негіздерінің мәселе-
лері: кәсіпорынның балансдік тараптары, операциялық есептері, кірістілікті 
есепке алу және калькуляциялық аспектілері де кіреді.                      
Оқыту нәтижелері
ОН1. Бухгалтерлік есептің негіздерін қолдану;
ОН2. Кәсіпорында мүлікке бағалауды жүзеге асыру және баланстің құрылы-
мын білу;
ОН3. Шоттар жоспарының жіктемесін, сондай-ақ қаржылық есептілік жа-
сауды білу; 
ОН4. Өндіріс шығыстарына есептер және кірістілікке есеп жүргізу.
1. Бухгалтерлік есептің негіздерін қолдану
Бухгалтерлік  есептің  мақсаттары  мен  маңызы.  Бухгалтерлік  есептің  мін-
деттілігі.
Тиісті бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары: айқындық, дұрыстық, абай-
лаушылық, ағымдағы есеп құжаттамасы. Салық және бухгалтерлік есеп. Бух-
галтерлік есеп шоттарының және қос жазбасының жүйесі. Бастапқы баланс. 
Ағымдағы өткізбе. Пайдалар мен шығындардың есебі. Жылдық баланс
2.  Кәсіпорында  мүлікке  бағалауды  жүзеге  асыру  және  баланстың 
құрылымын білу
Мүлік көздері. Мүлік түрлері. Жіктеу. Түгендеу тізімдемесі. Мүлікті баға-
лау.  Түгендеу.  Түгендеу  жүргізудің  әртүрлі  мүмкіндіктері.  Үлгі  кәсіпорын-
дағы мүліктің түрлері.  Үлгі кәсіпорында мүлікті есепке алу. Үлгі кәсіпорында 
мүлікті бағалау. Үлгі кәсіпорындағы түгендеу. Баланс құрылымы. Баланстың 
құрауыштары. Баланстық тараптар: қаражаттың пайда болуы және олардың 
шығуы,  меншік  капиталды  белгілеу,  шаруашылық  операцияларға  байланы-
сты баланстың өзгерістері.
3. Шоттар жоспарының жіктемесін, сондай-ақ қаржылық есептілікті 
жасауды білу
Шоттарды  жіктеу.  Шоттардың  жоспары.  Бухгалтерлік  кітаптар  бойынша 
түгендеу және қорытынды шоттарға өткізу: шоттарды ашу, жай және күрделі 
өткізбелермен ағымдағы бухгалтерлік жазбалар, пайдалар мен шығындардың 
шоттары  арқылы  шоттарды  жабу,  қорытынды  баланстың  шоты.  Баланстың 
есебін айыру. Құжаттама өткізбелерін жасау және сақтау. Есепке алу журна-
лында, бас кітапта жазбалар жүргізу.
Салыстыру жолымен бақылау: дебет пен кредиттің, бухгалтерлік жазбалар-
дың, банктік сальдо мен шоттардың үзінді-көшірмелерінің сомалары. Дұрыс 

45
орындалмаған жазбаларды түзету.  
Сальдолау: белсенді және пассив түгендеу шоттарды, қаржылық активтер 
мен борыштық міндеттемелерді, кірістік және шығыстық шоттарды, дербес 
шоттарды, заттай және ақшалай есепке алуды, түгендеу тізімдерді. Шыққан 
және түскен сомалар үшін түзетуші бухгалтерлік өткізбелерді жүргізу: амор-
тизация, жеке қолданудан алу, салымдар, үлестер.
Пайда мен шығындардың есебі, меншік капиталды, бастапқы және қоры-
тынды балансты салыстыру арқылы салықтық пайданы белгілеу.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал