Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4


КМ 03-3 Жеміс-көкөніс дақылдарды өсіру



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#9648
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

КМ 03-3 Жеміс-көкөніс дақылдарды өсіру  
Мақсаты 
Өнімді  егуден  жинауға  дейін  жеміс-көкөніс  дақылдар  туралы  кешендік 
білімдер алу.
Модульге енгізу
Білім алушылар жерді зерттеу, жерді жырту және өңдеу, өнімді өсіру, күту, 
жинау және сақтау орындарына тасымалдау, сондай-ақ жеміс-көкөніс дақыл-
дарды  өндіру  бойынша  өңірлердің  мамандану  картасының  есебімен  сатуға 
тұтынушыларға  жеткізу  іс-шаралары    мен  салалық  технологияларын  тіке-
лей модульде зерделейді және бағалайды. Осы модуль жазатайым оқиғалар-
ды болдырмау бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесін 
сақтап, жерді өңдеу, тыңайтқыштарды енгізу, өсімдіктерді қорғау, өнімді жи-
нау, тасымалдау және сақтау үшін, механикаландырылған агрегаттарды, ас-
палы және тіркемелі құралдарды, автомобильдерді, тракторлар мен комбайн-

64
дарды  пайдалану бойынша тақырыптарды қамтиды.
Оңтайлы  өсу  жағдайларын  жасау  үшін,  топырақта  болып  жатқан  негіз-
гі  биологиялық  және  физиологиялық  процестер  бойынша,  жеміс-көкөніс 
дақылдар  және  олар  үшін  зиянды  ағзалар,  сондай-ақ  тыңайтқыштарды  ен-
гізу жолымен өнімділікті және сапаны арттыру бойынша, өсімдіктерді күту 
және қорғау бойынша іс-шаралар, жинау және сақтау технологиялары туралы 
білімдер  алу  қажет.    Бұл  ретте,  бірінші  кезекте  өнімнің  сақтандығын  және 
қайта өңдеу өнеркәсібінің талаптарына сәйкес келетін пайдалы және жоғары 
сапалы шикізатты өндіруді қамтамасыз ету тұр. 
Кәсіпорынды табысты дамыту үшін, өндірістік процестерді және кәсіпо-
рынның  экономикасы  және  оны  ұйымдастыру,  орындалған  жұмыстар  мен 
көрсетілген қызметтерді есепке алу, қызмет нәтижелерін бақылау, сондай-ақ 
өндірістік  жоспарлау  сияқты  салаларында  өзара  байланысты  ұғыну  маңы-
зды.  Модульдің  мазмұнына  негізгі  сауда  –коммерциялық  және  калькуляци-
ялық аспектілер, құнын ұғыну енгізілді. Дәл есептер ғана кәсіпорынның қа-
ражатын  пайдалану  бойынша  смета  жасау  табысқа  не  шығынға  жету  үшін 
шешуші болып табылады деп ұғынуға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп, 
операциялық есептер, кірістілік есебі базалық білімдер береді және өндірістік 
деректерді есепке алуды және бағалауды орындау үшін, сондай-ақ ауылша-
руашылық кәсіпорындарында операцияларды есепке алу үшін машықтарын 
қалыптастырады. Деректерді электрондық өңдеуді қолданумен есептеу үшін, 
жеміс-көкөніс дақылдарды өсіру қызметінің саласынан алынған, белгілі мы-
салдар пайдаланылады.
Осы модуль білім алушыларға өндірістік оқытуда және кәсіптік практикада 
машықтарын, дағдылары мен кәсіптік құзыреттерін қалыптастыру жолымен 
алынған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Оқыту нәтижелері: 
ОН1 Жеміс-көкөніс дақылдарды өндірудің негізгі факторларын білу;
ОН2 Жеміс-көкөніс дақылдарды өсіру үшін, топырақты егу алдында өңдеу 
технологияларын игеру;
ОН3 Жеміс-көкөніс дақылдарды отырғызу технологияларын қолдану;
ОН4 Жоғары және тұрақты өнімдер алу мақсатында өңірде жеміс-көкөніс 
дақылдарды өсіру технологияларын пайдалану;
ОН5 Жеміс-көкөніс дақылдарды сақтау және қорғау технологияларын иге-
ру;  
ОН6 Оңтайлы сатуды ұйымдастыруға бағдарланған кәсіпорынды басқару 
ретінде маркетингті ұсыну 
1.  Жеміс-көкөніс дақылдарды өндірудің негізгі факторларын білу
Тамақтануда  жемістер  мен  көкөністердің  маңызы.  Өңірде  жім-көкөніс 
дақылдарды өсіру және дамыту үшін табиғат-климаттық жағдайлары. Ферма 
шаруашылығынң орналасуына әсер етуші факторлар.    
Өңірдің  экологиялық  балансы  мен  экологиялық  проблемалары,  шару-
ашылықтың  орналасуының  есебімен  өндірісі.  Биогеохимиялық  циклдар: 
көміртегі циклы, азот циклы,  күкірт циклы,  фосфор циклы. Өңірде топы-
рақтың пайда болуына әсер етуші факторлар. Топырақтардың механикалық 
құрамы, құрылымы және типтері. Топырақтың құнарлығын сақтау және егі-

65
стердің  қайтарымдылығын  арттыру  жағдайлары.  Әдеттегі  жеміс-көкөніс 
өнімнің өндірісін өңірлік талдау. Жеміс түрлерін жіктеу және сипаттамалары: 
дәнді, сүйекті, жидектер, субтропикалық, тропикалық, жаңғақ жемісті және 
көөкөніс дақылдары: вегетативтік және генеративтік. Жеміс-көкөніс дақыл-
дардың егіс айналымындағы орны. Ұсынылған егіс айналымдарының схема-
лары. Егіс айналымдарындағы тыңайтқыштардың жүйесі.  
Биологиялық  әртүрлілік  туралы  тұжырымдама  (БӘТ).  Табиғи  экожүйе-
лердің, агроэкожүйелердің, микробтық әлемінң биоәртүрлілігі.  Биологиялық 
әртүрліліктің негізгі беталысы және әлсіреу себептері. Өңір аумағында биоло-
гиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау басымдықтары мен шаралары.  
Өндірістің негізгі факторы ретінде жер ресурстары. Еңбек ресурстары. Не-
гізгі және айналмалы капитал. Жеміс-көкөніс дақылдары өндірісінің тиімділі-
гне әсер етуші факторлар.  Өңірдегі сату нарығы: мақсаттары, ерекшеліктері, 
проблемалары және оларды шешу жолдары.
2.  Жеміс-көкөніс дақылдарды өсіру үшін, топырақты егу алдында өң-
деу технологияларын игеру 
Топырақтың  құрылымы,  топырақтың  құнарлығы,  субстраттар,  жеміс-
көкөніс дақылдарға қойылатын талаптар. Аймақ топырағының және ауасы-
ның  ылғалдылығы және өңірдегі суару түрлері. Егуге топырақты өңдеу. Егу 
алды өңдеуге және егуге даярланған топыраққа қойылатын агротехникалық 
талаптар: топырақтың бетін өңдеу, қосымша өңдеу және отырғызуға дайын-
дау. Топырақ өңдейтін техниканың элементтері және олардың функциялары: 
соқының, қопсытқыштың, тырманың конструктивтік элементтері.  Тракторды 
жүргізу амалдары, маңызы және жұмыс қоспаның мәжбүрлі (ұшқындық) тұта-
нуымен іштен жанатын қозғалтқыштың, иін-бұлғақты тетігінің,  цилиндрдің 
блогі мен басының, бөлгіш тетігінің, қозғалтқыштардың қуаттану жүйесінің, 
реттеуіштердің  жұмыс  істеу  қағидасы.  Майлау  материалдарының  маңызы. 
Мотор майы үшін нұсқамасының нормалары:  шаруашылықта қолданылатын 
майдың жабысқақтығы сыныбы, сапасын жітеу, қысқы және жазғы түрлері.  
Қозғалтқыштарды  майлау  жүйесі,  қозғалтқыштарды  салқындату  жүйесі, 
қозғалтқыштардың қосу құрылғылары,  жалғастырғыштар мен беріліс қора-
бының ілінісуі, артқы белдігі және тракторларды жүргізу тетігі, трактордың 
жүрістік бөлігі, гидравликалық аспалы жүйесі және басқа да жабдықтар, трак-
торларға техникалық қызмет көрсету.  Машиналар мен жабдықтарды күрделі 
жөндеу, жөндеу туралы жалпы мәліметтер. Машиналар мен агрегаттарға тех-
никалық  қызмет  көрсету  ережесі.  Тракторлар  мен  автомобильдерде  жұмыс 
істеген кезде, еңбек қауіпсіздігі  және өрт қауіпсіздігі.
3.  Жеміс-көкөніс дақылдарды отырғызу технологияларын қолдану  
Жеміс-көкөніс  дақылдардың  түрлері  мен  сұрыптары,  өнгіштігі,  даму  ке-
зеңдері, зат  алмасу, пісу  мерзімдері, жетілуі, сұрыптарды өзара салыстыру. 
Жеміс-көкөніс дақылдарды егеуге арналған технологиялар мен машиналар. 
Өсімдіктерді  егу  және  отырғызу  технологиясын  пайдаланған  кезде  жеміс-
көкөніс дақылдарды отырғызуға (қорғалған және ашық топырақ) агротехни-
калық және технологиялық талаптар, сондай-аө егіс жұмыстарын жүргізуге 
арналған  жабдықтар:  шашыранды  енгізу,  қатарлы  себу,  үзік-үзік  себу,  кө-
шеттер,  механикалық  тәсілдер,  пневматикалық  тәсілдер,  көкөніс  дақылда-

66
рын отырғызуға арналған техника. Сепкіштердің конструктивтік элементтері 
және олардың функциялары: дән жәшігі, дән жеткізгіш және бөлгіш, нығы-
здау және тегістеу.  Егіс жұмыстарын жүргізуге арналған конструктивтік эле-
менттер.  Құрамдастырылған  сепкіштің  жалпы  құрылысы  және  технологи-
ялық процесі, дәндерді себу нормаларын реттеу.  
Сапалы егу талаптары. Жұмысты ұйымдастыру және қолдану жағдайлары-
ның, жұмыс органдарын құрастырудың,  тұқым себетін аппараттар типінің, 
тәжі  түрінің,  тұқым  алмасу  тәсілінің  және  трактормен  байланысу  тәсілінің 
есебімен тұқым егетін агрегаттарды таңдау. Тұқым егетін агрегаттарды таң-
балау. Жалпы принципиалды құрылғы. Жұмыс істеу қағидасы. Негізгі құра-
стыратын бірлік. Технологиялық реттеуіштер.  
Ферма шаруашылықтарында пайдаланылатын егетін машиналар мен агре-
гаттармен салыстыруда жемістер мен көкөкністерді егуге арналған қазіргі за-
манғы егетін машиналар мен агрегаттардың басымдықтары. 
Тракторды жүргізу амалдары, іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу 
негіздері,  иін-бұлғақты  тетігі,    цилиндрдің  блогі  мен  басы,  бөлгіш  тетігі, 
қозғалтқыштардың  қуаттану  жүйесі,  реттеуіштер.  Қозғалтқыштарды  май-
лау  жүйесі,  қозғалтқыштарды  салқындату  жүйесі,  қозғалтқыштардың  қосу 
құрылғылары,  жалғастырғыштар мен беріліс қорабының ілінісуі, артқы бел-
дігі және тракторларды жүргізу тетігі, трактордың жүрістік бөлігі, гидравли-
калық аспалы жүйесі және басқа да жабдықтар. Машиналарға  техникалық 
қызмет  көрсету  ережесі.  Тозған  бөлшектерді  профилактикалық  ауыстыру, 
майлау  жұмыстарын  жүргізу  жоспарлары,  маусымдық  кезеңде  машиналар-
дың сынуымен байланысты шығыстарды бағалау.  Кәсіпорында техникалық 
қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізуді жоспарлау. Агротехникамен 
жұмыс істеген кезде, еңбек қауіпсіздігі және  өрт қауіпсіздігі.
4.  Жоғары  және  тұрақты  өнімдер  алу  мақсатында  өңірде  жеміс-
көкөніс дақылдарды өсіру технологияларын пайдалану
Қуаттанудың биологиялық ерекшеліктері  және жабық және ашық топы-
рақта  жеміс-көкөніс  дақылдарды  күтіп-баптау  агротехникасы.  Топырақты 
дала жағдайларында морфологиялық белгілері бойынша зерттеу: топырақтың 
құрылысы (генетикалық қабаттарын айқындау), топырақтың және оның жеке 
қабаттарының қуаты, түсі, ылғалдылығы, механикалық құрамы, құрылымы, 
бірігуі, жаңадан пайда болуы және қосылуы. Топырақтағы қоректік заттар-
дың балансын белгілеу. Тыңайтқыштар және оларды тиімді пайдалану. Тыңай-
тқыштардың қолайлы мөлшерлерін белгілеу. Минералдық және органикалық 
тыңайтқыштар. Табиғи көк тыңайтқыштар: сидераттық дақылдарды таңдау 
ережесі және және оларды топыраққа салу тәсілдері. 
Минералдық  қуаттанудың  жеке  элементтерінің  ролі.  Әзірленген  тыңай-
тқыштарды  енгізу  жүйесінің  экономикалық  тиімділігін  белгілеу.  Тыңай-
тқыштарды  енгізуге  арналған  технологиялар  мен  техника:  органикалық, 
минералдық  тыңайтқыштар,  минералдық  тыңайтқыштарды,  сұйық  тыңай-
тқыштарды,  қатты  көңді,  сұйық  көңді  енгізу;    дәл  мөлшерін  шашқыш,  ра-
диалдық  шашқыш,  дисктік  шашқыш,    қатты  көңді  шашқыш,  сұйық  төсем-
сіз тыңайтқышты енгізуге арналған машина. Машиналар мен жабдықтардың 
конструктивтік элементтері және олардың функциялары:  минералдық тыңай-
тқыштарды  енгізуге  арналған  машиналардың  конструктивтік  элементтері,  

67
сұйық  тыңайтқыштарды  енгізуге  арналған  машиналардың  конструктивтік 
элементтері,  қатты  көңді  шашқыштың  конструктивтік  элементтері,  сұйық 
төсемсіз  тыңайтқышты  енгізуге  арналған  машинаның  конструктивтік  эле-
менттері.
Топырақтарды  химиялық мелиорациялау. Енгізу тәсілі (шприцтеу, бүрку, 
себу, аэрозольмен тозаңдату және өзгелер), дамыту кезеңі (топырақты өңдеу, 
дәрілеу, пішенді өңдеу және өзгелер), зияндылығы шегінің қағидасы бойын-
ша алдын алу немесе емдеу бойынша өсімдіктерді қорғау бойынша іс-шара-
лар жүргізуге арналған технологиялар мен жабдықтар. Қорғау іс-шараларын 
жүргізуге  арналған  жабдықтардың  конструктивтік  бөліктері  және  олардың 
функциялары: дәрілеуіштердің конструктивтік бөліктері, сепкіштің конструк-
тивтік  бөліктері;  сорғы  жүйелері  сепкіштерініғ  конструктивтік  бөліктері,  
тоңаздатқыштардың  түрлері.    Биогеохимиялық  циклдар.  Тыңайтқыштарды 
енгізу мерзімдері мен тәсілдері. 
Өнімді жинау технологиясы және өнім жинайтын техника: тура комбайндау 
технологиясы, бөлек  комбайндау; жинау технологиялық тізбесі және жұмы-
старды кәсіптік бөлу; арнауллы техника (картоп жинайтын комбайндар, қант 
қызылшасын жинауға арналған комбайндар).  
Өнім жинайтын техниканың конструктивтік бөліктері және олардың функ-
циялары:    комбайнның    конструктивтік  бөліктері,  басқа  да  өнім  жинайтын 
техниканың конструктивтік бөліктері. Өнімді жинау технологиясы, өнім жи-
найтын машиналар  мен агрегаттар.   Машиналармен және жабдықтармен жұ-
мыс істеген кезде, қауіпсіздік техникасы ережесі.
5.  Жеміс-көкөніс дақылдарды сақтау және қорғау технологияларын 
игеру  
Жеміс-көкөніс  дақылдарды  сақтауды  ұйымдастыру.  Сақтау  орындарына 
қойылатын талаптар: техникалық, технологиялы, пайдаланушылық және эко-
номикалық. Орналастыру және сақтау режимдері.  Сақтау тәсілдері: үйіп-тө-
гіп сақтау, ауа құбырларының орналасу. Контейнерде сақтау, салқындату схе-
масы, контейнерлік сақтаудың басымдықтары мен кемшіліктері. Жемістерді 
сақтау, жемістерді сақтау режимдерінің кестесі. 
Сақтаған кезде өнімнің жай-күйінің көрсеткіштеріне қойылатын талаптар: 
температурасы, ылғалдылығы, зиянкестерді жұқтырғандығы. Жеміс-көкөніс 
дақылдарды қабылдау және сақтайтын жерлер мен қоймаларға орналастыру 
жоспары. Жемістерді сақтау технологиясы: жемістердің ішінде болып жатқан 
биохимиялық процестерге этиленнің, көмірқышқыл газының, оттегінің әсері.   
Шіруді,  өнуді,  ылғалдың  булануын  болдырмайтын,  бірақ  жемістердің  тау-
арлық түрі мен тағамдық құндылықтарын жоғалтуға  әкелетін құрамдармен 
жемістердің үстін қосымша өңдеу: формальдегидпен, хлор суымен, күкіртті 
ангидридпен өңдеу, озондау, парафиндеу, балауыз бүрку, көөіністер мен жемі-
стерге ультрафиолетпен әсер ету. 
Үйіп-төгіп сақтаған кезде және контейнерлік сақтау кезінде үй-жайларға 
қойылатын талаптар.  
Жеміс-көкөкніс  дақылдардың  жай-күйіне  бақылауды  ұйымдастыру.  За-
пастарды  бағалау.    Құжаттама  жүргізу:    Құқықтық  реттеу.  Өнім  сақтайтын 
жерде және қоймаларда жұмыс істеген кезде еңбекті қорғау және қауіпсіздік 
техникасы.   

68
6.  Оңтайлы  сатуды  ұйымдастыруға  бағдарланған  кәсіпорынды 
басқару ретінде маркетингті ұсыну
Нарықты зерттеу, нысаналы топтар. Маркетингтің мақсаттары мен міндет-
тері.  Маркетингтің  тұжырымдамасы.  Маркетингтік  саясаттың  құралдарын 
біріктіру: баға саясаты, коммуникациялық саясата, сату саласындағы саясат. 
Құқықтық  талаптар.  Сауда  тізбегінің  буындары.  Сату  құралдары:  жарнама, 
өнімді өткізу және сату жолдары, баға белгілеу және шарт нысанының мазмұ-
нын  белгілеу,  тауарды  рәсімдеу,  клиентке  сервистік  қызмет  көрсету.  Сатып 
алумен сөйлесудің негізі ретінде коммуникациялық моделі: әңгіме құру және 
оның барысы, ерекше жағдайларда өзін ұстай білу машығы, жеке адамның 
сату табысына әсері. Сату әдебінің негізгі қағидасы: көндіру емес көзін жет-
кізу.
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту нәтижелері, 
осы модульді 
табысты аяқтаудан 
кейін, білім 
алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН1 Жеміс-көкөніс 
дақылдарды 
өндірудің негізгі 
факторларын біледі 
1.1.  Өңірдің 
географиялық 
орналасыуының 
және 
экономикалық жағдайларының есебімен кәсіпорынның қызмет 
ету жағдайларын негіздеуге;
1.2.  Өңірдегі  ауа-райын  бақылауға,  журналған  жазуға  және 
талдауға;
1.3.  Өңірдің  метрологиялық  қызметтерінің  деректерімен 
жұмыс істеуге;
1.4.  Экологиялық  факторларды,  экологиялық  балансты, 
биогеохимиялық  циклдарды,  биологиялық  және  ландшафттық 
әртүрлілігі сақталуының маңыздылығын түсіндурге;
1.5.  Биологиялық  және  ландшафттық  әртүрлілікті  сақтауға 
қатысты  нормативтік  құқықтық  актілерді,  ережелерді  білуге 
және назарға алуға;
1.6.  Ферма  шаруашылығы  үшін  жеміс-көкөніс  дақылдар 
өндірісінің негізгі факторларын түсіндіруге;
1.7.  Әртүрлі  жеміс-көкөніс  дақылдардың  орналасуының 
экономикалық жағдайларын атауға;
1.8.  Егіс айналымының қажеттілігін сипаттауға;
1.9.  Экологиялық 
факторларды, 
егіс 
айналымының 
қағидаларын  және  нарықтағы  ахуалды  есепке  алатын  ферма 
шаруашылығының қызметі бойынша  ұсыныстарды даярлауға;
1.10.  Қауіпсіздік  техниканы  және  өндірістік  санитария 
ережесін сақтауға
ОН2 Жеміс-көкөніс 
дақылдарды өсіру 
үшін, топырақты 
егу алдында өңдеу 
технологияларын 
игереді 
2.1 
Топырақтар,  субстраттар  типтерінің  ерекшеліктері  мен 
сыныптамаларын,  жеміс-көкөніс  дақылдарына  қойылатын 
талаптарды білуге;
2.2 
Топырақтың  типін  белгілеу  үшін,  кәсіптік  құралдарды 
және анықтамалық әдебиетті пайдалануға; 
2.3 
Үлгіге  талдау  жүргізуге  және  өз  өңірі  топырағы 
құрылымының қалыптасуын түсіндіруге;

69
ОН2 Жеміс-көкөніс 
дақылдарды өсіру 
үшін, топырақты 
егу алдында өңдеу 
технологияларын 
игереді 
2.4 
Жеміс-көкөніс 
дақылдардың 
талаптарына 
және 
топырақтың  қасиеттеріне  сәйкес  топырақты  өңдеу  үшін 
қажеттілігін түсіндіруге;
2.5 
Жұмыстың  тиісті  кезеңдерінде  топырақты  өңдеуге 
арналған тиімді агротехниканы таңдап алуға;
2.6 
Іштен жанатын қозғалтқыштың негізгі тетіктерінің және 
жүйелерінің құрылысы мен жұмысын, бөлшектердің маңызын, 
материалдарды өңдеуді түсіндіруге;
2.7 
Өздігінен жүретін шассидің негізгі құрауыштарын атауға;
2.8 
Иін-бұлғақты тетікке, газ бөлгіш тетікке бұзу және жинау, 
газ  бөлгіш  декомпрессиялық  тетіктерге  реттеу,  форсунканың 
жай-күйіне тексеру жүргізуге;
2.9 
Топырақ өңдейтін техникаға техникалық қызмет көрсетуді 
және жөндеуді негіздеуге;
2.10  ҚТ  ережесінің  және  ЖЖЕ  есебімен  тиісті  жабдықтар 
болған кезде, топырақты өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуге;
2.11  Энергетикалық  және  материалдық  ресурстарды  тиімді 
пайдалану мүмкіндіктерін сипаттауға;
2.12  Топырақ  өңдейтін  техниканың  электр  жабдықтарының 
жалпы құрылысын, олардың жұмыс істеу қағидасын білуге;
2.13  Топырақ  өңдейтін  техниканың  электр  жабдықтарын 
даярлау  және  пайдалану  ережесі  туралы,  техникалық  қызмет 
көрсету  және  жөндеу  ережесі  туралы,  техникалық  жай-күйін 
тексеру ережесі туралы білуге;
2.14  Материалдар мен құрал-саймандарды коррозиядан қорғау 
шараларын көздеуге;
2.15  Жол  жүру  ережесін  және  жазатайым  оқиғаларды 
болдырмау бойынша ережесін білуге;
2.16  Топырақ  өңдейтін  техниканың  олардың  өнімін  бағалау 
үшін,  негізгі өндірушілерін  атауға;
2.17  Топырақ  өңдейтін  техниканың  тиімділігі  мен 
нәтижелілігін ұғынуға және есеп жүргізуге;
2.18  Әртүрлі өндірушілердің топырақ өңдейтін техникасының 
экономикалық тиімділігін есептеуге салыстыру жүргізуге;
2.19  Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, электр 
қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға.
ОН3 Жеміс-көкөніс 
дақылдарды 
отырғызу 
технологияларын 
қолданады
3.1 
Жеміс-көкөніс дақылдардың морфологиялық құрылысын 
білуге; 
3.2 
Жеміс-көкөніс дақылдары органдарының сипаттамаларын 
сипаттауға және оларды салыстыруға;
3.3 
Өну процесін және тіршілік ету процестерінің кезеңдерін 
түсіндіруге;
3.4 
Биологиялық ерекшеліктерін түсіндіруге;
3.5 
Тамыр  жеміс  және  түйнек  жеміс  дақылдардың  әртүрлі 
түрлерінің  өну  процесстеріне  эксперименттер  мен  зерттеулер 
жүргізуге;
3.6 
Эксперименттік қызметтің қорытындыларын рәсімдеуге;
3.7 
Жеміс-көкөніс  дақылдардың  тұтынушылық  маңызы 
бойынша және пісу мерзімдері сыныптамасын білуге; 
3.8 
Ұсынысты  бағалау  үшін,  отырғызу  материалдарының 
өндірушлері туралы ақпарат алуға;

70
ОН3 Жеміс-көкөніс 
дақылдарды 
отырғызу 
технологияларын 
қолданады 
3.9 
Бағалаудың сандық және сапалық өлшемдерінің есебімен 
тұқымды таңдау туралы шешімді негіздеуге;
3.10  Тұқым  егетін  агрегаттардың  жұмыс  істеу  қағидасын 
түсіндіруге;
3.11  Жеміс-көкөніс  отырғызуға  дайындау  процесінде 
есептерді жобалауды және жүргізуді машықтануға; 
3.12  Тұқым себетін техниканың типтерін білуге және әртүрлі 
отырғызу  материалдардың  түрлері  үшін  оларды  таңдауды 
негіздеуге;
3.13  Жеміс-көкөніс дақылдарды отырғызған кезде қауіпсіздік 
техникасы  және  өндірістік  санитария,  электр  қауіпсіздігі,  өрт 
қауіпсіздігі ережелерін сақтауға;
3.14    Жеміс-көкөніс  дақылдарды  еккенде,  өрт    қауіпсіздігін, 
электрлік қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және техникалық 
қауіпсіздік ережелерін сақтау
ОН4 Жоғары және 
тұрақты өнімдер алу 
мақсатында өңірде 
жеміс-көкөніс 
дақылдарды өсіру 
технологияларын 
пайдаланады 
4.1 
Ферма  шаруашылығының  топырағына  зерттеулер 
жүргізуге;
4.2 
Жеміс-көкөністердің  түрін    өсірудің  есебімен  қоректік 
заттардың қажетті мөлшерін белгілеуге;
4.3 
Минералдық  және  органикалық  тыңайтқыштарды 
айыруға;
4.4 
Экономикалық  өлшемдерге,  топырақ  пен  жеміс-
көкөністердің қажеттіліктеріне сәйкес тыңайтқыштың типтерін 
таңдап алуға;
4.5 
Экологиялық  тұрғыда  таза  тыңайтқышты  қолдануды 
негіздеуге;
4.6 
Тыңайтқыштардың  топыраққа,  жер  асты  суларға  және 
атмосфераға әсерін сипаттауға;
4.7 
Өсуі үшін, азот және калий тыңайтқыштарының маңызы 
туралы білуге;
4.8 
Әртүрлі  тыңайтқыштардың  арасалмағын  талдауға  және 
сандық есептер жүргізуге;
4.9 
Тыңайтқыштарды  енгізуге  арналған  машиналардың 
типтерін дәлдігі және өнімділігі бойынша таңдап алуға;
4.10  Тыңайтқыштардың  түрлерін  және  енгізу  мерзімдерін 
талқылауға және келісуге;
4.11  Жұмыстарды орындау шығындарына есептер жүргізуге;
4.12  Жеміс-көкөніс  дақылдарды  өсірудің    биологиялық, 
экономикалық,  құқықтық  және  экологиялық  салдарын 
түсіндіруге;
4.13  Нақты  міндетті  негізіне  ала  отырып,  кәсіпорын  үшін 
бизнес-жоспарды даярлауға.
ОН5 Жеміс-көкөніс 
дақылдарды 
сақтау және қорғау 
технологияларын 
игереді  
5.1.  Нормативтік  құқықтық  актілерді  және  жеміс-
көкөністердің дақылдарды сақтау ережесін білуге;
5.2.  Жеміс-көкөніс  дақылдардың  қазіргі  заманғы  сақтау 
әдістері мен  тәсілдерін қолдануға;
5.3.  Әртүрлі  нұсқаларды  бағалау  үшін,  экономикалық 
салыстыру схемаларын әзірлеуге;
5.4.  Сақтайтын  жерлерге  және  қоймаларға  қойылатын 
техникалық, 
технологиялық, 
пайдаланушылық 
және 
экономикалық талаптарды түсіндурге;

71
ОН5 Жеміс-көкөніс 
дақылдарды 
сақтау және қорғау 
технологияларын 
игереді  
5.5.  Қабылданған  құжаттамаға  сәйкес  өнімді  қабылдауға, 
қоймаға орналастыруға және сақтауға; 
5.6.  Запастарды қолдау қажеттілігін негіздеуге;
5.7.  Жеміс-көкөністердің жай-күйінің негізгі көрсеткіштерінің 
мониторингін жүргізуге және нәтижелерін салыстыруға;
5.8.  Сақтаған  кезде  зиянкестерді  айқындауға  және  олармен 
күресуге;
5.9.  Сақтайтын  жерге  және  қоймаларға  қызмет  көрсету 
жөніндегі құжаттаманың негізінде бухгалтерлік есептің маңызы 
мен қағидаларын түсіндіруге;
5.10.  Жеткіліксіз  техникалық  қызмет  көрсетудің  салдарын 
талдауға және түсіндіруге; 
5.11.  Қауіпсіздік техникасы ережесін орындауға.  
ОН6 Оңтайлы 
сатуды 
ұйымдастыруға 
бағдарланған 
кәсіпорынды 
басқару ретінде 
маркетингті 
ұсынады
6.1.  Маркетингтік құралдар туралы базалық білімдері болуға;
6.2.  Нарықты зерделеуге және талдау дайындауға; 
6.3.  Тамыр жеміс дақылдарды сатудың ең маңызды жолдарын 
белгілеуге;
6.4.  Клиенттердің артықшылықтарын қадағалауға;
6.5.  Құжаттаманың  түрлерін  және  сатудан  табыстарды 
талдауды түсіндіруге;
6.6.  Ферма  шаруашылығының  нарықтағы  ахуал  бойынша 
сату саясатына баға беруге;
6.7.  Клиенттермен  сатулар  бойынша  кәсіптік  пікірталастар 
жүргізуге;
6.8.  Нақты шаруашылығы үшін маркетингтік ілеспе әзірлеуге;
6.9.  Өнімді бөлу жолдарын белгілеуге;
6.10.  Жеміс-көкөніс  дақылдарды  өсірудің  инновациялық 
салалық технологияларын қолдануды талқылауға;
6.11.  Сатудан  түсімдер  туралы  кәсіптік  құжаттамамен 
қамтамасыз етуге.
6.12 Жаңа өнімдерді сату бойынша ұсыныстар даярлауға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет