Кешенді-жалпылаушы бақылау бір немесе бірнеше сыныпта бірқатар оқу пәндерін оқытуды ұйымдастыруды бақылау кезінде қолданылады. Бұл форма көбіне фронталды бақылауда жүзеге асады.
«Жалпылаушы» термині бақылау формаларының атауында қоса қолданылады. Бұл бақылаудың мақсатын педагогикалық процесті басқару, оны сенімді, объективті, жалпылама ақпаратпен қамтамасыз ету функциясы ретінде тағы бір рет атап көрсетеді. Дәл осы ақпарат педагогикалық талдау, мақсат қою, шешім қабылдау және оларды іске асыруды ұйымдастыру кезеңінде қажет.
Бақылау түрлерінің мазмұны
Бақылау формасы
Бақылау түрі
фронталды
тақыпыптық
1. Персоналды бақылау
Білім беру қызметінің барлық мәселелері бойынша бір мұғалімнің жұмысын бақылау.
Бір мұғалімнің (сынып жетекшісінің) белгілі бір тақырып бойынша (оқытушылық қызметінің сапасы, мұғалімнің жалпы әдістемелік деңгейі немесе оның қызметінің қандай да бір саласы бойынша, мысалы, оқушылардың біліміне қойылатын талаптар деңгейі және т.б.) немесе нақты оқушының (дарынды, "қиын" және т. б.) жұмысын бақылау.
2. Сыныптық-жалпылаушы бақылау
Бір сыныпта (бір параллельде) жұмыс істейтін мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің қызметін, ата-ана міндеттерін орындауын, білім және дағды деңгейін, осы сыныптағы қызметтердің жұмысын және т. б. бақылау.
Бір тақырып бойынша тұтас сынып оқушыларын бақылау немесе нақты мәселенің жай-күйін зерттеу (мысалы, бір сыныптағы үй тапсырмасының көлемін зерделеу бойынша мұғалімдер тобын бақылау және т. б.)
Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білім, білік-дағды жүйесінің қалыптасуын бақылау, оқудағы сабақтастық мәселелерін зерделеу және т. б. (мысалы, 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін бір пәннен сабақ беретін мұғалімдерді бақылау).
Белгілі бір тақырып (проблема) бойынша бір пәнді жүргізетін мұғалімдер бақыланады.
4. Тақырыптық-жалпылаушы бақылау
Оқудың әр кезеңіндегі мұғалімнің жұмысын бақылау (мысалы, оқушылардың өз бетінше танымдық әрекетін немесе жеке тұлғалық қалыптасуын дамыту бойынша).
Жалпы білім беру қызметінің жекелеген мәселелерін бақылау (мектепі құжаттамасының жағдайы; мұғалімдердің еңбек тәртібінің жағдайы; оқу-техникалық жабдықталу жағдайы; оқу жылының соңындағы сынып бөлмелерінің жағдайы; оқушыларды оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілуі және т.с.с.)
6. Кешенді-жалпылаушы бақылау
Сыныптар параллеліне арналған кешендегі мәселелердің жай-күйін бақылау (параллель бойынша оқушылардың білімі мен тәрбиесінің деңгейі, оқыту сапасы, параллель бойынша сынып жетекшілерінің жұмыс сапасы, ата-ана міндеттерін орындау деңгейі және т. б.)
Логикалық бірізділігі бойынша бірнеше бақылау түрін қарастыруға болады: кіріс бақылауы (оқу жылының алдында), алдын-алабақылау(қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізу алдында, бітіруші сыныптардағы емтихандардың алдында, мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру); ағымдық бақылау(тақырыпты зерделегеннен кейін, білім беру ұйымының тоқсандағы, жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері); аралықбақылау (жыл соңында келесі сыныпқа ауыстыру); қорытынды бақылау (бітіруші сыныптарындағы емтихандар - 9, 11-сыныптар, білім беру ұйымының бір жылдағы жұмыс нәтижелері) .