Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

 
 


Заманау білім беру мақсаты ХХІ ғасыр талаптарына жауап ретінде 
 
XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру - орта білім беру нәтижелері мен жоғары мектеп 
талаптары арасындағы, жоғары мектеп нәтижелері мен жұмыс берушілердің талаптары 
арасындағы алшақтықты жою бойынша жаһандық проблемаға жауап деп айтуға болады.
2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) «Білім беру мен 
дағдылардың болашағы: Білім беру 2030» жобасын әзірлеп, болашақтағы білім беру жүйесінің 
бағдарын және оның негізіне алынатын қағидаттарды ұсынады.
Жобаның мақсаты – «Бүгінгі оқушыларға кемелденген жарқын әлем құру үшін қандай 
білім, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар қажет болады?», «Бұл білімді, дағдыларды, 
көзқарастар мен құндылықтарды оқу жүйелері қалай тиімді дамыта алады?» деген сұрақтарға 
жауап табуға көмектесу. 
Жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында жобаны іске асыру аясында екі 
бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: білім берудің тұжырымдамалық шеңберін әзірлеу және оқу 
бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасау. Бұл білім беру бағдарламаларын жобалаудың 
жетекші қағидаттарын анықтауға мүмкіндік берді. 
«Білім беру компасы 2030» білім берудің тұжырымдамалық шеңбері. 
«Білім беру компасы 2030» (Learning Compass 2030) білім берудің тұжырымдамалық 
шеңберін әзірлеу аясында білімнің, дағдылардың, қатынастар мен құндылықтардың кең спектрін 
қамтитын құзыреттер салалары нақтыланды (1-сурет). 
«Білім беру компасы 2030» барлық салалардағы терең білімді (пәндік, пәнаралық, 
эпистемиялық, процедуралық) және оларды бейтаныс және жылдам өзгеретін жағдайларда 
қолдана білуді, танымдық және мета-пәндік, әлеуметтік-эмоционалды, физикалық және 
практикалық құзіреттер, құндылықтар мен көзқарастар сияқты дағдылардың кең спектрін 
қамтитын білім беру мақсаттарын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет