Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
1.Оқушылардың маңыздылығы. Оқу жоспары оқушылардың білімін, дағдыларын, 
дағдылары мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек.
2.Нақтылау. Тақырыптар терең талдау мен рефлексияға бағытталуы керек.
3.Назарда ұстау. Терең және егжей-тегжейлі түсінік қалыптасу үшін оқудың әр деңгейінде 
тақырыптардың салыстырмалы түрде шағын мөлшері қарастырылу керек. Негізгі ұғымдарды 
тереңірек пысықтау үшін тақырыптар бір-бірімен ұштасуы мүмкін.
4.Өзара байланыс. Пәннің логикасын көрсету үшін тақырыптар бірінен кейін бірі, рет-
ретімен берілу керек, бұл өз кезегінде базалық ұғымдардан біртіндеп күрделі концепттерге 
көшуге мүмкіндік береді.
5.Теңгерім. Оқу жоспарында оқу мен бақылаудың дұрыс пропорциялары болуы керек. 
Дәстүрлі бақылауда талдауға мүмкіндік болмайтынын ескере отырып, нәтижеге бағытталған 
білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа әдістері әзірленуі керек. 
6. Тасымалдау мүмкіндігі. Әр түрлі контексте үйренуге болатын білімге, дағдыларға және 
жеке нәтижелерге басымдық берілуі керек.
7.Таңдау. Оқушыларға тақырыптар мен жоба нұсқаларының кең таңдауы, сонымен қатар 
ақпараттық қолдау арқылы өз идеяларын ұсыну мүмкіндігі ұсынылуы керек.
8.Педагог қызметі. Педагогтер оқу жоспарын тиімді іске асыру үшін, олардың өз кәсіби 
білімдерін, дағдылары мен тәжірибесін қолдануға барлық мүмкіндіктері болуы тиіс.
9.Түпнұсқалық. Оқушылар оқу тәжірибесін шынайы әлеммен байланыстыра білуі керек 
және өз оқуының мақсатты бағдарлануын түсіну керек. Ол үшін пәндік білім мен пәнаралық оқу 
қажет.
10. Пәнаралық байланыс. Оқушылар оқытылатын тақырыптарды пән ішінде және 
пәнаралығында байланыстыра білуі тиіс, сонымен қатар шынайы өмірмен салыстыра білу керек. 
 
11. Икемділік. «Оқу жоспары» тұжырымдамасы «анықталған және бірқалыпты» түрден 
«бейімделген және динамикалық» түрге ауысуы тиіс. Мектептер мен мұғалімдер оқу жоспарын 
қоғамның өзгермелі талаптарына сай, сондай-ақ, жеке оқу сұраныстарына сәйкес жаңарта алуы 
керек. 
12. Қатысу. Мұғалімдер, оқушылар және білім беру процесінің басқа да қатысушылары 
болашақта оны барынша тиімді іске асыру үшін бастапқы кезеңнен бастап оқу жоспарын 
әзірлеуге қатысуы тиіс.
Сонымен қатар, тағы екі қағиданы қосу жоспарлануда: 


Оқуды тереңдету. 
Белсенді оқу. 
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің шешімі 
бойынша 
«
Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (НЗМ ДББҰ) осы 
жобаның ұлттық үйлестірушісі болып белгіленді және Білім беру компасын әзірлеуге және білім 
беру бағдарламаларын жобалау принцирлеріне белсенді қатысуда. 2020-2021 оқу жылында 
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданыстағы оқу бағдарламаларын талдау бойынша 
жұмыстар жүргізілді және Білім беру компасында ұсынылған білім беру мақсаттарының 
негізінде 
NIS-РROGRAM 
білім 
беру 
бағдарламасы 
жаңартылды: 
https://cep.nis.edu.kz/proekty/oesr/. 
«Білім беру мен дағдылардың болашағы: Білім беру 2030» жобасында білім беруді 
дамытудың бірнеше маңызды аспектілері айқындалған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет