Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
 
 
Білім беруге қатысты талаптар 
1950 жылдарға қарай саяси және экономикалық құрылымы әртүрлі, бірақ жалпы 
технологиялық құрылымы индустриалды экономикаға бағытталған жаппай конвейерлік өндіріс 
(екінші өнеркәсіптік революцияның өнімі) дамыған елдерде осындай құрылымды қолдауға 
бағытталған мектептегі білім беру моделі қалыптасты. Ол барлық оқушылар үшін бірдей жаппай 
білім беруді қамтамасыз етті. Осы модель бойынша халықты жаппай оқыту индустриялық 
экономикаға сәйкес келетін адами капиталдың жалпы сапасының жоғарылауына әкелді, бірақ 
білім беру жүйесіне жаңа қиындықтар тудырды
 
1. Әр оқушының сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ұйымдастыру, ынтымақтасу, білім алу 
қабілеті білім мен дағдылардың минималды көлемін игерудің қажетті шартына айналды. 
Сондықтан білім беру мамандары жаппай білім берудің мақсаттарын кеңінен түсіндірудің 
қажеттілігіне назар аудара бастады және оларға тек пәндік білім ғана емес, басқа пәндер де ене 
бастады. Соның нәтижесінде 1980 жылдарға қарай дамыған елдердің көпшілігі өздерінің оқу 
бағдарламаларын кеңейтіп, оларға негізінен ойлауды дамытуға бағытталған 
тапсырмаларды енгізді. Алайда мұның барлығы әдетте білім беру технологиялары мен пәндік 
оқыту құрылымының түбегейлі өзгеруін қамтымай, дәстүрлі мазмұнға қосымша түрінде 
ұсынылды. Бұл ретте ойлау дағдыларынан, коммуникативтік дағдылардан және өзін-өзі 
ұйымдастыру дағдыларынан айырмашылығы – креативтілік жаппай міндетті білім беру 
аумағынан тысқары қалды, бұл көбіне жалпыға бірдей білім алатын оқушылардың басым 
бөлігінің академиялық табыстылығының төмен деңгейде болуына алып келеді.  
 
2. Қайталанып жалықтыратын жұмыстың үлесін азайту мектеп қабырғасында ойлау 
мен қарым-қатынас дағдыларын дамытудың қажеттілігін білдіреді. Өзін-өзі ұйымдастыру, 
ынтымақтастық, міндеттерді бірлесіп шешу, шешім қабылдау дағдыларының маңыздылығы 
ересек жұмыс күшінің сапасына ғана емес, сонымен қатар орта мектеп түлектерінің қалаған 
қасиеттеріне байланысты да атап өтіле бастады. Өндірісті орталықсыздандыруды және 
демократияландыруды алып келген үшінші өнеркәсіптік революция жағдайына көшу кезінде 
технологиялар мен еңбек нарығының өзгеруін бақылайтын бизнес-қоғамдастық (Rifkin 2011; 
Рифкин 2014) қызметкерлерге жаңа талаптар қойды, яғни бұл қызметкерлер жас кезінде жаппай 
білім алуы тиіс болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет