Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Білім беруді стандарттау қозғалысы



Pdf көрінісі
бет8/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Білім беруді стандарттау қозғалысы 
 
Білім беру саласындағы реформалар жаңалық емес. Қазіргі білім 
беруді стандарттау қозғалысы шын мәнінде жаһандық сипатқа ие болды. 
Бұрын ұлттық ағарту саясаты негізінен мемлекеттің ішкі ісі болып 
саналатын. Қазіргі кезде үкіметтер бір-бірінің білім беру жүйелерін 
мемлекеттік қорғаныс саясатынан кем емес деңгейде зерттейді және бұл 
жерде саяси мүдделердің тым жоғары екендігін мойындауымыз керек.
Кен Робинсон
 
Көптеген елдердің президенттері білім беру реформасын өз билігінің басым бағыттарының 
бірі ретінде қарастырады.
2000 жылдан бастап PISA халықаралық зерттеуі аясында өткізілетін оқушылардың үлгерім 
рейтингтері білім беруді стандарттау қозғалысына күшті серпін берді. Шанхай Қытай округі 
PISA саралауында алғаш рет 2009 жылы қатысып, барлық үш санатта да (математика, оқу, 
жаратылыстану-ғылыми пәндер) бірінші орынға ие болды. 2012 жылы Шанхай тағы да алдыңғы 
қатарға шықты; одан кейінгі қатарда Сингапур, Гонконг және Қытайлық Тайбэй орын алды. 
Неліктен білім беру соншалықты өткір саяси мәселеге айналды?
Бірінші себеп – экономикалықҰлттың білім деңгейі оның экономикалық өркендеуі үшін 
аса маңызды. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және халықтың қуатты түрде өсуі 
нәтижесінде бизнес соңғы ширек ғасырда шын мәнінде түбегейлі өзгерістерге ұшырады. 
Сонымен қатар сауда, өндіріс және қызмет көрсету саласындағы экономикалық бәсекелестік күрт 
артты. Барлық елдердің үкіметтері құзыретті, білікті жұмыс күшінің ұлттық экономиканың 
өркендеуі үшін шешуші маңызы бар екенін жақсы түсінеді. Осыған орай олардың саяси 
риторикасы жаңашылдықтың, кәсіпкерліктің және «ХХІ ғасыр дағдыларының» маңыздылығы 
туралы пікірталастарымен белгілі. Сондықтан олар білімге орасан көп қаражат бөледі, сондықтан 
ол бүгінде әлемдегі ең ірі индустриялардың біріне айналды.
Екінші себеп – мәдени. Білім беру – қоғамдастықтардың ұрпақтан-ұрпаққа өз 
құндылықтары мен дәстүрлерін жеткізудің негізгі тәсілдерінің бірі. Кейбіреулер үшін бұл 
мәдениетті сыртқы әсерден қорғаудың мүмкіндігі болса, енді біреулер үшін мәдени төзімділікті 
насихаттау құралы болып табылады. 
Үшінші себеп – әлеуметтікМемлекеттік білім берудің мәлімделген мақсаттарының бірі 
– әлеуметтік мәртебесі мен материалдық жағдайына қарамастан, барлық оқушыларға 


өркендеуіне, табысқа жетуіне және өз елінің белсенді және қамқор азаматы болуына мүмкіндік 
беру. Іс жүзінде үкіметтер білім берудің қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы үшін қажетті 
көзқарастар мен мінез-құлық үлгілерін дамытуын және насихаттауын қалайды. Әрине, әр саяси 
жүйе үшін олар әртүрлі болады. 
Төртінші себеп – жеке тұлғалық. Саясаткерлердің білімге қатысты көптеген 
мәлімдемелері әрбір оқушының толыққанды және сапалы өмір сүруіне мүмкіндік беретіндей өз 
ішкі әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы әдеттегі рәсімдерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет