Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Білім беру осы үрдістер мен сұраныстарға қалай жауап береді?



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
 
Білім беру осы үрдістер мен сұраныстарға қалай жауап береді? 
ХХІ ғасырдың қарсаңында жетекші ұлттық білім беру жүйелері мен халықаралық ұйымдар 
(ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк) ұлттық білім беру бағдарламаларын терең реформалау 
қажет деген қорытындыға келді. Өткен жылдардың үздік тәжірибелері мен модельдерін енгізу 
жағдайды жақсартуға көмектеспейді, білім беру болашаққа бағдарлануы тиіс. 
Егер бағдарламаға дәстүрлі мектеп пәндеріне жаңа тақырыптарды немесе тіпті жаңа 
пәндерді енгізуді дәстүрлі педагогикалық тәсілдер аясында жүзеге асыруға болатын болса, онда 
кәсіптік (пәндік) және өмірлік міндеттерді шешу үшін білімді қолдана білу сияқты білім беру 
нәтижесіне қосымша бағыт-бағдар алу жаңа тәсілдемені талап етті. Бұл жаңа тәсілдеме 
құзыреттілік тәсілдемесі деп аталды. 
 
Қазіргі заман талабына орай әртүрлі білім беру жүйелеріндегі ортақ үрдістер:
- оқушыларды 
мектепті 
бітіргеннен 
кейінгі 
жұмысқа/білімге/өмірге 
дайындау 
бағдарламасын әзірлеу: кәсіби және «жалпы» дағдыларды, білімді қолдана білу дағдыларын 
қалыптастыру; 
- мектеп пен еңбек әлемін байланыстыратын білім беру бастамаларын мақсатты түрде 
дамыту: жобалар аясында тағылымдамадан өту, практикалық оқу және жергілікті 
қоғамдастықтар аясында тәжірибе алмасу үшін мүмкіндіктерді кеңейту; 
- цифрлық сауаттылықты қамтамасыз ету және цифрлық ресурстармен өз бетінше жұмыс 
істеу дағдыларын алу; 
- ресми және бейресми білім беру аясында кәсіпкерлік мүмкіндіктерді ұсыну; 
- аралас оқыту технологиясын кеңінен қолдану, автоматтандырылған оқыту мүмкіндіктерін 
қарастыру; 
- қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға және қолдауға назар аудару; 


- тең білім беру мүмкіндіктері саясатын әзірлеу үшін әлеуметтік және мәдени мәнмәтінде 
оқушылардың үлгерімі туралы деректерді терең талдау; 
- оқытушыларды даярлау және кәсіби дамыту бағдарламасын XXI ғасыр дағдыларына 
сәйкестендіру; 
- білім беру процесінің ұжымдық формаларын енгізу.
Келешектегі білім беру саласының алдында күрделі міндет – ақпарат таратудың 
заманауи құралдары қалыптастырған бытыраңқылықты жою міндеті тұр. Біз жаңа фактілер 
мен әртүрлі көзқарастар қабылдана бермейтін, таптаурын пікірлер мен бөтен нәрсеге үрке 
қарайтын ксенофобия үшін қолайлы орын болып табылатын әлеуметтік желілердегі 
шектеулі ақпараттық ортада көп уақытымызды өткіземіз.
Білім беру жүйелері біздің санамызда ойлау дербестігін және өз бетінше әрекет етуге 
қабілеттілікті, басқаларға жанашырлық таныту, құрметпен қарау, жұмыста және өмірде 
өзара ынтымақтастыққа дайын болуға қабілеттілікті тәрбиелеуі тиіс. Болашақтың адамы 
нақты моральдық бағдарға ие болуы, басқалардың алдындағы өз жауапкершілігін түсінуі 
және өз мүмкіндіктерінің шегін білуі керек. Ол дамыған мәдени зиятқа ие болуы керек және 
басқалардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын еркін қабылдауы керек. Ол қоршаған әлемді 
танып-білудің әртүрлі тәсілдеріне – ғылымға да, өнерге де ашық болуы керек. Болашақта 
көптеген іс-әрекет түрлері машиналардың орындауына көшеді, яғни адамға, оның 
дағдылары мен біліктілігіне, жеке тұлғасына қойылатын талаптар арта түсетін болады. 
Андреас Шлейхер,
ЭЫДҰ білім және дағдылар жөніндегі директоры 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет