Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын



Pdf көрінісі
бет43/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ББҒДМБ) іске асыру мақсатында 
білім берудің барлық деңгейлерінде өз саласындағы көшбасшылар қатарынан басқарушы 
кадрлар резерві қалыптастырылуда. Білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау жүйесі, 
басшыларға еңбекақы және қосымша төлемдер төлеу тетіктері қайта қаралды. 
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы 
лауазымына конкурстық тағайындау бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды (Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы): 
1) конкурстық орналасу туралы хабарландыру жариялау
2) конкурстық орналасуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау; 
3) конкурстық орналасуға қатысушылардың біліктілігін бағалау;
4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу бойынша тестілеу (тест 
тапсырғаны туралы сертификат болған жағдайда талап етілмейді); 
5) үміткерлерді мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі - 
қамқоршылар кеңесі) келісу; 
6) үміткерлерді облыстың білім беру органдарымен келісу (республикалық маңызы бар 
қалаларды, астананы қоспағанда); 
7) білім беруді басқару органы конкурстық комиссиясының отырысында сұхбаттасу. 
Білім беру саласындағы менеджмент бойынша кемінде жетпіс екі сағат көлеміндегі 
біліктілікті арттыру курсынан өту мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос қызмет 
орнына орналасудың міндетті шарты болып табылады. 
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткердің бағалау парағында 
(Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 
басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы 
лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 9-қосымша) келесі критерийлер 
көрсетілген (1-ден 10 балға дейін): 
- Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша теориялық білім деңгейі; 
- білім берудегі менеджменттің негізгі принциптерін білу; 
- үміткердің тұлғалық және кәсіби қасиеттері; 
- заманауи білім беру міндеттерін іске асыруға арналған идеялардың ерекшелігі 
және негізділігі; 
- білім беру ұйымын табысты дамыту бойынша практикалық бағдары; 
- жағдаяттық міндеттерді жедел және икемді шеше білуі; 
- белсенді, жағымды педагогикалық ортаны қалыптастыра білу; 
- білім беру ұйымын басқаруда шығармашылық әлеуетті пайдалану; 


- педагогикалық этика және сөйлеу мәдениеті. 
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткермен сұхбаттасу үшін 
келесі тақырыптық бағыттар белгіленген (Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және 
мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және 
қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 10-
қосымша): 
1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары. 
2. Білім берудегі менеджменттің заманауи тәсілдемелері. 
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары. 
4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар. 
5. Білім беруді табысты ұйымдастыру критерийлері, табысты көшбасшы, табысты 
оқушы/тәрбиеленуші, табысты педагог. 
6. Қазақстандағы білім берудегі халықаралық зерттеулердің рөлі. 
7. Білім беруді ұйымдастырудағы ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйесі. 
8. Білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру ерекшеліктері. 
9. Әкімшілік пен Қамқоршылық кеңестің өзара әрекеттесу жүйесі. 
10. Кадрларды даярлаудағы әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықтың 
рөлі. 
11. Білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз етудің міндеттері. 
12. Білім беру ұйымының қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мен нәтижелері. 
13. Экономиканың салалары үшін кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет