-
тұлғалық, тілдік және қарым-қатынас құндылықтарын түсіну;
-
өзіндік жұмыс дағдылары, аналитикалық және сын тұрғысынан ойлау;
-
коммуникативтік және тілдік дағдылар
-
ынтымақтастық дағдылары, жанжалдарды шешу мүмкіндігі.
Білім беру саласына арналған салалық біліктілік шеңберінің паспорты бойынша мұғалім
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесіндегі педагогтерден тұратын кәсіби
топқа жатады. Бұл құжатта кәсіби стандарттан басқа келесі құндылықтар көрсетілген:
-
кәсіби қызметте шешім қабылдау үшін
жоғары деңгейдегі әлеуметтік, этикалық
және кәсіби жауапкершілік;
-
кәсіби құндылықтарға бейімділік (ізгілік, мейірімділік, білім алушыларға,
әріптестеріне деген құрмет, педагогикалық әдептілік);
-
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды өзара бірлікте қабылдау;
-
мұғалімдердің кәсіби қалыптасуын құрайтын педагогикалық
шеберлік пен өз
бетінше оқуды оқуды тұрақты жетілдіру.
Мектептегі оқыту сапасы сабақ беру сапасына, мектеп мұғалімдерінің құндылықтары мен
кәсіби шеберлігіне байланысты.
Педагогтердің кәсіби шеберлігі білім беру, коммуникация, әлеуметтік, оқу-тәрбие процесі
мен білім беру іс-әрекеті барысында білім беру, коммуникативтік, зерттеу қабілеттерін дамыту
арқылы мектептегі білім берудің практикалық бағытын қамтамасыз етуге арналған.
Мектепте оқытудың тиімді жүйелерінде нәтижені жақсартудың жалғыз жолы – оқытудың
сапасын арттыру деген түсінік қалыптасқан: оқыту оқытушылар мен оқушылардың арасында
өзара қарым-қатынас болған кезде пайда болады, сондықтан оқыту сапасын арттыру үшін
осындай өзара әрекеттестікті оңтайландыру керек. Тиімді білім беру жүйелерінің басшылары осы
мақсатқа қол жеткізуге болатын іс-әрекет түрлерін біледі, бұл – тәлімгерлік, мұғалімдерді тікелей
сыныпта оқыту, мұғалімдерді дамытуға көмектесу үшін мықты мектеп басшыларын ұсыну және
мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне мүмкіндіктер жасау, олар осы шараларды өз жүйелерінде
жүзеге асыру тәсілдерін тапты. Кез келген мектеп жүйесінің сапасы, шын мәнінде,
ондағы
мұғалімдердің оқыту сапасымен анықталады (М.Барбер, М.Муршед).
Білім беру жүйесі үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымшада
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015
жылғы 31 желтоқсандағы №719 және Республика Ұлттық экономика министрінің м.а.
бірлескен бұйрығы) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №843
«Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен білім беру жүйесіне тексерулерді тексеру
парақтарын бекіту туралы» қаулысы) критерийлерді бұзу «өрескел» бұзу санатына
жатқызылды.
Педагогтің құндылықтары педагогтің қызметтік міндеттері мен педагогикалық әдеп
нормаларын орындауда көрініс табады.
Педагог өз қызметінде міндетті:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік,
ата-анаға,
этномәдени құндылықтарға, қоршаған әлемге құрметпен қарау рухында тәрбиелеуге
ықпал етуге;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағына нұқсан келтіретін іс-
әрекеттердің жасалуына жол
бермеуге;
3) өздерінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындауға;
4) кәсіби шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-
өзі жетілдіруге белсенді қатысуға;
5) еңбек тәртібін қатаң сақтауға;
6) білім беру ұйымының мүлкіне күтім жасауға
және оны жеке мақсаттарға
пайдаланбауға;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға, жеке мінез-
құлқымен адалдық, бейтараптық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетуге;
8) қызметтік ақпаратты жеке басының пайдасына және өзге де жеке мақсаттарда
пайдалануға жол бермеуге;
9) ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық орта қалыптастыруға
үлес қосу;
10) қызметтік міндеттерін орындау барысында іскерлік киім үлгісін ұстануға
міндетті.
Оқу процесінің қатысушыларымен қарым-қатынаста:
1) жасына,
жынысына, ұлтына, дініне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік,
қызметтік және мүліктік жағдайына немесе кез келген
басқа жағдайларға қарамастан,
адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау
фактілерінің алдын алуға, әріптестерінің мұндай әрекеттерін болдырмауға күш салуға;
3) өз іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан дәлелді сынға жол бермеу, сынға
төзімділікпен қарау, кемшіліктерді жою және кәсіби қызметін жетілдіру үшін сындарлы
сынды қолданады;
4) білім беру процесіне қатысушыларға кәсіби қолдау көрсету.
Әріптестерімен қарым-қатынаста:
1) жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтауға,
сыпайы және
дұрыс болу;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеу
(анықтамалық материалдар болған жағдайда тексеріледі).
Достарыңызбен бөлісу: