Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Қазіргі мектеп директоры қандай болуы керек?



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
 
Қазіргі мектеп директоры қандай болуы керек? Табысты мектеп директоры қандай 
білім, білік және дағдыларға ие болуы керек? Оған тек педагогикалық білім жеткілікті ме?  
Әлде оның қаржы немесе заң ғылымдары саласы бойынша да білімі болуы керек пе?
Біздің ойымызша, бұл аспектілердің барлығы маңызды. Мектеп басшысына күн сайын 
әртүрлі процестермен, құжаттармен айналысуға, әртүрлі басқару шешімдерін қабылдауға тура 
келеді. Сондықтан құқықтық және қаржылық сауаттылық та маңызды болып табылады. Осы курс 
шеңберінде мектеп директорының құзыреттілігі мектеп басшысының келесі кәсіби құзыреттілік 
моделі шеңберінде қарастырылады:
8-сурет. Мектеп директорының құзыреттілік моделі 
 
Білім беру ұйымы басшысының құқықтық құзыреттілігі тиісті кәсіби міндеттерді 
шешу үшін әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық ережелерін білуін және орындауын, білім беру 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуін, кәсіби қызметтегі заңнамалық және басқа 
нормативтік құқықтық құжаттарды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін білім беру ұйымы 
басшысының іс-қимылдарының жиынтығын білдіреді.
Мектеп директорының экономикалық құзыреттілігі басшының меңгерген 
экономикалық білім-дағдылары мен тәжірибесін, әрекет ету тәсілдерін пайдалану, білім беру 
мекемесінің қызметін қамтамасыз ету үшін үздіксіз тұлғалық жетілу процесінде экономикалық 
мән-маңызын, қызмет объектілерін қалыптастыру қабілетін көрсететін арнайы құзыреттер 
(маркетингтік, кәсіпкерлік, шаруашылық-құқықтық) жиынтығымен сипатталатын білімдік, іс-
әрекеттік, мотивациялық және тұлғалық компоненттерді қамтиды. 
Мектеп директорының басқару құзыреттілігі мектептің проблемаларын біртұтас және 
терең талдауға, анықтауға, дәл тұжырымдай білуге және мектептің нақты жағдайына қатысты 


көптеген балама тәсілдердің ішінен оларды шешудің анағұрлым қолайлы және тиімді тәсілін 
табуға қабілеттілік және дайындық ретінде айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет