Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

TALIS-2018 нәтижелерін талдау 
 
TALIS мұғалімдер мен мектеп директорларының сауалнамалары арқылы мұғалімдердің 
еңбек жағдайлары мен мектептердегі білім беру ортасын зерттейтін ең ірі халықаралық зерттеу 
болып табылады.
TALIS зерттеуінің мақсаты – тиімді, уақытылы және салыстырмалы мәліметтермен 
қамтамасыз ету, бұл елдерге тиімді оқыту мен оқуға жағдай жасауға бағытталған білім беру 
саясатын қайта қарауға және дамытуға мүмкіндік береді.
 
Мектеп директорының әлеуметтік-демографиялық бейнесі  
TALIS-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша Қазақстан ең жас мектеп 
директорларының саны жағынан алғашқы 10 елдің қатарына енді. Қазақстандық директорлардың 
орташа жасы – 48 (ЭЫДҰ елдерінде – 52). Ең жас мектеп директорлары – Сауд Арабиясында (43) 
және Түркияда (43), ал ең егде жастағы мектеп директорлары – Кореяда (59) және Жапонияда 
(58) жұмыс істейді. 
Сонымен қатар Қазақстанда әртүрлі жас тобындағы директорлардың үлес салмағы басқа 
елдермен салыстырғанда оңтайлы үлестірілімге сәйкес. Директорлардың басым бөлігі (77%) 40 
пен 59 жас аралығында. Директорлар құрамының шамамен 1/5 бөлігі – (18%) 40 жасқа дейінгі 
адамдар. Қазақстанда ЭЫДҰ елдеріне қарағанда (20%) 60 жастан асқан директорлар саны 
айтарлықтай аз (5%). TALIS-ке мүше елдер арасында бұл жастағы директорлардың көпшілігі 
Кипрде (48%) және Кореяда (44%) жұмыс істейді, ал Сауд Арабиясында мұндай директорлардың 
үлесі мүлдем жоқ. 


Мектеп директорының жұмыс уақыты 
TALIS-2018 сауалнамасында мектеп директорлары бүкіл оқу жылында өздерінің қанша 
уақытты (%) келесі тапсырмаларға жұмсағандығы туралы ақпарат берді:
- әкімшілік тапсырмалар мен жиналыстар (ережелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу, есептер, 
мектеп бюджеті, сабақ кестесін құру, сыныптарды құру, білім беру органдарының (аудандық, 
қалалық, облыстық немесе орталық) сұраныстарына жауап беру;
- басқару тапсырмалары мен кездесулер (стратегиялық жоспарлау, мектепті жақсарту 
жоспарын құру сияқты басқару қызметі, қызметкерлерді жалдау сияқты кадрлық мәселелер);
- оқу жоспары және оқу міндеттерімен байланысты кездесулер (оқу бағдарламаларын құру, 
оқыту, мұғалімдердің сабақтарын бақылау, оқушыларды бағалау, тәлімгерлік, мұғалімнің 
кәсіби дамуы);
- студенттермен өзара әрекеттесу (білім беру қызметімен байланысты емес кеңестер мен 
әңгімелер және тәртіп мәселелерін шешу);
- ата-аналармен / қамқоршылармен өзара әрекеттесу;
- жергілікті және аймақтық қоғамдастықтармен, кәсіпкерлермен, кәсіпкерлік және өндірістік 
кәсіпорындар өкілдерімен өзара әрекеттесу;
- басқа.
TALIS-2018 нәтижелері бойынша қазақстандық директорлар жұмыс уақытының көп 
бөлігін әкімшілік міндеттерге (жұмыс уақытының 21,6%-ы) және оқыту міндеттері мен 
кездесулерге (21,3%), содан кейін басқару мәселелеріне (18,3%) бөледі. Ал ЭЫДҰ елдерінде бұл 
міндеттердің басымдық дәрежесі әртүрлі: директорлар көп уақытын әкімшілік (29,5%) және 
басқару (21,3%) міндеттеріне, содан кейін ғана білім беру және оқытушылық міндеттерге (16,3%) 
жұмсайды. 
. Оқу жылында мектеп директорының әртүрлі тапсырмаларды орындауға жұмсаған 
уақытының үлесі (%). 
Қазақстанда ірі қалалардағы мектеп директорлары әкімшілік тапсырмаларға көп уақытын 
бөледі және оқушылармен қарым-қатынасқа аз уақыт бөледі. Алынған деректерге сәйкес, үлкен 
қаладағы директор әкімшілік жұмыстарға – өз уақытының орта есеппен 25%-ын, ал ауылдық 
жерде 21%-ын жұмсайды.
Сонымен қатар ірі қаладағы директор оқушылармен қарым-қатынасқа – өз уақытының орта 
есеппен 13%-ын, ауыл мектебінің директоры – 16%-ын бөледі. Деректерді талдау көрсеткендей, 
директордың әкімшілік жұмыстарының көбеюі оның оқушылармен қарым-қатынас жасайтын 
уақытының азаюына әкелуі мүмкін (B= -3,16; R2 = 0,2). 
TALIS көрсеткендей, әдетте, қазақстандық директорлар мектепті басқару және 
педагогикалық көшбасшылық бойынша дайындықтан қызметке кіріскеннен кейін өтеді.
Мысалы, Қазақстандағы мектепті басқару бойынша дайындықтан қызметке тағайындалғаннан 
кейін өткен директорлардың үлесі – 67%, ЭЫДҰ-да 33% құрайды, айырмашылығы екі есе. 
Осындай айырмашылық педагогикалық көшбасшылық бойынша да байқалады: Қазақстанда – 
58%, ЭЫДҰ-да – 29%. 


Қазақстанда мектеп директорларының тек 13%-ы ғана қызметке кіріспес бұрын мектепті 
басқару бойынша дайындықтан өткенін айтқан, ал ЭЫДҰ бойынша бұл көрсеткіш 31%-ды 
құрайды. Педагогикалық көшбасшылық бойынша да жағдай осыған ұқсас: Қазақстанда – 13%, 
ЭЫДҰ-да – 30%. Сонымен қатар Қазақстанда мектепті басқару бойынша ешқандай даярлықтан 
өтпеген директорлардың үлесі ЭЫДҰ-ға қарағанда төменірек (сәйкесінше, 8% және 13%). 
Көшбасшылық бойынша ешқандай айырмашылық жоқ: орта есеппен алғанда, Қазақстанда және 
ЭЫДҰ-да әрбір бесінші мектеп директоры (18%) ешқашан көшбасшылық бойынша дайындық 
курсынан өтпеген.
TALIS-2018 Қазақстанда қызметке тағайындауға дейін білім беру саласындағы 
басшыларды даярлау тәжірибесі жоқ екендігін, жетекші кадрларға көшбасшылық пен басқару 
дағдыларын оқыту басшылық қызметке тағайындалғаннан кейін жүзеге асырылатындығын 
анықтады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет