Педагогті мектептегі басшылық қызметке қалай дайындау керек? Табысты жұмыс үшін
қажетті құзыреттер жиынтығын анықтауға бола ма? Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру
жүйесі не нәрсеге бағытталуы керек? Енді өзекті нәрсе бірнеше жылдан кейін де өзекті бола ма?
TALIS-2018 қазақстандық мектеп басшыларының мектепті басқару және педагогикалық
көшбасшылық
бойынша дайындықты, әдетте, қызметке кіріскеннен кейін өтетінін көрсетеді.
Мысалы, Қазақстанда мектеп менеджменті бойынша білімді тағайындалғаннан кейін алған
директорлардың үлесі – 67%, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл 33% құрайды, бұл көрсеткіштердің
айырмашылығы екі есе болып отыр. Осындай айырмашылық педагогикалық көшбасшылықта да
байқалады: Қазақстанда – 58%, ЭЫДҰ елдерінде – 29%.
Басшының кәсіби дағдылары, педагогика саласында білімі болуы мектеп директорына тән
өзекті қасиеттер болып қала береді. Бұл мектеп қызметін жоспарлауға ғана емес, сонымен қатар
оқыту тәжірибесін жақсарту үшін басқару шешімдерін қабылдауға да көмектеседі. Оқыту мен
оқуды жақсарту үшін бақылау, кері байланыс беру және деректерді пайдалану оның жұмысының
негізі болып табылады.
Директор күнделікті жұмысында білім берудің жалпы мақсаттарын жүзеге
асыруға
мүдделі көптеген адамдармен кездеседі. Мектеп директорының білім беру процесінің барлық
қатысушыларымен жағымды қарым-қатынас қалыптастыра білуі,
эмоционалдық зияттылық
қасиетін танытуы оның табысты басшы болуының кепілі бола алады.
Тағы бір маңызды аспект – бүкіл мектеп әкімшілігінің қызметі. Іс-шараларды жоспарлау,
есеп беру құрылымы әкімшілік жұмысының тиімділігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұнда
мақсатқа жету үшін барлық ресурстарды жұмылдыра алатын мектеп директоры маңызды рөл
атқарады. Өз іс-әрекеттері туралы ойлану ұжымда қажетті беделді қалыптастыруға ықпал етеді.
Халықаралық қоғамдастықта директордың басқару қызметінде қажет құзыреттіліктер
туралы пікірталастар жүруде. Олардың барлығы директордың күнделікті
жұмысында жиі
кездеседі.
«Российский учебник» корпорациясының білім саласындағы сарапшылары «Жоғары
экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің білім беру саласындағы көшбасшылықты
дамыту орталығымен бірлестікте директордың мектептің дамуындағы рөлін көрсететін
құзыреттілік моделін ұсынды. Осы модельді қолдана отырып,
мектеп директоры өзгерістер
тиімді болуы үшін басқару функцияларын қаншалықты жан-жақты орындайтынын тексере
алады.
Достарыңызбен бөлісу: