Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,22, 26].
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: (дәріс сұрақтары бойынша).
Дәріс №14. Тақырыбы: Алифатты қатардағы аминдер және нитроқосылыстар. Дәріс мақсаты: алифаттық қатардағы аминдердін және нитроқосылыстардың құрылымын, алу тәсілдерін, қасиеттерін, изомериясын зерттеу.
Дәріс жоспары: Алкиламиндер. Жіктелуі. Изомерия ерекшеліктері. Аминдердің функционалдық топтары. Үш валентті азот атомының хиральді мәселесі.
Гофман бойынша аминдер синтезі.
Біріншілік және екіншілік аминдердің қышқылдық қасиеті. Аминдердің судағы және полярлы емес органикалық еріткіштердегі негіздік қасиеті.
Нитротоптың электрондық құрылысы,қаныққан құрылыстар, мезоформулалар, зарядты бөлу, N – O байланысу реті және ұзындығы. Алу әдістері. Нитроқосылыстардың таутомериясы. Нитроқосылыстардың тотықсыздануы.
Нитрозо- және нитроқосылыстары, нитротоптың құрылысы, олардың байланысына С-Н әсері. Нитроалкандардың синтетикалық қолданылуы.
Аммиактағы сутегі атомының көмірсутектік радикалдарына алмасу реакциясының өнімдерін аминдер деп атайды. Біріншілік аминдерге радикалы R біріншілік, не екіншілік, не үшіншілік болуына тәуелсіз аммиактың бір сутегі атомының орынбасылу реакциясының өнімдері RNH2 жатады. Екіншілік аминдердің формуласы R2NH, ал үшіншілік аминдердікі – R3N. Аминдердің атаулары радикалдары бойынша құрылады: СH3NH2 – метиламин, (CH3)2NH – диметиламин, т.б.
Алкиламиндер – қуаты жағынан аммиакқа ұқсас, алайда едәуір күшті (алкил топтарының әлсіз +I-әсері!) негіздер. Аминдердің негізгі қасиеттері аммиакта сияқты тұз түзу нәтижесінде қышқылдың сутегі атомымен байланысып, алкиламмоний тұздарын беретін азот атомында электрондардың бос жұбының болуымен түсіндіріледі.
Аминдер негіздер сияқты тіпті өте әлсіз қышқылдармен, мысалы көмір қышқылы, күкіртсутек және синильді қышқылдармен тұздар түзеді, ал сумен сілтілік реакцияны қарапайым индикаторлардың көмегімен анықтайтын алкиламмоний гидрототықтарын түзеді.
Нитроқосылыстардың құрылысы. Ұзақ уақыт бойы химиктер бес ковалентті азоты бар азот қышқылының, нитраттардың және нитроқосылыстардың формулаларын қолданылып келді.
Бірақ нитроқосылыстарды бейнелеудің едәуір дұрыс формуласы: