Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы»


«Сұраққа жетіп ал!» әдіс-



бет5/13
Дата05.04.2023
өлшемі157,84 Kb.
#79683
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ЭМИ

«Сұраққа жетіп ал!» әдіс- материалды пысықтауда немесе қайталауда оқушының білімі мен ізденімпаздылығын арттыру. Тиімділігі: сұрақты дұрыс қоя білуге, нақты жауап беруге дағдыланады. Қолданылуы: сұрақ бағыттаушы доп- топ мүшелеріне сұрақты қояды, ал екінші доп- жауап беруші барған тұлға жауап беруі қажет . Доп кезек-кезек домалап, бағытталып, өз жауабын айтуға жетелейді.
«Джигсо» әдісі- берілген тақырыпты топ ішінде талқылап,әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Тиімділігі: ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға , білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді. Қолданылуы: көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленнеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады.сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с.
«INSERT» әдісі-оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру. Тиімділігі: жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинау. Қолданылуы: тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады V- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
«Кластер» әдісі -идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындау. Тиімділігі: Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздегені тиімді. Қолданылуы:
тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер).
«Фишбоун» әдісі-жаңа мәліметті сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау. Тиімділігі: Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір жетелейді. Қолданылуы: қағазға балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы сызбаларға сұрақтарын, төменгі жағынағы сызбаларға жауабы жазылады. Балық қабырғасының саны жетіден кем болмауы керек, түйінді ой құйрығына жазылады. Қосымша сұрақ туындайтын болса үстінгі және астынғы қабыршақтарға жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет