Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы»



бет9/13
Дата05.04.2023
өлшемі157,84 Kb.
#79683
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ЭМИ

«Ыстық микрофон» әдісі- баланы жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. Тиімділігі: құнды ой жинақтау, ойын ашық айту. Қолданылуы: оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
«Ханшайым, айдаһар, Самурай» сергіту сәті- қандай да бір ақпарат алуда шапшаңдыққа баулу. Тиімділігі: баланың шапшаң ойлауы арқылы жылдам шешім қабылдауына ықпал болады. Қолданылуы: екі топқа бірігіп, қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ самурай болып,бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен самурай болу арқылы т.с.с бірнеше рет қайталау арқылы сергіту жаттығуы жүргізіледі.
«Сұрақ ілмегі» әдісі- оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру. Тиімділігі: бала сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айта алады. Қолданылуы: бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады.
«Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі-баланың ойлау қабілетін дамыту. Тиімділігі: баланың өзине тест құрату арқылы уақытты тиімді пайдалану. Қолданылуы: өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады.
«Жалғасын тап» сергіту сәті-баланы жылдам ой қорытуға баулу. Тиімділігі:
Баланың логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді. Қолданылуы:
Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті жаңа сабақты бекітуге немесе үй тапсырмасын сұрауға да пайдалануға болады.
«Буклет» әдісі-ақпаратты жинақтап жеткізу. Тиімділігі: оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады. Қолданылуы: Бұл әдіс топпен жасалады және «Автобус аялдамасы» әдісімен түсіндіріледі

2.2.Бағдарламаның жағдайында табысты оқытудың әдістері.


Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Табысты оқытуды жоспарлаудағы негізгі мақсат — пән бойынша қарастырылған білім әр оқушының жадында түпкілікті сақталып, өмірде қолдана білуі. Ол үшін біріншіден, оқушылардың қазіргі уақытта оқып жатқан пәндік салалар мен бұрын қарастырылған тақырыптар арасында байланыс орнатуына үнемі ықпал етіңіз; екіншіден, сабақтарды «спиральді оқу бағдарламасына» сәйкес жоспарлап, яғни тақырып курстың басында қарапайым деңгейде қозғалса, кейін жоғары деңгейде қайта қаралуын ойластырыңыз. Оқушылардың тақырыпты түсінуі оларға тақырыпты қайта қарау мүмкіндігін берген кезде жетіле түседі. Оқу бағдарламасы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда белгілі бір бөлім немесе бөлімше аясында қамтылуға тиісті тақырыптар мен оқу мақсаттары көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеуге негіз болып табылады. Орта мерзімді жоспарда оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мұғалім мен оқушыларға ұсынылатын жаттығу түрлері, ресурс үлгілері ұсынылады. Оқу бағдарламасымен салыстырғанда, оқу жоспарындағы орта мерзімді жоспарлар ұсынымдық сипаттағы құжат. Сондықтан мұғалім жаттығу түрлерін бейімдеп, оқушының қызығушылығына, деңгейіне, қажеттіліктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін өзінің балама ресурстарын таңдай алады. Содан кейін іске асатын жоспар — ол қысқа мерзімді жоспар болып табылады. Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасауы керек. Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
-сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу;
-сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
-орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
-мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл:сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға; сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
оқуды бағалауды жеңілдетуге; оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Тиімді оқытуды жоспарлауда бірқатар мәселелерді ескерген жөн:
— Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек.
— Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Бұл оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
— Сыныппен өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы керек. Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. Сабақта бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болады.
Пәндердің оқу бағдарламаларының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығымен қатар, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды.
Сонымен бірге тағы бір ескеретін жағдай, сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады. Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді.Ендеше, сабақ барысын мұғалімдердің табысты етуіне көмектесетін бірқатар элементтер бар екендігін айта кеткен жөн. Олар мұғалімдердің:
-оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдайды;
-оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды;
-оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
-әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолданады;
-оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді.
Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді.
Белсенді оқу əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының бірізділігі, белгілі бір жүйелі білім беру бағытын көздейді. Бұл белсенді оқыту стратегияларының құрамына мыналар кіреді:
«оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру», «оқушылардың жеке, топтық жəне тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсету»;Белсенді оқу оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі əдіс-тəсілдер арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Олар: оқушының жеке пікірін тыңдау;оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық жəне логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру; оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін тиімді əдіс- тəсілдерді ұсыну жəне үлгісін көрсету; оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» жəне «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету; оқушылардың пəн бойынша меңгерген біліміне жүйелі түрде мониторинг жүргізу; оқушының өз білімін жетілдіруіне жəне бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау; түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-əрекетті жүзеге асыру;ізденуді жəне қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну; зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне зерттеу əдіс-тəсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде жəне сыныптар арасында) ұйымдастыру;
жеке, жұптық, топтық жəне ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей
білуді талап етеді. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін белсенді əдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары толығады. Оқу үдерісінде мұғалім оқушының неғұрлым белсенді болғанына назар аудара отырып, оқу материалын дайын күйінде бермеуі, оларға ашық сұрақ қою арқылы назарларын шоғырландырып оқу, шолу жасауы, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттауының нәтижесінде нәтижеге жетеді.
Бекіту жəне қолданысқа енгізудің де тиімділігі мол. Бұл -жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну. Сонымен қатар, коммукативтік дағдыларды дамытуға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді, яғни олардың қызығушылықтарын оятады. Әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қою арқылы мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйретеді. Шынында да оқушылардың интелектісін дамыту мақсатында интерактивті оқыту амалдарын қолдану – ақпараттың мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге ауысып отыруына мүмкіндік береді. Сұрақ қою жəне талқылау әдісі де сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу үшін қажет. Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушыны сөйлете алу мен пікірталас, қажетті ақпаратты іздестіру, жеке жұмыс жасау да орынды.
Белсенді оқу арқылы оқушылардың танымдық дағдылары дамып артады. Кез келген материалмен жұмыс жасауда қорытынды шығару жəне есте сақтауға оқушылардың сабақ мақсатына сай не үйренгенін түйіндеу мен түсінгенін анықтау мен қате түсінген жағдайда түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, өз идеяларын ұсынуға шақыруға көмектеседі.
Белсенді оқу әдістері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет