Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы»



бет8/13
Дата05.04.2023
өлшемі157,84 Kb.
#79683
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
«Ыстық орындық» әдісі- оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау. Тиімділігі: оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі. Қолданылуы: Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі-баланың бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру .Тиімділігі: балалар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді. Қолданылуы: оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларын бөліседі.
«Кинометафора» әдісі- баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Тиімділігі: Баланың логикалық ойлау қабілеті дамиды. Қолданылуы: кез-келген видеолық көрініс көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс- оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту. Тиімділігі: баланың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал етеді. Қолданылуы: сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады.
«Бес саусақ» әдісі-Баланың бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. Тиімділігі: Бас бармақ – басты мәселе . Балалы үйрек – бірлесу.Ортан терек – ойлану.Шылдыр шүмек – шынайылық..Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Қолданылуы: Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет