SMART (Сабақты мақсатты жоспарлауға қолданады)- айқын, нақты, қол жетімді шындыққа негізделген. Нақты мерзім және мақссатты жүзеге асыратын орынды құралдары болу керек. Тиімділігі: нақты мақсатқа жете алады. Қолданылуы: тақырыпқа жүйелі мақсат қою. мысалы математикада Теңдеулерді шешу тәсілдерін екі аптада меңгерту.
Константинополь (Стамбул)-ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Тиімділігі: оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Сөздік қорын арттырады. Қолданылуы: берілген сөз бойынша сөздің әріптерінен зат есімдер құру. Сөздегі әріптерден асып кетпеу керек.
SWOT–талдау- бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды,жағымсыз жақтарына сараптама беріледі,мүмкіндіктері бағаланып,қатерлері туралы айтылады. Тиімділігі:оқушының ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айтады. Қолданылуы: сабақты қорытындылау барысында қолданылады.
«Зерттеушілік конференциясы» әдісіЗерттеудің үдерістерін ескере отырып рефлекссия жасауды дамыту. Тиімділігі: ұсынылған мәселе бойынша өз елестетулерімен таныстыра білу. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Оқушының зерттеушілік шеберлігін анықтай отырып сауалнама өткізеді
Кейс – Стади- нақты болған жағдайды шындыққа ұқсату немесе шынайы суреттеу. Тиімділігі: оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді. Қолданылуы: жұмысты жүргізу үшін бірнеше болған оқиғаларды немесе жағдайларды ұсынады, жеке және ұйымдық мәселелерді туындататын, оларды жеке суреттеуге немесе бірден екеуін суреттеуге болады.
Дауыстап ойлау- Оқи отырып ой түю,ой бөлісу. Тиімділігі: оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды. Қолданылуы: Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді . Бір- біріне түсіндіреді.
Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі- баланы алған білімін саралай білуге дағдыландыру. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.