Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы»



бет3/13
Дата05.04.2023
өлшемі157,84 Kb.
#79683
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Миға шабуыл(әдіс)- қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша келтіреді. Тиімділігі:
балаға сұрақ қою арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы басталады. Қолданылуы: жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алуға болады.
Шаттық шеңбері(сергіту сәті)- бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді. Тиімділігі: баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Қолданылуы: сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
Ақылдың алты қалпағы-Баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. Тиімділігі: Ұсынылған мәселе бойыншаи өз ойына талдау жасай біледі. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасай біледі, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсете біледі, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шебердігі артады. Қолданылуы: Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)- тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру. Тиімділігі :баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Қолданылуы: балалар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет