Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы»



бет13/13
Дата05.04.2023
өлшемі157,84 Kb.
#79683
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ЭМИ

Міндеттері:
- Сыныпта ынтымақтастық, қызығушылық орта ұйымдастыру.
- Жаңа бағдарламаның-әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал туғызу.
- Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, жүйелі ойлана білуге, сөйлей білуге бағыттау.
Күтілетін нәтиже:
- Сабаққа түрткі сұрақтарды пайдалану оқушылардың сабаққа ынтасын, белсенділігін көтереді, сөздік қорын молайтып, оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.
- Оқушылар өзара пікірталасқа түседі, сауатты сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Қорыта айтқанда, білім беру мазмұнын жаңарту – бұл, бәрінен бұрын орта білім беру моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілі мен әдістерін қайта қарау, оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың барынша жаңа бағалау жүйесін енгізу. Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы бүкіл іс-шаралар кешені тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына, қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған.
Мектептегі білім берудің дамуындағы жаңа кезең, оқу процесін ұйымдастыру және мазмұнын қалыптастырудағы құзыретті тәсілді енгізумен, оқушыларды алған білімдері мен біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету қажеттілігімен тығыз байланысты. Құзыретті тәсілді енгізу, оқу жетістіктері деңгейін бағалау жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін оқыту мазмұнының нәтижелерін міндетті түрде болжауды жорамалдайды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қорытынды


Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген.Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт- оқуда. Теңдікке жетсек те, жұртымызды сақтасақ та дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылықты бастайтын жарқын жұлдыз-оқу» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр-ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру- тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе.
Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.
Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады.
Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Жалпы жаңа бағдарлама қолдауды да күрделі сұрақтарды да тудыратыны анық. Бағдарламаны оқушылардың қалай қабылдағаны өзімізге байланысты. Жаңа бағдарламаның артықшылықтарына тоқталатын болсақ, ең алдымен, жалпы бағдарламаға педагогикалық қауымдастық, оқушылар оң көзқарас танытуда. Жаңа бағдарлама оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға, түрлі әлеуметтік ортада өзін еркін ұстауға үйретуге бағытталған.
Оқушылар жаңа бағдарлама арқылы бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлға болып, кез келген қауымдастықта тіл табыса білуге, өзгелермен бірлесе отырып, туындаған мәселелер мен міндеттерді шеше білуге үйренеді. Жалпы оқушылар жаңа бағдарламаны дұрыс қабылдау үшін кез-келген пәнде оқыту әдісін дұрыс таңдау — ең басты мақсаттардың бірі. Бағдарламаның практикалық мазмұнына тоқталатын болсақ, жаңа бағдарламаны балалар әр түрлі деңгейде қабылдап жатыр. Бұл балалардың дайындық деңгейлеріне де байланысты.
Сабақтағы әдіс-тәсілдері, яғни стратегияларды шеберлікпен тиімді қолдану қажеттігін ұстаздардың өздері де әлі үйреніп жатыр, бұрынғы дәстүрлі сабақтардағыдай дайын идеяларды ұсынып, өздері түсіндіріп, сыныпты басқарып жатқан жоқ, оқушылардың өздеріне білім мен идеяларды құруларына мүмкіндік беріп жатырмыз. Бұл бағдарлама алдымен, сабақ мақсатынан бастап өзгергендігінде. Сабақтың мақсатын қоя отырып, «мен осы сабақтан не күтемін; менің оқушыларым сабақ соңында қандай жетістікке жетеді; осы мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерді қалай қолданамын; нәтижесінде өз мақсатыма жеттім бе, менің оқушылардан күткеніме олар жетті ме?» деген мәселеріне көңіл аудару керек.
Бағдарлама аясында білім беру жүйесіне енгізілетін жаңа бағалау түрі – критериалды бағалау. Бағалау қалыптастырушы және жиынтық болып келеді. Бұл арқылы оқушылардың бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Сабақ соңында оқушы өз нәтижесін критерийлер бойынша бағалайды. Дәстүрлі бағалауда жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер ретінде жүргізіледі. Бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады және бағалау тек мұғалімнің билігінде болады.
Оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сонымен, дәстүрлі бағалауда бақылаудың барлық мүмкіншілігі мұғалімнің қолында болады: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді. Өздік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын орындағанда көп жағдайда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады. Ұсынылып отырған бағалаудың жаңа тәсілдерде оқушылардың өзара бағалауы ынталандырылып, өзін-өзі бағалауға деген құқығын біледі, үдеріс пен оқыту нәтижесіне деген жауапкершілігі артып, өзін-өзі бақылауы күшейеді. Мұғалімнің қызметі төреші, бақылаушыдан көмекші, кеңесшіге ауысады.
Бағалау үдерісінде мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті үзілмейді, керісінше жаңа білімді игеру ынтымақтастығы жалғаса түседі. Бағалаудың жаңа жүйесінде жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы немесе формативті бағалау қолданылады. Жиынтық бағалаудың немесе Оқыту үшін бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу
үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Дәстүрлі бағалауға қарағанда, критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының білім сапасын жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.
Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналарға да өте тиімді бағалау түрі, өйткені мұғалім үшін — сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға, өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға т.б., оқушылар үшін — табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп, түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге т.б., ата-аналар үшін — оның оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады. Қалыптастырушы бағалау жүйесі оқушылардың бейімделуіне қолайлы. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты дәстүрлі бағалау жүйесінен гөрі қалыптастырушы бағалау әдісі олардың белілі бір уақытқа дейін қарапайым үлгілерді үйренуіне қолайлы болатын сияқты.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру — оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты табысты ету үшін, оқулықпен жұмыс жасағанда тиімді жұмыс түрлерін жүргізуге болады: әр түрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, сызбалар),шығармашылық тапсырмалар.
Елбасы Н.А. Назарбаев атап көрсеткендей, «Бiлiм беру саласын модернизациялау білімнің базалық құрамдылығын сақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады». Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың және бiр маңызды сипаты, қазiргi уақыттағы оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға мәлім. Мектептерде білім беру сапасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған айқын жұмыс жүйесі қалыптасқан.
Жаңарған білім беру бағдарламасымен жұмыс істеу барысында кездесетін қиындықтар негізінен материалдық базаға негізделген. Себебі, барлық кабинеттерде компьютерлер, интербелсенді тақталар жоқ. Сол себепті, мұғалім кей кездерде дайын көрнекі құралдарды толық пайдалана алмайды.
Оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін жасау, оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырма құрастырып, олардың дескрипторларын жасау тәжірбиені қажет етеді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші бағдарлама мазмұнының өзіндік ерекшеліктері күн сайын ашылып отырар. Тек болып жатқан жаңалықтарды тұтандырып, балалардың санасына жеткізе білсек, арманымыз асқақ, үмітіміз зор болар. Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші, сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
2.Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
3.ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.
4.ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
5.ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.
6.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж
7.ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж
8.Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж.
9. Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин Атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016
10. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж.
11. «Білімтехнологиялары» № 3, 2014 ж
12. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын апробациялау мониторингісі және механизмдері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 109 б.
13. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 368.
14. ҚР Президентінің 2014 жылы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы
Ж.Жонтаева «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту»\\ Білімді ел\\ 16, тамыз, 2016ж. №15.52.
15. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы\\ екінші басылым, 2016 ж.
16. Мәтбек Н.Қ. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері. Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. - 56 б. 
17. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. - Алматы: Мектеп, 2014. - 192 б.
18. Мәтбек Н.Қ. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері. Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. - 56 б. 
19. Нұрмаханов Ж., Дайырова Ә.. Орта мектепте лириканы оқыту: - Алматы: Рауан, 2013. - 131 б.
20. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. - 2-ші бас.. - Алматы: Мектеп, 2014. - 141б.
21. Оқыту теориясы/ Авт.-құраст.Дейл Ч.Шунк. - Астана:Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 608 с.
22. Мақпырұлы С. Қазына. - Алматы: Арыс, 2014. - 318 б.
23. http://www.ustaz.kz/ - «Ашық сабақтар» веб-сайты
24. Тілешева С. Әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру: 4-7 класс. - Алматы: Мектеп, 2013. - 103 б.
25. http://lit.september.ru/ - электронная версия газеты «Литература» - приложения к газете «Первое сентября»
26. http://metlit.nm.ru/ - «Информационно-поисковая система по методике преподавания литературы»
27. http://mlis.fobr.ru/ - «Методико-литературный Интернет-сервер(МЛИС) «Урок литературы»
28.Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. А., 2004. (371.2(075.8)/ Ә-15)
29. Сынып жетекшінің ережесі// Сынып жетекшісі-Классный руководитель – 2002 - №3 – Б.3-
30.Созонов В.П. Организация воспитательной работы в классе№ М., 2000. (371.2(072.3)/С-58)
31.Воспитание детей в школе/ под ред. Н.Е.Щурковой. – М., 1998. (37.018/ В-77)
32.Щуркова Н.Е. Программа воспитания школьника. М., 1998. (371.2/ Щ-98)
33.Программа воспитания в общеобразовательных организациях ВКО. Усть-Каменогорск, 2002. (37(073) /П-78)
34.Исаева З.А. и др. Активные методы и формы обучения в высшей школе. А., 2005. (378.147(075.8)/ И-85)
35.Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. М., 2000. (37.01(075.8)/ С-29)
36.Классному руководителю/под ред. М.И.Рожкова. – М., 1999 (371.213(072.3)/ К-47)
37.Ажмурат С.А. Современные технологии воспитания. Павлодар., 2004. (018(075.8)/ А-34)
38.Спутник классного руководителя/ под ред. Л.Д.Гуткина, А.А.Жирякова. – М., 2001 (371.2/ С-74)
39.Организация работы классного руководителя// Творческая педагогика – 2003 - №2 – С.14
40.Технология коллективного взаимодействия// Классный руководитель (росс). – 2004. - №6, 7.
41.Коллективно-творческое дело// Классный руководитель (росс) – 2004 - №4

42.Технология поддержки// Классный руководитель (росс) – 2005 - №4

43. Иванов И.П. Энциклопедия КТД. М.: Педагогика, 1989

44. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. М., 2000

45. Кожахметова К. Психолого-педагогические подходы к воспитанию дете с девиантным поведением// Воспитание школьника – 2003 - №6 – С.13-23

46. Имангалиев Е.Роль социального партнерства в решении проблемы подростковой девиации// Воспитание школьника – 2003 - №6 - С.23-27.

47.Сапаев А. Спецшкола для детей и подростков// Воспитание школьника – 2003 - №6 – С.27-32

48. Милушкина С.Х. Организация профилактической работы в школе// Классный руководитель (росс) – 2002 - №8 – С.23-29

49. Как организовать дискуссию со старшеклассниками// Воспитание школьников – 2005 - №7 – С.20

50.Блошенко В.В. Анкетирование в работе классногол руководителя// Классный руководитель (росс) – 2002 - №8 – С.70-74



51. Оценка деятельности классного руковдителя// Классный руководитель (росс) –2003 -№6 С.40

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет