«Өрмекші» әдісі (постермен жұмыс)- жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту. Тиімділігі: Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді. Қолданылуы:
оқушылар өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздерді жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
Үштік әдіс (Ойлан,жұптас, бөліс)- оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазады. Тиімділігі:одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді. Соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды. Қолданылуы: Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар үш жұптан бөлінеді бірінші оқушы оқиды, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады.
«Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі-оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады. Тиімділігі: Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады. Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасай алады.Шығарашыл тұрғыдан ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Қолданылуы: мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне түсіру.
Қар кесегі- ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді. Тиімділігі: оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді. Қолданылуы: төрт топ окушылары әр топқа бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады
Заряд алу (сергіту сәті)- баланы ұқыптылыққа, мұқияттылыққа үйретеді. Сезімталдыққа үйрету. Тиімділігі: Ресурс қажет етпейді.Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді. Қолданылуы: Шаттық шеңберге тұрып бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, енінші айналымда 2 рет қысады, соңында барлығы көзді жұмып 3 рет қысады бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта сол келу керек.
Бұзық телефон (Сергіту сәті)- дұрыс тындалым, айтылымға бағытталған. Тиімділігі:оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады,сергиді. Қолданылуы: шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам қүлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек. сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.
Бэкроним әдісі- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тиімділігі: ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды,жазылым дағдысы қалыптасады. Қолданылуы: сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құру.