Білім беру бағдарламасы үшін кешенді емтихан бағдарламасы өскемен қ., 2022 Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы



бет1/24
Дата07.05.2023
өлшемі88,59 Kb.
#90857
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ

«БЕКІТЕМІН»


Педагогика Жоғары мектебінің деканы
__________________Г.Б.Куленова
«____»________________2022 ж.
6В01901 «ДЕФЕКТОЛОГИЯ»
білім беру бағдарламасы үшін
КЕШЕНДІ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен қ., 2022


Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы


Құрастырушылар:


Камзина А.М. - сениор-лектор
Северинова Е.А. – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Смаилова Ж.У. - сениор-лектор
Стельмах С.А. – пс.ғ.к., профессор
Тюлюпергенева Р.Ж. – пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Бағдарлама жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары (SYLLABUS)негізінде жасалған

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының отырысында ұсынылды




«7» желтоқсан 2022 ж. № 4 хаттама

Психология және коррекциялық


педагогика кафедрасы меңгерушісі ______________ М.Ф.Бекбаева

Педагогика Жоғары мектебі кеңесінің отырысында мақұлданды




«8» желтоқсан 2022 ж. № 4 хаттама
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасын зерделеу аяқталғаннан кейін қол жеткізілген оқу нәтижелерін бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарларында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
6В01901 «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды емтихан «С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы» ШҚУЕ 006-23 Ережесіне сәйкес емтихан билеттері бойынша ауызша нысанда өткізіледі (www.vku.edu.kz).
Қорытынды аттестаттауға оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқу процесін толық аяқтаған, академиялық берешегі жоқ білім алушылар жіберіледі.
Қорытынды аттестаттау екі кешенді емтихан түрінде өткізіледі:
- мамандық бойынша (Арнайы педагогика, Арнайы психология);
- бейіндік пәндер бойынша (Мүмкіндігі шектеулі балаларға ана тілін оқытудың арнайы әдістемесі, Инклюзивті мектептегі дефектологтың қызметі. Логопедия. Логопедия мамандығындағы студенттерге арналған тәжірибелік тапсырмалар).
Әр пән тақырыптар тізімінен және әр тақырып бойынша негізгі сұрақтар тізімінен тұрады.
Білім алушының жауабын бағалаудың негізгі критерийлері: бағдарламалық материалды білі, зерделілігі мен игерудегі беріктігі, пайымдаудың дербестігі мен ұсыну нысаны болып табылады.
Қорытынды аттестаттауда түлектердің білімі балдық-рейтингтік және әріптік жүйенің бағаларымен айқындалады және аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары ресімделгеннен кейін емтихан өткізілген күні жарияланады.
Оң бағаны арттыру мақсатында қорытынды кешенді емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді. Қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғалардың кешенді емтихандарды қайта тапсыруына жол берілмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет