Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Балаларды дамытудың жеке траекториясы



бет14/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Балаларды дамытудың жеке траекториясы
Балаларды дамытудың жеке траекториясы деген педагог ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, жеке қажеттіліктері, қабілеттері мен мүмкіндіктері бар балалар үшін әзірлейтін, мақсатты сараланған оқу жоспарын білдіреді.
Жеке білім беру бағытын оқудағы қиындықтардың орнын толтырудың дербес жолы, содан кейін баланың жеке: интеллектуалдық, эмоционалдық, белсенділік, адамгершілік және рухани әлеуетін жүзеге асырудың өзіндік тәсілі ретінде қарастыруға болады.

Білім беру бағытын құру принциптері:


Психологиялық жайлылық принципі
Демократияландыру принципі
Дербестендіру (даралау) принципі
Ізгілендіру принципі
Саралау мен интеграциялау принципі
Дамыта оқыту принципі
Шығармашылық принципі
Табиғи қозғалыс әрекетінің белсенділігі принципі

Бұл бағдарламалар дербестендіру (даралау) деңгейіне сәйкес әзірленеді:







1-сурет. Білім беру бағытын дербестендіру (даралау)

Жеке білім беру бағыты (маршруты) мақсатты түрде жасалған сараланған оқыту бағдарламасы ретінде анықталады. Сондай-ақ оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері, жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері ескеріледі.


Жеке білім беру маршруттары әзірленеді:
- мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасын меңгермейтін балаларға;
- мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;
- дарынды балаларға.


Жеке білім беру бағыттарын әзірлеу тәртібі:
Оқу бағдарламасын меңгеру сапасына мониторинг жүргізілген соң, нәтижесі педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық ұжым оқу бағдарламасын меңгеруде төмен немесе жоғары нәтиже көрсеткен, жеке оқу траекториясын қажет ететін балалардың тізімдерін жасайды.
Мұғалімдер мамандармен бірлесе отырып, жеке білім беру бағытын (мазмұндық бөлігін) жасайды, содан кейін қысқа мерзімде оны жүзеге асырудың әдісі әзірленіп бекітіледі.
Педагогтар жеке оқу маршрутының формасын, жол парағын әзірлейді.
Жеке маршрутты жасау кезінде келесі принциптерді пайдалана аласыз:
- баланың оқуына сүйену принципі,
- нақты даму деңгейі мен жақын арадағы даму аймағын корреляциялау принципі.
Бұл принциптерді сақтау бала дамуының жеке траекториясын жобалауды анықтайтын негізгі сипаттама ретінде жаңа білімді игеруге байланысты әлеуетті қабілеттерін анықтауды көздейді;
- баланың мүдделерін сақтау принципі. Баланың дамуындағы кез келген проблемалық жағдайдың себебі – баланың өзі, сондай-ақ оның әлеуметтік ортасы да болуы ықтимал. Қүрделі жағдайларда мәселені объективті талдау қажет. Яғни ересектердің өмірлік тәжірибесін, олардың өз бетінше өзін-өзі жүзеге асыруының көптеген мүмкіндіктерін және әлеуметтік құрылымдар мен ұйымдардың көптігі ескеріледі. Ал баланың жағында көбінесе баланың өзі ғана болады. Қолдау жүйесінің маманы әрбір проблемалық жағдайды балаға мейілінше тиімді түрде шешуге міндетті.
- баланы (құбылысты, жағдайды) зерттеу барысында мамандар «командасының» тығыз өзара әрекеттестігі мен жұмысының үйлесімділігі принципі;
- үздіксіздік принципі, бұл жағдайда, мәселені шешудің барлық кезеңдерінде балаға көмек көрсетуде үздіксіз қолдауға кепілдік беріледі. Проблема шешілгенде немесе шешу жолы анық болғанда, маман балаға қолдау көрсетуді тоқтатады;
- балалардың субмәдениетіне сүйену принципі. Балалар қоғамдастығы әзірлеген дәстүрлермен, нормалармен және әдістермен кемелдене отырып, әрбір бала толыққанды балалық шақ тәжірибесін өткеруі тиіс.
Осылайша, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың базалық оқу жоспарын игермейтін балаларды немесе мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балаларды дамытудың жеке білім беру траекториясын құру арқылы мектепте оқу кезінде барлығына бірдей бастапқы мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.



Дарындылық белгілері бар оқушыларды оқытуға арналған жеке білім беру маршрутының құрылымы:

  1. Баланың тұлғалық әлеуетін анықтайтын ата-ананы бақылау және сауалнама алу

  2. Баланы оқыту кеңістігінің егжей-тегжейлі ресурстық картасын жасау (мектептегі және отбасындағы дамушы орта, қосымша оқу мүмкіндіктері);

  3. 3. Ата-аналар мен балалардың өздерінің оқу сұранысын зерттеу;

  4. Дарындылық белгілері бар оқушының жеке білім беру маршрутының жоспар картасын жасау (барлық білім беру салаларының байланысы);

  5. Жұмыстың мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, формаларын, әдістері мен тәсілдерін, жоспарланған нәтижені, білім беру салаларын интеграциялау жолдарын белгілей отырып, оқушыға білім беру қызметінің жоспарын құру;

  6. Шығармашылық және оқу жетістіктерінің мониторингін қадағалау;

  7. Оқушының ағзасына қолдау жасау мақсатында тар медициналық мамандарға бару және кеңес алу жоспарын әзірлеу;

  8. Оқушының өзін-өзі жүзеге асыру портфолиосын жинақтау;

  9. Оқу жылы ішінде оқушының тұлғалық өсуін қадағалау үшін аттестаттау материалын әзірлеу;

10. Баланың жетістіктерін марапаттау жүйесінің бақылау парағы, рефлексия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет