Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың медициналық моделі



бет4/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық Интегр началка (Восстановлен)

ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың медициналық моделі

ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың әлеуметтік-педагогикалық моделі

Оқытудағы қиындықтар мен проблемалар балаланың өзінде, сондықтанда ол бала «қалыпты емес, бойында ақауы бар, мүгедек» деген түсінікке негізделеді. Бағалау медициналық диагнозға, оқыту – түзетуге бағытталған [14].



Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқудағы қиындықтары «барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне жалпы білім беретін мектептердегі жағдайдың сәйкес келмеуі және білім берудің қоғамдық жүйесінің жетілмегендігі» салдарынан туындаған тұжырымға негізделген. Бағалау адамның қажеттіліктеріне бағытталады, ал оқыту білім алуды қолдауға және қоршаған орта факторларын бейімдеуге бағытталады [14].





Әлеуметтік-педагогикалық модельді енгізу ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың сапалы білім алу құқықығын қамтамасыз етуді және білім беру жүйесінің өзінде өзгерістерді талап етеді. Демек, білім беру жүйесі барлық білім алушыны кемсітпей және төмендетпей оқытудың мүмкіндігін және тең құқығын қамтамасыз етуге икемді болуы тиіс.


Мектеп оқу процесінде қандайда бір себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар балалардың болатынын және олардың нәтижесін – ерекше қажеттілік ретінде қабылдауы қажет.
Демек, инклюзивті білім беру – бұл әр адамның білім алу құқығын іске асыруды халықаралық-мақұлданған құрал. Сонымен қатар, әлемнің көптеген елдерінде арнайы білім беруді трансформациялаудың негізгі бағыты.
Инклюзивті білім беру келесі қағидаттарды негізге алады:

  1. Адам құндылығы оның қабілетіне және жетістіктеріне ғана тәуелді емес;

  2. Әр адам ойлауға және сезінуге қабілетті;

  3. Әр адам басқамен қарым-қатынас жасауға және өзінің пікірін басқалардың білуіне құқылы;

  4. Нағыз білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;

  5. Барлық адамдар бірін-бірі қажет етеді;

  6. Барлық адамдар құрдастарының достығын және қолдауын қажет етеді;

  7. Барлық оқушылар өздерінің қолынан келмейтін нәрседе емес, өзі жақсы түсінетін және қолынан келетін нәрселерде табысқа тезірек қол жеткізе алады.

  8. Адам бойындағы ерекшелік оның өмірінің барлық қырларын күшейтеді. Бұл қағидат адамның қоғамда өзіндік орны бар екендігін және оның қоғамға қосатын өзіндік үлесі бар екенін қабылдауды қамтиды.

Инклюзивті білім беру идеясы адамның алуан түрлілігін және олардың арасындағы айырмашылықты түсіну және сол күйінде қабылдау нәтижесінде қалыптасты. Инклюзивті білім беру кез келген адамның физикалық, зияткерлік, діни, мәдени, нәсілдік, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қоғамға қосылуына қолайлы болатындай етіп өзгерту қажеттігін мәлімдейді.
Жалпы ойымызды түйіндей келе, инклюзивті білім беру идеясы барлық балалар денсаулығына немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, мектеп өмірінің белсенді қатысушысы және мектеп қоғамдастығының маңызды мүшелері болып табылады. Мектептегі инклюзивті білім беру практикасын іске асырудың маңызды шарттары оқушылар арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыру және құрдастарымен қарым-қатынаста проблемалары бар оқушыларды қолдау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет