Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет7/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Инклюзивті мәдениет

Соңғы жылдары елімізде әлеуметтік интеграция саласындағы мемлекеттік саясаттың заңнамалық негізі жасалып, медициналық, кәсіби және әлеуметтік-мәдени оңалту жүйелері жетілдірілуде. Алайда, әлеуметтік интеграция саласын реттейтін құқықтық-нормативтік база жеткілікті болғанымен, заңнамалық нормаларды тәжірибеде іске асыруда қиындықтар бар. Осы санаттағы адамдарға деген қоғамдық көзқарасты өзгертуге байланысты проблеманы инклюзивті мәдениетті қалыптастыру арқылы шешуге болады.


Үлкен энциклопедиялық сөздікке сүйенсек, «мәдениет» (латын тілінен cultura – өсіру, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қастерлеу) – қоғам дамуының, адамдардың шығармашылық күші мен қабілеттерінің тарихи анықталған деңгейі, ол адамдардың өмірі мен қызметінде, олардың қарым-қатынасында, сондай-ақ олар жасайтын материалдық және рухани құндылықтарда көрініс табады [20].
Соның негізінде мынадай анықтама беруге болады: инклюзивті мәдениет – адамдардың бір-біріне деген адамгершілік, толерантты, қауіпсіз қарым-қатынасынан көрінетін, білім беру процесінің барлық қатысушыларының дамуы ынталандырылатын, ды ынтымақтастық идеялары ортақ болатын қоғамның даму деңгейі, мұнда әр адамның құндылығы жалпы жетістіктердің негізі болып табылады және барлығы қабылдайтын инклюзивті құндылықтар қалыптасады. Бұл контексте инклюзивті құндылықтар, нормалар мен идеалдармен бірге, инклюзивті мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
«Инклюзивті мәдениет» терминін бірқатар зерттеушілер – С. В. Алехина, Т. Бут, М. А. Колокольцева, Е. И. Попова және басқалар кең (жалпы қоғам мен мәдениетке қатысты), сондай-ақ тар (білім беру мекемесіне қатысты) мағынасында қарастырады.
Кейбір ғалымдар инклюзивті мәдениетті ерекше философия деп санайды, сәйкесінше құндылықтар, инклюзивті оқыту туралы білім және жауапкершілік аталған процестің барлық қатысушылары арасында қабылданады және бөлінеді.
Қоғамның инклюзивті мәдениетін инклюзивті білім беруді табысты жүзеге асырудың факторы ретінде ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамды дамыту факторы ретінде қарастыруға болады. Оның анықтамасы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға ғана емес, сонымен қатар басқа ұлтқа, дінге немесе кез келген басқа сипаттағы ерекшеліктері бар адамдарға да қатысты болатынын атап өткен жөн.
Жеке тұлғаны құрметтеу, адамгершілік көзқарас, жауаптылық кез келген адам үшін маңызды. Сондықтан да көпшілік, ең алдымен, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар меңгеруі тиіс инклюзивті мәдениетті инклюзивті білім беруді дамытудың ең маңызды негіздемесі деп санауға болады.
Қазіргі қоғам өзінің әрбір мүшесін сол қалпында қабылдауды, басқалардың шектеулі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінен тітіркену сезімін жеңуді үйренсе, онда әртүрлі адамдарға, өзге мәдениетке төзімділікті тәрбиелеу, оларға қызығушылық пен құрметті ояту мәселесі шешілген деп санауға болады [21].
Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде инклюзивті білім беруді енгізу адамдардың (дамуы қалыпты немесе мүмкіндігі шектеулі болса да) табысты әлеуметтенуінің, қоғам өміріне толық қатысуының, әр түрлі кәсіптік және әлеуметтік қызметте өзін-өзі іске асыруы мен дамуының басты құрамдасы болып табылады. Дегенмен, инклюзивті білім беру социумда өз рөлін орындау үшін инклюзивтік білімге қатысушылар арасында инклюзивті мәдениет құндылықтары мен нормаларына негізделген ерекше қарым-қатынастарды құру қажет. Мұндай мәдениеттің құндылықтары мен нормаларын білім беру процесінің барлық қатысушылары: ерекше білім беру қажеттіліктері бар және шартты түрде дені сау оқушылар, мұғалімдер, білім беру ұйымының әкімшілігі және ата-аналар (заңды өкілдер мен қамқоршылар) қабылдауы керек.
Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру үдерісінің негізгі мақсаты, ең алдымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтендіру және қоғамға интеграциялау болып табылады. Осы мәдениеттің көмегімен адамгершілік, толеранттылық, төзімділік, сыйластық сияқты адамгершілік ұғымдар сіңіріледі. Инклюзияның табыстылығы мен тиімділігінің маңызды факторларының бірі – білім беру қатынастары субъектілерінің жоғары деңгейде қалыптасқан инклюзивті мәдениеті. Ұйым инклюзияны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасай алады, бірақ адам факторын жоққа шығаруға болмайды. Осы ерекшелікті ескере отырып, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы кедергілер мен қиындықтарды жою өзекті мәселе болып қала беретіні атап көрсетіледі. Бұл үдеріс келесі факторларға байланысты:
● оқу үдерісінде бейімделген негізгі білім беру бағдарламаларын, қашықтықтан оқыту бағдарламаларын ішінара пайдалану;
● ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың жеке жоспарын құруға көптеген мұғалімдердің қабілетсіздігі;
● оқу орындарының материалдық-техникалық базасының талапқа сай еместігі;
● ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытуды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету мәселелері не қатысты білімнің қанағаттанарлықсыз деңгейі [22].
Қазіргі қоғам өзінің әрбір мүшесін оның психофизикалық ерекшеліктеріне қарамастан сол қалпында қабылдауға, өз бойындағы менсінбеушілік сезімін жеңуге үйренген жағдайда, мүмкіндігі шектеулі жандарға, өзге мәдениетке төзімділікті тәрбиелеу, қызығушылық пен құрмет сезімін ояту мәселесі шешілді деп санауға болады.
Мектептің оқу-тәрбие үдерісі субъектілерінің инклюзивті мәдениетін шартты түрде келесі элементтерге бөлуге болады:
1) инклюзивті білім беруге қатысты құндылықтар, нормалар, ұстанымдар мен этика;
2) инклюзияға қатысты құндылықтар мен ұстанымдар;
3) инклюзивті білім берудің барлық қатысушыларының қолайлы өзара әрекеттестігіне ықпал ететін әлеуметтік және тұлғалық қасиеттер.
Инклюзивті білім беруге қатысты құндылықтар, нормалар, ұстанымдар мен этика – оқыту үдерісіне қатысушылардың барлығының инклюзивті білім беру идеологиясын, адамгершілік принциптерін, «басқаны» қабылдаудың құндылық-мағыналық қатынасын қабылдау үдерісі, олардың инклюзия идеясына деген қатынасын, жаңа – «инклюзивті» тәжірибені игеруге деген ішкі мотивациясын анықтайды.
Жағымды мектеп мәдениетін немесе мектеп этикасын құру мектептің даму мақсаттарын анықтауды және оған қол жеткізуді қамтиды. Бұл мақсаттар мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне, әсіресе мектептің басшыларына ортақ құндылықтарды, көзқарастарды, дәстүрлерді және мінез-құлық нормаларын көрсетеді. Инклюзивті мектептер үшін бұл: а) алуан түрлілік идеясына деген тұрақты міндеттемені, б) басқа мәдениеттерге құрмет және в) жоғары, бірақ шынайы стандарттарды бекіту дегенді білдіреді.
Мектеп мәдениеті оның мүшелерінің бір-біріне: мұғалімнің мұғалімге, мұғалімнің оқушыға, оқушының оқушыға, ата-ананың мұғалімге, ата-ананың оқушыға деген қарым-қатынасын анықтайды және көрсетеді.
Жалпы, мектеп мәдениеті – оның қалыптасуына барлығы ықпал еткенімен, жеке мүшелердің емес, ұйым ретіндегі мектептің ерекшелігі болып табылады [23].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет