Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Ерекше білім беру қажеттіліктері



бет5/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Ерекше білім беру қажеттіліктері 
Ерекше білім беру қажеттіліктері – әрбір оқушының оқуда табысқа жетуі үшін психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын білім беру процесіндегі көмек пен қызметке деген қажеттіліктер. 
Инклюзивтілік принципіне негізделген жалпы білім беруді дамыту білім берудегі құндылық бағдарлардың өзгеруін болжайды. Инклюзивті білім беру құндылықтарына орай білім беру процесінің барлық қатысушылары келесі ұстанымдарға сүйенеді:

  1. мүмкіндіктердің әртүрлілігін кедергілер мен проблемалар ретінде емес, ресурстар ретінде қарастыру. Қоғамда толерантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыруға және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге арналған ресурстар. Бір оқушының қиындықтарын жеңу үшін жұмыс істеу, әдетте, басқа балаларға пайда әкеледі;

2) оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, сыныптағы барлық оқушыларға назар аудара отырып, білім беру процесін құру; 
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға тек мамандар емес (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) білім беру процесінің барлық қатысушылары және ең алдымен, пән мұғалімі тарапынан қолдау көрсету
4) білім беру процесінде оқушыларға көмек көрсету мәселелерін шешуде командалық тәсілді қолдану; 
5) Оқушыларға қолдау көрсетуде кезінде «ен тағудан» бас тарту. Көмек «инклюзивті», «арнайы», «дағдарыстағы», «инклюзивке қосуға жататын» балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толыққанды мүшелеріне көрсетіледі. Ен тағу – кемсітушіліктің көрінісі. 
Мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыны, оның жеке қажеттіліктеріне қарай табысты оқуы үшін, барлық қажетті жағдайлармен және қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті [15]. 
Халықаралық қауымдастық әр адам үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің шарты ретінде мыналарды атайды: 
- оқушылардың мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін қабылдайтын мұғалім; 
- білім беру мазмұнын оқушының қажеттіліктерін ескере отырып бейімдеу; 
- білім алушылардың әртүрлі мүмкіндіктеріне бағытталған оқыту процесін ұйымдастырудың түрлі формаларын, оқытудың вариативті әдістері мен тәсілдерін қолдану
- оқушылардың жетістіктерін бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану; 
- мамандардың көмегі; 
- жеке сабақтарды өткізуге жағдай жасау үшін, оқу-әдістемелік материалдармен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету; 
- барлық деңгейде (орталық, аймақтық, мектеп) ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін басқару. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) – дүниежүзілік қоғамдастықтың көптеген елдерінде кең тараған ұғым, өйткені инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес ол мектепке әр оқушының табысты оқуы үшін жағдай жасауға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 
Қазақстанда ЕББҚ бар балаларға «денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болған және арнайы, жалпы білім беретін оқу жоспарлары мен қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын қажет ететін» балалар жатады [15]. 
ЭЫДҰ елдерінде (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) "ерекше білім беру қажеттіліктері" термині дене бітімі, психикалық ерекшеліктері, қабылдауы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға, созылмалы аурулары бар балаларға, ауруханада немесе үйде ұзақ уақыт емделіп жүрген балаларға, эмоционалдық проблемалары бар балаларға, тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, зорлық-зомбылық көрген балаларға, әскери жанжалдар аймақтарынан шыққан балаларға, босқындар мен қоныс аударған адамдарға қолданылады. Бұл терминдерді дарынды балаларға қатысты да қолдануға болады, өйткені бұл балалардың да ерекше қажеттілігі бар – талантты дамыту және жеке қасиеттерін ашу [9]. 
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде арнайы білім беру қажеттіліктерінің келесі анықтамасын қолдану ұсынылады – бұл оқушылардың психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және басқа көмекке деген қажеттіліктері, онсыз сапалы білім алу мүмкін емес. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды келесі топтарға бөледі: 
1-топ. Психофизикалық дамуы бұзылған балалар: есту, көру, зият, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген (ақыл-ойдың артта қалуы) және эмоционалды-еріктік бұзылулары бар балалар. 
2-топ. Оқуда ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар балалар.
Ерекше қиындықтар интеллектісі бұзылмаған оқушыларда байқалады және жеке оқу дағдыларын меңгеруде көрінеді: жазу, оқу немесе санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). Бұл қиындықтар, әдетте, уақытша болып табылады және оларға мамандардың көмегі болған жағдайда жеңуге болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар дамудың ерекше проблемаларына байланысты болуы мүмкін (гипербелсенділік пен назардың тапшылығы синдромы, аутизм спектрінің өрескел емес бұзылуы және т.б.), сондай-ақ қолайсыз психологиялық факторлар (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен бала, отбасы ішілік қарым-қатынастар) бұл құрдастарымен және мұғалімдермен қарым-қатынастың әртүрлі қиындықтарына әкеледі (ұялшақтық, енжарлық, оқшаулау немесе жанжал, тілазарлық, агрессивтілік). 
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени себептерге байланысты ерекше білім беру қажеттіліктері туындайтын білім алушылар. Бұған аз қамтылған отбасылардан шыққан немесе балаларды тәрбиелеу мен дамытуға тиісті назар аудармайтын, әлеуметтік қауіпті отбасылардан (маскүнем, нашақор ата-аналар және т. б.), сондай-ақ, жергілікті әлеуметтік ортаға бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) немесе тілді нашар түсінетін және мектепте оқыту тілінде сөйлемейтін және т. б. балалардың микроәлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыздығын жатқызуға болады. 
ЕББҚ-пен оқитын оқушыларды осы топтарға бөлу мектептегі бірде-бір оқушыны назардан тыс қалдырмауға, оқуда қиындықтардың себебін анықтауға мүмкіндік береді. 
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп жатқан ҚР жалпы білім беретін педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы бұл психофизикалық дамуы бұзылған оқушы ғана емес, оқуда қиындық көріп отырған кез келген білім алушы екенін түсіну маңызды. 
Психофизикалық дамуында ауытқулары жоқ екінші және үшінші топтағы оқушылар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жүгінбейді және анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп оқушылардың осы топтарын өз назарында ұстап, уақтылы анықтап, оларға көмек көрсетуі керек [15]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет