Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ИДЕЯСЫ



бет3/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ИДЕЯСЫ

Жақсы көрші туралы тәмсіл
Бір күні серуендеп жүріп, аяқ астында жатқан жапыраққа көзім түсті. Жапырақ жартылай солып қалғанмен, одан жағымды хош иіс шығып тұр. Мен оны жерден көтеріп алып құмарланып иіскедім.
- Сенің хош иісің мұрнымды жарды, раушангүлдің жапырағысың ба?, -деп сұрадым жапырақтан.
- Жоқ, бірақ мен біраз уақыт раушангүлдердің арасында болдым. Содан болар менен хош иістің аңқып тұрғаны, - деп жауап берді жапырақ.
Т.Барро

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру қарқынды дамып келеді. Оқудағы қиындықтары бар әр баланы жалпы білім беру процесіне қосу, бірлесіп оқытудың вариативтік модельдерін іске асыру, қоғамға кірігу мақсатында әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан бейімдеу – инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттары болып табылады.
Республикада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (бұдан әрі – ЕБҚ) жалпы білім беру процесіне қосудың өзекті мәселелерін айқындау XX ғасырдың 90-жылдарында басталды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қатысты жалпы білім беру саясатында жаңа бағдарлар қалыптастырылуда, балаларды әлеуметтендірудің, тәрбиелеудің, білім берудің, қолдаудың және бейімдеудің оңтайлы жолдарын белсенді түрде іздестіру жүргізілуде.
Баланың ерекше білім алу қажеттіліктерінің себептері: сенсорлық, физикалық, интеллектуалдық және эмоционалды факторлардың болуы мүмкін. Олар мектеп бағдарламасына сәйкес ілгерілеуге қол жеткізуден, олардың мәдениеттеріне сәйкес физикалық және әлеуметтік дағдыларды игеруден, сондай-ақ соған сәйкес өзін-өзі бағалауды қалыптастырудағы қиындықтардан көрінеді [11].
Инклюзивті білім беру жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балаларды оқыту дегенді білдіреді [12]. Алайда, бұл қарапайым мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушының анықтамасы ғана емес, керісінше, бұл бейімделген оқу жоспарын, бейімделген оқыту әдістерін, бағалаудың түрлендірілген әдістерін және қолжетімділікті қамтитын бірқатар арнайы жағдайды жасау болып табылады. Мұның барлығы инклюзивті сыныпта жұмыс істейтін мұғалімнің қолдауын қажет етеді. Осылайша, инклюзивті білім беру - бұл көп компонентті стратегия немесе мега-стратегия болуы мүмкін.
Инклюзивті білім беру идеясы негізі екі факторға негізделеді. Біріншіден, егер инклюзивті білім беру тиісті деңгейде ұйымдастырылса, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімді меңгеруін, әлеуметтік дағдыларды дамытуын және өзін-өзі бағалауын жетілдіруін қамтамасыз етуге болады.
Екіншіден, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың басқа құрдастарымен бірге оқу тең құқылы екендігі жалпығы бірдей қабылданғандығы болып табылады. Кейбір деректерде инклюзивті білім беру идеясының негізіне келесідей үшінші факторды жатқызады, яғни ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы мектептерде оқыту үшін тасымалды ұйымдастыру және тұратын орынның қажеттілігін ескерген жағдайды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды басқа құрдастарымен бірге оқыту экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.
Инклюзия – білім беру жүйесінің тұтас алғандағы барлық бағытының қызметін ұйымдастырудағы пәнаралық ықпалдастықты көрсететін ұзақ мерзімді саясат. Инклюзия білім беру процесінің барлық субъектілеріне қатысты, яғни білім берудегі қажеттіліктері жоғары балалар, олардың ата-аналары, сондай-ақ осындай балалардың құрдастары, басқаша айтқанда қалыпты білім алушылармен олардың ата-аналары, әкімшілік, педагогтер, басқада арнайы мамандар, қосымша білім беру құрылымына ықпал етеді.
Жалпы әлемдік қоғамдастық инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен олардың әлеуметтенуіне, қоғамда өзінің орнын нық табуға қолдау көрсетуде мейілінше ізгілікті бағыты ретінде мойындалған, сол себепті де әлемдік және отандық білім беру саясатындағы жетекші стратегиялардың бірі болып табылады.
Инклюзивті білім беру туралы осында түсінік көптеген әлем елдерінде білім беруде ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту мен оларға педагогикалық қолдау көрсетудің әлуметтік-педагогикалық моделін қалыптастырды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесінде әлі де болса сақталып келе жатқан медициналық немесе дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді (1-кесте) [13].

1-кесте. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдау және бағалау моделі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет