Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет53/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Сюжеттік есептер

  1. Жаңылмас жолбарыстың торына кіргелі бара жатыр. Ол алға қарай екі қадам жасаған сайын, жолбарыс ырылдап, Жаңылмас бір қадам артқа шегінеді. Егер торға дейін 5 қадам болса, ал Жаңылмас 1 секундта 1 қадам жасаса, ол торға қанша уақытта жетеді?

  2. Арсен сандарды құмға таяқтың ұшымен жазуды үйренді. Ол тек 12345 деген сандарды жазғаннан кейін, үлкен итті көріп, қорқып қашып кетті.

Көп ұзамай бұл жерге Данияр деген бала келді де таяқшаны алып, мына суретті салды:
12345 = 60
Шыққан мысал дұрыс шешілетіндей етіп, сандардың арасына қосу (+) белгісін қой.

  1. Жаннаттың математикадан өмірінде алғаш рет алған бағасы жай сан емес, құрама сан екені белгілі болса, ол қандай баға алған?

  2. Ең кіші төрт таңбалы санды ең кіші жай санға бөліп, ертегідегі зұлым сиқыршының неше жыл бойы жуынбағанын және тістерін тазаламағанын есептеуге болады.



Сандарды сызу, айналдыру, шешімін табу

    1. 1-ден 28-ге дейінгі санды тап, оның құрамына 1, 5 және 7 сандары кірмейді, ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді.

    2. 1-ден 58-ге дейінгі санды тап, оның құрамына 1, 2 және 3 сандары кірмейд, ол тақ және 3, 5 7-ге бөлінбейді.

    3. 123 санындағы бір санды 5-ке айналдыр, сонда шыққан сан 9-ға бөлінетін болуы тиіс. Ол қандай сан?

    4. Туынды екі таңбалы саннан оның сандарының қосындысын алып таста. Шыққан айырма 3-ке бөліне ме? Ал 9-ға бөліне ме?



Математикалық фокустар

    1. Бірінші сан үшіншісінен кем дегенде 2-ге артық болатындай үш таңбалы санды жаз. Мысалы: 311. Ондағы сандарды кері реттілікпен жазыңыз: 113. Бірінші саннан екінші санды алып тастаңыз: 198 болады. Бұл санды қайтадан керісінше жаз: 891. Енді соңғы екі санды қос:

891 + 198 = 1089
Таңқаларлық нәрсе: қандай санды алсақ та, жауабы әрдайым 1089 болады!
Енді достарыңның біріне сандармен жасалатын осы әрекеттердің барлығын жасап көруді ұсын.
Сен нәтижесі қанша болғанын сұрамай-ақ, өзің жауабын айтып бергенде ол қалай таң қалатынын елестетіп көр (басқа математикалық фокустардағыдай)! Әсерлі болу үшін оны бірден емес, ойша бір нәрсені санаған сияқты болып, бірнеше секундтан кейін хабарлауыңа болады.
Неліктен бұлай болады?

    1. Ұсынылған сызбаға қараңыз:

Біздің сызбамыздың боялған аймағына қандай жануарларды орналастыруға болатынын табыңыз.
Дәлелдеңіз. Жануарлардың тізімін жасап, түсініктеме жазыңыз.






    1. Қатираның туған күні болды. Кешке қонақтар келуі керек еді. Қатира мен анасы туған күн дастарханына арнап торт пісірді. Олар келетін қонақтарға және өздеріне жететіндей етіп тортты алдын ала кесіп қойғысы келді. Анасы тортты ортасынан бөліп кесті. Қатира торттың әрбір жартысын тағы да ортасынан бөлді. Одан әрі кесу қиынға соқты – торт шашылып, ұнтақтала бастады, ол пышақты анасына берді. Анасы торттың әр бөлігін тағы 3 бірдей бөлікке бөлді.

Қатираның туған күніне қанша қонақ келуі керек еді? Жауабыңызды түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет