Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет52/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Мақта қыз бен мысық
Мысық Мақта қыздан 4 литр сүт сұрады. Ал Мақта қызда тек 3 литрлік және 5 литрлік 2 бос ыдыс және сүт толтырылған 8 литрлік ыдыс бар. Мақта қыз қолындағы ыдыстардың көмегімен 4 литр сүтті қалай құйып беруіне болады?
Шешімі:
8 литрлік ыдыстан 5 литрлік ыдысқа толтырып сүт құйып аламыз. 5 литрлік ыдыстан 3 литрлік ыдысқа құямыз. Енді 3 литр сүтті 8 литрлік ыдыста қалған сүттің үстіне құямыз. 8 литрлік шелекте 6 литр сүт, 5 литрлік ыдыста 2 литр сүт бар.
Енді 5 литрлік ыдыстағы 2 литр сүтті, 3 литрлік ыдысқа құйып аламыз. Содан кейін 8 литрлік ыдыстағы сүтті 5 литрлікке құямыз. 8 литрлік ыдыстың түбінде 1 литр сүт, 5 литрлік ыдыста -5 литр сүт, 3 литрлік ыдыста – 2 литр сүт бар. Енді 3 литрлік ыдыстағы сүтті 5 литрлік ыдыстағы сүтпен толтырамыз сонда 3 литр сүт болады. Осы 3 литр сүтті, 8 литрдің түбінде қалған 1 литр сүттің сүтіне құямыз. Сонда 8 литрлік ыдыста 4 литр және 5 литрлік ыдыста 4 литр сүт болады.


Логикалық есептер
Бақшада 6 тышқан отырды. Оларға тағы 3 тышқан келді. Мысық бұқпантайлап, біреуін ұстап алды. Бақшада қанша тышқан қалды?

1) сызбаның көмегімен. Мысалы,



2) Есепті кесте арқылы шешу.
Мүмкіндіктер ағашын құру.

Жаңа жылда оқушылар шыршаны безендірді. Балаларға 62 жаңа жылдық ойыншық беріліп, әр оқушы кем дегенде бір ойыншықтан алатындай және оқушылардың ешқайсысында бірдей ойыншықтар болмайтындай етіп таратылды. Шыршаны безендіруге қанша оқушы қатысты.



Кеңістіктік ойлауға арналған есептер
1) 3×3 шаршының әр ұяшығына мына геометриялық фигуралардың біреуін қою керек: шеңбер, шаршы немесе үшбұрыш. Әр фигура әрбір жолда және әрбір бағанда болуы керек. Бос ұяшықтарды толтырыңыз.

2) Суреттегі археолог құмтас жартастан белгісіз бір есептерді тапты. Климаттың көп жылдар бойғы әсерінен сандардың көпшілігі өшіп кеткен, дегенмен бұл есептің баған түріндегі бөлу екені анықталды, сонымен қатар сегіз санды ажыратуға болады, бұл жетіспейтін сандарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл есептің бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін, бірақ әлі күнге дейін бір ғана дұрыс шешімі ұсынылғаны белгілі. Сіз өшіп қалған сандарды қалпына келтіре аласыз ба?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет