Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Мұғалімнің сынып кеңістігіндегі орнын анықтау



бет10/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Мұғалімнің сынып кеңістігіндегі орнын анықтау
Бүгінгі күні оқушылар өз партасында отырғанда мұғалімге тақтада жай ғана тұрудың қажеті жоқ.
Ынтымақтастық топтық оқыту және басқа да педагогикалық технологиялардың ықпалымен мұғалімдер «оқыту менеджеріне» айналады. Олар әлі де сыныпты тұтастай оқытуға көңіл бөледі, бірақ көп уақытын қажетіне қарай көмектесу үшін оқушыдан оқушыға ауысуға арнайды.
Сіздің орныңыз қайда болуы керек? Міне, менің ұсыныстарым:
• сіз анық көрінетін жерде тұрыңыз;
• оқушылармен жиі көзбе-көз контакстісін орнатыңыз және жағымсыз әрекеттердің алдын алу үшін сыныпты кезең-кезеңімен тексеріп тұрыңыз;
• мұғалімнің «позициясында» қалмаңыз, оқушылардың «территориясына» барыңыз. Сыныпты аралап жүріп, сіз жағымсыз мінез-құлық белгілерін байқай аласыз және дұрыс мінез-құлықты марапаттай аласыз;
• сыныпта сабақта жұмыс істегісі келмейтін оқушылар сіздің көзқарасыңыздан жасырынып қалатын «бұрыштардың» жоқтығына көз жеткізіңіз;
• маман мінез-құлық, әдетте, проблемаға айналғанға дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Тәртібі қиын оқушыларға назар аударып, алғашқы белгілерді байқап, мінез-құлықтың бұзылуының алдын алыңыз; кейде не болып жатқанын байқағаныңызды ым-ишарамен көрсету жеткілікті.
Сыныптағы психологиялық климаттың сапасы оқушылардың үлгерімін анықтайды. Олар эмоционалды қауіпсіз және болжамды ортада болғанда жақсырақ оқиды, бұл оларды ынталандырады және дұрыс мақсаттар қоюға көмектеседі.


Саралап оқыту
Инклюзия барлық оқушыларды бірдей оқу бағдарламасына қосуды, сондай-ақ бір сыныпқа физикалық қосылуын білдіреді, яғни сапалы білімнің барлық оқушыға тең қол жетімділігі мен барлығына қолайлы оқу ортасының болуы, әрқайсысы өзін сол ортада жайлы сезінуі. Инклюзивті ортаны саралау оқушының жеке қажеттілігіне арналған көптеген жекелеген бағдарламаларды құруды емес, жалпы оқу бағдарламасын сапалы меңгеру үшін қосымша педагогикалық қолдау көрсетуден тұруы керек. «Саралап оқыту» дегеніміз не және ол бізге не үшін қажет? Кэрол Энн Томлинсон саралап оқытуды Білім беру жетістіктерін құрастырудың (ҚМЖ) алдындағы балалардың жеке оқу стилі мен дайындық деңгейлерінің факторы ретінде сипаттайды. Зерттеулерге сәйкес, саралаудың тиімділігі бұл әдістің оқуда қиындықтары бар балалармен қатар, қабілетті немесе дарынды деп саналатын балаларға да пайдалы екенін көрсетеді.
Барлық балалар пәнді бірдей меңгере бермейді немесе қабілет деңгейлері бірдей болмайды. Саралап оқыту – «ойластырылған» процесс. Әрбір адамның бірегей саусақ ізі болатыны сияқты, әр баланың жеке оқу стилі болады [24].
Саралап оқытуды барлық оқушылардың оқу бағдарламасының бірдей мазмұнын қамтуына бағытталған нақты оқу деректерін пайдалану, бірақ кейбір оқу әрекеттерін оқушының қабілетіне, алдыңғы білімі мен негізгі дағдыларына қарай бейімдеу, осыған орай жекелеген оқушыға қолдау көрсету дәрежесін өзгерту арқылы тұрақты түрде жүзеге асыруға болады. Мен «қолдау көрсету дәрежесін өзгерту» дегенге ерекше назар аударғым келеді, өйткені бұл мұғалімдердің оқу жоспарын түбегейлі өзгерту арқылы емес, саралап оқытуды қолдану арқылы жүзеге асыра алатын негізгі тәсіл болып табылады.
Томлинсонның [24] зерттеулеріне сәйкес саралап оқыту үш элемент арқылы айқындалады: мазмұн, процесс және өнім (оқу нәтижесі).
Мазмұн оқушының меңгеруі тиіс білімді қамтиды. Барлық оқушыларға бірдей дәрежеде қолжетімді білім мазмұны ұсынылады, бірақ олардың әртүрлі жолдармен меңгеруіне рұқсат беріледі.
Процеске оқушының дайындық деңгейіне, қызығушылығына, оқыту бейініне сәйкес оқу қызметінің және оқыту тәсілдемесі түрлерінің көмегімен білім мазмұнын оқыту тәсілдері жатады [25;26].
Өнімдер оқушылардың өзінің түсінгенін қалай көрсететінін және жаңа білімді шынайы өмірде қолдана алатынын анықтайды. Әдетте оқушыларға өз дағдыларын көрсете алатын өнімді, оның ішінде есеп беру, ауызша таныстырылым, топтық талқылау, кітаптар мен ойындар және т.б. таңдау ұсынылады.
Tomlinson және Edison [25] екі қосымша элементті қосу арқылы саралап оқытуды анықтайтын элементтер шеңберін кеңейтті: оқушылардың сыныпта өз ойлары мен сезімдерін қалай білдіретінін бейнелейтін эмоциялар және оқу ортасы, яғни сыныпты оқушылардың қалай қабылдайтыны және оның қалай қызмет атқаратыны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет