Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»


ІІ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы



бет14/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

ІІ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

17-18 практикалық сабақ тақырыбы: Лексикология және оның объектісі


Сабақ жоспары:
1. Сөз – лексикологияның зерттеу нысаны
2. Лексема ұғымы
3. Лексикология және оның мақсат-міндеттері
4. Қазақ тілі сөздік құрамындағы жүйелілік. Сөздік құрамның әлеуметтік-лингвистикалық және семасиологиялық аспектілері
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не? Сөздің сыртқы тұлғасы мен ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
2. Шылаудың сөзден айырмашылығы неде?
3. Жалпы ұғым мен жеке ұғымды қалай түсінесің?
4. Деректі сөздер бен дерексіз сөздер дегеніміз не?
5. Лексема дегеніміз не?
6. Лексика дегеніміз не? Лексиканың салаларын атаңыз?
7. Лексикология нені зерттейді?
8. Сөздік қор дегеніміз не? Сөздік қордың негізін қандай сөздер құрайды? Сөздік қорға тән белгілерді атаңыз?
9. Сөздік құрам дегеніміз не?
Глоссарий:
Сөз – бір нәрсенің (заттың, құбылыстың, оның сынының, санының, қимыл-қозғалысының) атауы.
Лексема – тілдің өзінің құрамының бір бірлігі ретіндегі сөз.
Лексика – 1. Белгілі бір тілде қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы. 2. Жеке ақын-жазушы шығармаларында қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы.
Лексикология – сөз туралы ілім.
Лексикография – сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесімен айналысады, олардың ғылыми ұстанымдарын жасайды.
Семасиология – заттар мен ұғымдардың, құбылыстар мен түсініктердің аталуы үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы.
Этимология – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы.
Фразеология – 1. тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 2. бір тілдегі тұтас фразеологиялық қор.
Сөздік қор – тіліміздің сөздік құрамына ұйытқы болған, ең байырғы түбір сөздер.
Сөздік құрам – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.
Әлеуметтік лингвистика – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет