«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


Алғашқы қауымдағы тәрбиені зерттеу мәселелері



бет3/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Алғашқы қауымдағы тәрбиені зерттеу мәселелері
Алғашқы қоғамдағы тәрбиені зерттеуде материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері, тіл және фольклор материалдарының көмегі зор. Сондай – ақ алғашқы қоғамдағы тәрбиені түсінуге бастапқы белгілерін сақтап қалған тайпалар өмірі жайлы этнографиялық мәліметтер үлкен рөл атқарады.
Алғашқы қоғам тәрбиенің зерттеуінде археология табысы еңбек пен тұрмыс құралдары тастағы бейнелер балалар ойыншықтары және басқа материалдарды атауға болады.
Қазіргі адамның қалыптасуы бірнеше кезеңді басынан кешті. Біздің эрамызға дейін 3-5 жарым млн жыл бұрын басталып алғашқы өркениеттің пайда болуымен аяқталады. (б.з.д. 5-4 мың жыл). Бұл аралық алғашқы қауымдық құрылыс немесе алғашқы мәдениет дәуірі деп аталды. Тәрбиенің адам әрекетінің ерекше түрі ретінде пайда болуы осы кезеңге жатады. Алғашқы адамның өмірі мен тәрбиесі аса қарапайым болды. Өмірдің мәні оның дүниеге көзқарасымен анықталады. Қоршаған әлем санасы бар әлде бір жанды нәрсе ретінде қабылданды. Стихиялы түрде пайда болған тәрбиенің басты мақсаты күнделікті тіршілк етуге дайындық шеңберінде болды. Педагогикалық ойдың нышандары да осы әрекеттегі үйреншікті сана деңгейінде дамыды және ол дәстүрлер мен фольклордан көрініс тапты. Тәрбиенің мазсұны мен тәсілі қоғамдық тәжірибе мен сананың толығуына орай күрделеніп отырды.
Тәрбиенің ұйымдасқан формаларының пайда болуы
Алғашқы қауымдық кезеңнің соңында тәрбиенің ұжымдық дәстүрі балалар мен жастарға арналған өзгеше жастарға үйретудің пайда болуына әкелді. Шындығында бұл қоғам адамын тәрбиенің оны нақты еңбек дағдыларына біліктеріне, әдеп – ғұрыптарға үйрету үшін ұйымдастырылған мектептің ізашары болатын. Тәрбиенің негізі формасы бірлескен ойындар мен сабақтар болды.
Әдебиеттер: [1; 2; 5; 10;]


3-тақырып. Я. А. Коменскийдің педагогикалық теориялары


Сұрақтар:

  1. Алғашқы қоғамдағы тәрбие

  2. Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп

  3. Феодалдық қоғамдағы тәрбие



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет