Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
«Бәтеңкедегі тас» ойыны 
Мақсаты: жағымсыз эмоциядан қиянатсыз арылу 
Біз ашуланып, ренжи бастағанда сезіміміз алғашында бәтеңкедегі кішкентай 
тас сияқты болып қабылданады. Егер ол тасты алып тастамасақ, аяғыңды 
ауыртады, өзіңді нашар сезінесің. Сондықтан да ересек адам немесе бала 
болсын, өз проблемаларын сезген сәтте оны бірден айтып үйрену қажет. Саған 
кедергі болып тұрған нәрсені мұқият ойланып, дәл қазір айтуға тырыс, әрине 
іштей, ешкімге естіртпей, төмендегіше айтып көр: «Менің бәтеңкемде 
кішкентай тас жатыр. Мен сөйлеп тұрғанда, Айсұлудың күлгені маған 
ұнамайды... ». 


14 
«Мазақтау» ойыны 
Бір-біріне ренжіген уақытта неше түрлі ауыр, реніш сөздерін айтасыңдар. 
Ал ренжітпейтін сөздер айтып ұрсыстыңдар ма? Қане, осылай айтысып көрейік. 
Бұл сөздер, мысалы, жеміс жидек, ыдыс аяқ атаулары болуы мүмкін - «Сен 
болсаң – сәбізсің» және т.б. Балалар бір-біріне доп лақтыру арқылы 
ренжітпейтін сөздермен мазақтасады. 2-3 минуттан соң бір-біріне жылы сөздер 
айтады. «Сен–менің күнімсің» және т.б. 
«Сілкін!» сергіту ойыны 
Үсті су болған иттің сілкінгенің көрген боларсыңдар?!. Әрқайсысың 
қастарына кең орын болатындай тұрыңдар. Алақан, шынтақ, иық, кеудеден 
бастап сілкінуді бастаңыз. Басыңды да сілкі. Иттің үстінен су шашырап 
ұшқандай, сендерден де жағымсыз эмоция, сезім, ой, барлық жағымсыз 
нәрселердің ұшып кететінін елестетіңдер. 
Сабақтың рефлекциясы 
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... 
Маған ұнағаны... 
Маған ұнамағаны... 
Менің естігім, білгім, жасағым келгені... 
Жаттығулардың аяқталуы. Шеңбер бойынша қол алысуы. Сабақтың 
қорытындысы. 
№3 Тақырып: «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту» 
Мақсаты: 
Қауіптен бас тартқан жағдайдағы әлеуметтік дағдыларды дамыту
Бақылау және өзін-өзі қадағалау сәттеріндегі дағдыларды дамыту; 
Қарым-қатынастың вербальды және басқа құралдарды дамыту; 
Әлеуметтік ықтимал қауіпті жағдайларды айыры білу қабілеттерін 
қалыптастыру; Әлеуметтік қауіп жағдайларындағы іс-әрекет амалдары туралы 
көріністерді дамыту; 
Мұндай бірнеше көріністі талдайық: 
Нұсқау: қатысушылар жұпқа бөлінеді де, бірінші қатысушы екіншісіне 
төмендегідей жағдайлармен өтініш жасағанда, екінші қатысушы ренішті, сенімді, 
сыпайы түрде бас тартады, рөлдермен алмасады, соңында талдайды: 
– Қане, әзірше ересектер жоқ кезде мына велосипедпен дүкенге дейін барып 
келейік. 
– Маған добынды сыйлашы, саған жаңа доп сатып алып береміз деді ғой. 
– Саған компьютерлік ойындарды үш күннен соң әкеліп берсем бола ма? 
– Фотосуреттеріңді көруге бере тұршы? 
Талдау: 


15 
Сыпайы бас тарту қиынға соқты ма, басқаша түрлері қалай әсер етті? 
Өтінішпен сұраған уақытта сізде қандай сезімдер пайда болды? 
Өтінішінізді орындаудан бас тартқан кезде қандай сезімде болдың? 
Бас тартқан уақытта біреудің сезіміне нұқсан келтіріп, көңілін қалдырамыз-ау 
деген ой болды ма? 
Кеңестер: 
Көшеде бөтен біреу машинамен қыдырып келейік десе немесе тәтті кәмпит, 
ойыншық, т.б. ұсыныстар айтса, бұл өте қауіпті. Мұндай жағдайда сыпайы 
болудың қажеті жоқ. Бөтен адамның қасынан ығысып кетіп қалуға тырыс
айналаңдағыларды көмекке шақыр немесе сені қорғай алатын, танитын адамға 
қарай жүгір. 
– Қандай жағдайда «қауіпті» деп айтуға болады? 
–Үйде және далада қандай қауіпті жағдайлар кездесуі мүмкін? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет