Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы


№5 Тақырып: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА

№5 Тақырып: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?» 
Мақсаты: Оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға дағдыландыру 
Күйзелсістен арылу жолдары: 
Не нәрсе болса да қарапайым көзбен, байсалдылықпен қарау! Бар жан-тәніңмен 
күл және сенің осы өмірге келгеніңе, сенің бар екендігіңе, кім болғаныңа, 
өміріңде бар нәрсеге, жарық дүниенің бар екендігіне ризашылығыңды білдір. 
«Күлімдеу» жаттығуы 
Күлімдеу – керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады. 
Айнаның алдында тұрып, омыртқаңды тік ұстап, иықтарыңды жаз, басыңды 
паңдана, тәкәппарлықпен жоғары көтер. Өзіңе-өзің нұр сәулелі күлімде, 
қастарыңды көтеріп, тап осы күйде 5 минут тұр. 
Жасанды түрде жақсы көңіл күй жасай отырып, бетіңнің бұлшық еттеріне 
ықпал ете, сен өз жан дүниеңнің күйіне тікелей әсер етесің. 
Ұйқыдан соң сенің бейсанаң ашық болады, сондықтан да бұл тәсілді 
таңертеңгілік жасаған дұрыс. Сонда таңертеңнен кешке дейін тамаша көңіл-күйде 
боласың! 
«Мұңымды тарқатамын» жаттығуы 
Үш ақ парақ, акварель бояуын және қылқаламды алыңыз. 
Қылқаламды қара бояуға батырып алып, бірінші параққа қылқаламды сілкіп
бірнеше қара тамшы жасаңыз. Осы дақтардан қандай да бір кескінді көруге 
тырыс. Ол үшін оларды бір-бірімен біріктіріп, кішкене жөнге келтір. Мүмкін бұл 
бір қара жапырақтар, қара құстар болар... Сенің түйсігің саған дұрыс шешім 
қабылдауға өзі-ақ көмектеседі. Содан соң екінші парақты алып, сол сияқты, тек 


18 
ақ бояумен бояңыз. Дақтарды бірге қосып сызғанда не нәрсеге ұқсас екендігіне 
мұқият қараңыз. 
Үшінші параққа дәл осы сияқты жасаңыз, тек бояулардың басқа қызыл, 
жасыл, сары түстерін алыңыз. 
Соңғы суретіңе 10 минуттай қара. Кенеттен сенде бір күш пайда болғанын 
сезінесің. Басыңда қандай жағдай болса да, осы сәтте қуана алатыныңды 
түсінесің! Осы жаттығулардан ашық бояулардың сенің жан дүниеңді өзгерте 
алатынын түсінесің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет