Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы 
Бұл жаттығуды жасау үшін 3-4 рет терең тыныс алып, көзімізді жұмамыз. 
Өміріңдегі өзіңді жұлдыздай сезінген сәтті есіне түсір. Бұл қандай оқиға еді? Жан
дүниең қандай сезімдерге толы болды? Қасыңда сол сәтте кім болды? Саған 
арнап ұнамды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай оқиға есіңізге түсіп тұр? 
Есіңе түсіріп болсаң, басыңды изеп, жайлап көзіңді аш. Барлығыңның да еске 
түсеретіндей кезеңдерің болды ма? 
Енді біз түрлі-түсті қағаздан үлкен-үлкен жұлдыздарды ойып аламыз да, 
оның ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізде мерейіміз 
тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сендердің суреттеріңде, саған өте 
маңызды немесе сенің жетістікке жетуіңе көмектескен адамдар қатысуы мүмкін. 
Барлық жұлдыздар жинақталып, ватман қағазына жапсырылады. 
Талдау: 
Осы жаттығуды жасау барысында не сезіңдің? 
Жетістікке жету жағдайын еске түсіру қиынға соқты ма? 
Күнделікті өміріңде жағымды және жағымсыз нәрселерді есіңе түсіресің бе? 
«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы 


17 
Нұсқау: Әртіс концерттен соң өзің қалай сезінетіндігін кім елестете алады? 
Шеңбер бойына тұрыңдар. Араларыңнан біреу шығып кез келгенге жақындап, 
оған бар күшімен қол шапалақтап қошемет көрсетеді, содан соң ол екеуі бірігіп 
тағы біреудің қасына барып, сол сияқты бар күшімен қол шапалақтау арқылы 
қошемет көрсетеді. Дәл осылай топтағы қатысушылардың барлығына кезекпен 
қошемет көрсетіледі. 
Талдау: қандай сезімде болғандарың туралы әрқайсысың айтып бересіңдер. 
Сабақтың рефлексиясы 
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... 
Маған ұнағаны... 
Маған ұнамағаны... 
Менің естігім, білгім, жасағым келгені... 
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» 
Жаттығудың қорытындысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет