Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Реніш сезімі азаю үшін: 

Досыңа немесе басқа біреуге айтуға болады екен; 

Ренішті сөзбен жазып, бейнелеп, «жылап» алу; 

Ренжіткен адамыңа сезімдерің туралы айту керек және өз көзқарасыңды білдір; 

Көмек сұрау және жолдасыңызға көмек көрсетуге болады. 
Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!) 
Қатысушылар көздерін жұмған күйі бөлмеде ары-бері жүреді. Жүргізуші 
олардың біріне жақындап түртеді, ол белгісін береді (SOS!). Оның 
жанында жүргендер оның екі қолынан ұстайды, ал қалғандары көздері 
жұмулы қалпы «қорғаныс шеңберін» құрастырады. 
Талдау: 

Апатты сезінгенде қандай сезімде болдың? 

Қорғаушылар көмекке келген уақытта не сезіндің? 
«Оқиға» жаттығуы 
Балалар өздерінің басынан кешкен мысалдарын айта алмаса, нақты оқиға 
бойынша немесе карточка арқылы берілген мысалдарды келтіруге болады. 
Карточкада ренішті жағдай болған оқиға және оған қалай көңіл аудару керек 
екендігінің бірнеше нұсқасы келтірілді. Осы оқиға төңірегінде қандай сөздерді 
қолданған жөн болатынын балалардың өз тәжірибелерінде түсінуі өте маңызды. 
1- 
оқиға: 
Менің есімім – Марат, 8 жастамын. Менің туған күніме күшік сыйлады. Оны 
күнде тамақтандырдым, су бердім, мектептен келген соң оны қыдырттым. 
Өзімнің жаңа досыма қатты бауыр бастым және оны мәпеледім. Бірде 
танысымнан оны аз уақытқа қарай тұруды өтіндім. Ол оны дұрыстап қарай 
алмағасын күшік қашып кетті. Қаланың барлық жеріне күшіктің жоғалғандығы 
туралы хабарландыру іліп қойдым, бірақ ешкім де хабарласпады. 
Мен қатты қайғырып, танысыма қатты ренжідім. 
Досыңды ( құрбыңды) жұбату үшін айтатын сөздеріңді таңдап ал: 
- Қапаланба! 


20 
- Сен де айтады екенсің, күшік қашып кетті! 
- Сен мұңайып жүрсің бе? 
- Сабырлылық сақта! 
- Менің де мысығым жоғалды, бірақ мен сен сияқты жылаған жоқпын ғой! 
- Біреуге сенсең, ол сенің сеніміңді ақтамаса, әрине мұңаюға тұрарлық жағдай. 
Саған қандай ауыр екенін мен жақсы түсінемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет