Зерттеудің жетекші идеясы: Ауыл мектебі жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру адамзаттық құндылықтарды меңгертудің алғы шарты бола отырып, қазіргі жаңа өмір жағдайында білімі мен біліктерін шығармашылықпен қолдана алуға, ойлау іс-әрекет белсенділігі мен жан-жақты дамуындағы тұлғалық қажеттіліктерін қанағатандыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, іс-әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, жүйелі дамыта оқытудың іс-әрекеттік теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы, ғылым мен практиканы интеграциялау теориясы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |