Зерттеу объектісі: ауыл мектептерінің жоғары сыныптағы оқу үдерісі.
Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру процесін теориялық негіздеп, оның педагогикалық технологиясын жасау, тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер,- ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру құндылық бағдар ретінде мәні ашылып, жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды өзегі деп танылса;
- ауыл мектептері жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалса;
- ауыл мектебі жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қазіргі нақты мүмкіндіктері анықталып, оның педагогикалық технологиясы жасалса, онда бүгінгі қоғам талабына сай бейімделген, ойлау белсенділігі ұшқыр, жан-жақты, өзін-өзі үнемі дамытуға бағыттайтын, ізденімпаздық іс-әрекетте белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруға болады, ойткені бұл қазіргі күнгі ауыл мектептеріндегі оқу үрдісін арттыруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |