Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет14/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Сурет 2 – Іс-әрекеттің мәні

Балалардың ойлау қабілеті олардың оқу әрекеті және мектептегі ғылыми білім беру процесінде қалыптасады. Тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың оқуына дұрыс басшылық ету үшін, оқу әрекетінің ерекшеліктерін білуі, оның ойыннан, еңбек әрекетінен айырмашылығы бар екенін есте сақтауы керек.

Баланың оқу іс-әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың, ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқу іс-әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

1. оқу міндеттері (немесе тапсырмалары);

2. оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл - амалдары);

3. бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);

4. бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).

Осындай күрделі оқу іс-әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Олардың дамуына ең алдымен оқыту, оқыту мазмұнының ерекшеліктері (оқу материалының нақтылық және теориялық сипаты, жеңілдігі мен күрделілігі т.б) әсер етеді.

В.В Давыдов: «Барлық мектеп жасындағы оқушыларға тән оқу іс-әрекеті олардың көрсетілген мазмұнды игерулерімен байланысты», - дейді. Көптеген зерттеулер нәтижесінде оқу іс-әрекетіне психологияда төмендегідей түсінік береді [63].

Оқу іс-әрекеті түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті оқытудың синонимі ретінде қарастырылады. Тар мағынада, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А .К. Маркова жұмыстарында «оқу іс-әрекеті» түсінігі, субьектінің оқу пәніне деген, С.Л. Рубинштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның барысындағы ерекше «жауапкершілік қатынаспен» теңестіріле отырып, іс-әрекетік мазмұн мен мағынаға толады [64, 63, 65, 66].

Назар аудара кететін жайт, мұндай түсініктемеде «оқу іс-әрекеті» іс-әрекеттің жетекші түріне қарағанда кеңірек түсініледі, себебі жас кезеңдеріне, соның ішінде студенттік кезеңге де таратылады. Бұл мағынадағы оқу іс-әрекеті - іс-әрекет субьектінің оқу әрекетінің жалпыланған тәсілдерін игеруі және оқытушы тарапынан әдейі қойылған оқу міндетін орындау үрдісіндегі, өзіндік бақылау мен өзіндік бағалауға ауысатын сыртқы бақылау мен бағалау негізіндегі өзіндік дамуы.

Б.Б Эльконин бойынша, «оқыту іс-әрекеті – бұл өз мазмұны жағынан ғылыми түсініктер саласындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдерін игеру болатын іс-әрекет, мұндай іс-әрекет сәйкес түрткілермен сипатталуы керек. Осындай мотивтер ретінде әрекеттердің жалпыланған тәсілдері бола алады немесе, басқаша айтқанда өзіндік өсу, өзіндік шыңдалу мотивтері. Егер де

оқушыларда осындай мотивтерді қалыптастыра алған жағдайда, онда жаңа мазмұнға тола отырып, іс-әрекеттің жалпы түрткілері, яғни мектеп оқушысының қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалы іс-әрекетті жүзеге асыру позициясымен байланысты түрткілері қуатталады» [64, 17 б.].

Оқу іс-әрекеті, олай болса, іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Ол іс-әрекеттің субьектісі ретінде үйренушінің өзіне бағытталады, оның әлеуметтік – мәдени тәжірибені қоғамдық пайдалы, танымдық, теориялық және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында саналы, мақсатты игеруі арасында тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы және шыңдалуы. Үйренуші іс-әрекеті терең жүйелі білімдер игеруіне, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өңдеуге және де оларды түрлі жағдайларда адекватты және шығармашылық түрде пайдалануға бағытталған.

Оқу іс-әрекетінің, оны оқудың басқа формаларынан ажырататын үш негізгі сипаттамалары белгіленеді:

1. ол оқу материалын игеруге және оқу міндеттерін орындауға әдейі бағытталған;

2. онда әрекеттердің жалпы тәсілдері мен ғылыми түсініктерді игеру (мектепке дейін игерілген тұрмыстық түсініктерге қарағанда);

3. әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады;

4. оқу іс-әрекеті субьектісінің өзін өзгеріске түсіреді;

5. үйренушінің психикалық қасиеттері мен мінез – құлқының «оның өз әрекеттерінің нәтижелеріне байланысты» өзгеруі. Осылайша, оқумен теңестіре отырып, оқу іс-әрекетінің бес сипаттамасы жайлы айтуға болады.

Оқу іс-әрекетінің, үйренушілердің әрекеттің жалпыланған тәсілдерін игеруі, олардың мұғалімнің оқу әрекеттері арқылы әдейі қойған оқу міндеттерін орындау арқасында өзіндік дамуы іс-әрекеті ретіндегі анықтамасын негізге ала отырып, оның іс-әрекеттік сипаттамаларын қарастырайық. Ең алдымен, Д.Б. Элькониннің ізімен оның қоғамдық сипатын атап өтейік: мазмұны бойынша, адамзат жинақтаған мәдениет пен ғылымның барлық байлықтарын игеруге бағытталған; мағынасы бойынша, ол қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы; формасы бойынша, ол оқытудың қоғамдық өңдірілген нормаларына сәйкес және арнайы қоғамдық мекемелерде өтеді, мысалы: мектептерде, гимназияда, колледждерде, институттарда. Кез-келген іс-әрекеттер сияқты оқу ісі әрекеті саналы түсіндірілгендігімен сипатталады және оның белгілі бір құрылымы мен мазмұны бар.

Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұнын талдау, кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, оның пәнін анықтаудан, яғни іс-әрекеттің неге бағытталғанын анықтаудан басталады: бұл жерде білімдерді игеруге, әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игеруге, әрекет тәсілдері мен амалдарын, оның бағдарламаларын, алгоритмдерін өңдеуге бағытталған, осы үрдіс барысында үйренушілердің өзі де дамиды, оның мазмұны, пәні осы болып табылады.

А.Е. Әбілқасымованың пікірінше, оқу іс әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мотив, танымдық белсенділік арқылы ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық әрекеттің қалыптасуымен анықталады [67].

Демек, мұғалімнің педагогикалық шығармашылық ізденісінің ең басты мақсаты – оқушының танымдық ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар өзінің бойындағы шығармашылық ізденісіне шәкірттерінің бойына сіңдіре білу.

Ал оқушы жұмысты шығармашылықпен ойлап, оны ұйымдастыра білсе, сонымен қатар өзіндік кәсіби іс-әрекетін, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие процесін, сондай-ақ жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен және оның ұстаған позициясын үндестіре келе, ол өзінің танымдық іс-әрекетін қалыптастырады.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқу процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды.

Белгілі дидакт М.А. Данилов [68] оқу процесіне обьективті түрде пайда болатын және басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады дейді.

Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің негізі құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұжымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:

- бірыңғай мақсаттық, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

- ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

- іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;

- бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

- бірыңғай білімдік кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

- жалпы нәтижелердің болуы.

Оқу-танымдық іс-әрекет ұғымы «танымдық қажеттілік» және оның маңызды саласы «танымдық ынта» түсінігі арқылы айқындала түседі.

Кейбір зерттеулерде (Г.С. Костюк, А.К. Маркова, Н.А. Менчинская, З.Ф. Чехлов) «қажеттілік» деген түсінікті тәлімділікке бағыт ретінде және «білімділікті» қызметке бағыт ретінде қарайды [65, 64, 17 б.]. Бұдан шығатын қорытынды: оқу - танымдық қажеттілік, егер адам белгілі іспен тұрақты және жүйелі шұғылданатын болса, істің бұл түрін басқалардан жоғары санаса, оның өмірлік жоспарымен байланыстыратын болса, онда ол бейімділік сипат алады.

С. Смаилов оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру танымдық ынтаға тікелей байланысты деп есептейді. Ол: «Танымдылық ынтаның өзіндік ерекшелігі бәрінен бұрын болмыстың тек сыртында қалмай, ішкі сырына терең үңілуді қажет деп білетін адам тенденциясында жатыр. Бұл орайда танымдылық ынтасы оқудың да бірқатар маңызды шарттарын талап етеді. Ол шарттардың негізі шәкірттердің білімге құштарлығын арттыратын ықыласында. Сондай ықылас бар жерде ой еңбегі қанша қиындықпен болса да нәтижелі қуанышқа бөлейді ... » деп жазды [69].

П.И. Пидкасистый өзіндік жұмысты шәкірттің танымдық іс-әрекетін жетілдіру құралы ретінде қарастырады [70].

А.А. Вербицский пікірінше, танымдық іс-әрекеттің жемісті өтуіне бірнеше факторлар: өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары, іскерлік қарым-қатынас және қатысушылардың іс-әрекетке дайындығының деңгейі әсер етеді [71].

Н.Ж. Құрманова: «...Оқушының танымдық іс-әрекеті репродуктивтік және продуктивтік сипатқа ие. Оқу міндетіне байланысты оқушы әр-түрлі ақыл-ой әрекеттерін жасайды (жаттап алады, қайта жаңғыртады, талдайды, қорытады, шешеді және т.б). Оқу міндеттерін (сұрақтар қою, тапсырмалар беру және т.б) өзгерту жағымен мұғалім оқушыларды әр түрлі ақыл-ой әрекеттеріне ынталандырады», - дейді [72].

Бұл зерттеулерге шолуымыздың түйіні: жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырылған оқу-танымдық іс-әрекет нәтижесінде оқушының білімі, біліктілігі кеңейіп, интеллектуалдық мүмкіндіктері мен шығармашылық дербестігі дамиды.

Қазіргі ауыл мектебінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру, қазіргі мектептегі оқытудың жаңа әдісіне, технологиясына байланысты.

Белсенді оқу-танымдық іс-әрекеті кезінде оқып-үйренген және соған қатысты материал жинақтап, мазмұнына сұрақтар қойып, мәселелерін анықтап, шешу жолдарын қалыптастырады және тағы да басқа әдістер іздестіреді. Оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың құбылыстар мен ақпараттар туралы нақты әрі терең білуге, оны түсініп, ұғынуға, білімді меңгеруде нақты бағыты.

Қоғамдағы оқу - ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстауға бағытталады.

Оқу іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде диссертациялар, ғылыми зерттеулер, оқу-әдістемелік оқулықтар, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты атап көрсетуге болады.

Ю.К. Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М. Данилов пен Б.П. Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады [73, 74, 75] (3-сурет).

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И. Зазвязинский, М.И Махмутов, М.Н.Скаткин, т.б. атап көрсеткен [76, 77, 78].

Оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті Т.С. Сабыров, А.Е. Әбілқасымова, С. Смаилов, Р.С. Омарова т.б. еңбектері маңызды [58, 59, 60, 61 17 б.].

Бұл бағыт бойынша жазылған еңбектері талдай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:

а) мынадай ұғымдар берілген: танымдық белсенділік жеке тұлғаның сапасы (Т.И. Шамова); танымдық қажетсіну белсенділіктің, ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі (А.Е. Әбілқасымова); белсенділік дербестікті қажет етеді (Т.С. Сабыров); белсенділік – жеке тұлға әрекетінің көрсеткіші (С.Смаилов); белсенділік жеке тұлғаға тән қасиет (Р.С.Омарова) ретінде қарастырылды [79, 59, 58, 60, 61 15 б.].

б) танымдық белсенділік проблемалық жағдаят туғызу арқылы: (М.И.Махмутов) танымдық белсенділік өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады (А.С.Мустояпова) [77, 80].

Сонымен, оқу - танымдық іс-әрекетті белсендіру барлық әр түрлі пәндерді оқыту барысында, оқу-танымдық іс-әрекетті жетілдіру идеясын мектептің даму бағыттарына енгізу; оқу танымдық іс-әрекетті белсендіру, оқушының ізденіс арқылы өзіндік жұмысты орындауын және сол арқылы сан қырлы білім алуы ретінде қарастыру қажет.

Мұны Шәкәрім Құдайбердиев: «Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, мұрын иіс, тіл-дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы, жаман әр істі сол тексермек»,-деп өлең жолдарымен түйсіктің мимен байланысты қызметін түсіндірген [42, 13 б.].

Кез келген сезім мүшелері арқылы қабылданған кейбір жеке түйсіктер мидағы үлкен жарты шарында талданып, бұрынғы мәліметтермен ұштастырылып, жаңа қабылдаудың негізін құрайды [81].

Қабылдау түйсіктен гөрі күрделірек психикалық таным процесі болып табылады, неге десеңіз, ол сенсорлық жүйелерден түскен ақпаратты жүйелеп, талдап, мағынасын байыптауды өзіне алады. Қабылдау арқылы түйсіктің нәтижелері реттеледі және заттар мен дүние құбылыстары туралы білімге айналады. Әрине, түйсік пен қабылдаудың шекаралары жеткілікті түрде шартты болып келеді, өйткені көптеген жағдайда бұл процестерді дифференциялау (бөлшектеу) қиын. Сондықтан да бұл процестер көбіне өзара байланысты және бөлінбейтін құбылыстар ретінде қарастырылады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет