Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет32/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Сурет 9– Оқыту заңдылықтары

Тағы бір ерекшелігі кез-келген технология, оның өңделуі мен қолданылуы мұғалім мен оқушылардың жоғары шығармашылық белсенділігін талап етеді. Технологиялық аспаптарды өңдеуге оқушыларды қатыстыра отырып, мұғалім балаларды шығармашылық іс-әрекетке, ізденіске қатысуға шақырады: технологиялық сүйеніш тірек-сызбалар, ықшам сызықтар, конспектер, парақтар, схемалар мен карталар тұрғызуға, оқыту мен тәрбиелеудің технологиялық айқын формаларын ұйымдастыруға қатынастырады. Мысалы, типтік есептерді шешуге дағдыландыруға көбірек дайындалған технологиялық жұмыс циклдерінің ретін білетін балалар толық еріктілікке ие болады. Аз дайындалған басқа балаларға мұғалім көмек көрсетіп, үнемі кеңес береді. Технологиялық процестерді жүзеге асыруда мұғалім балалар ортасында өзара кеңестер (консультациялар), өзара тексеру мен өзара бағалауды ұйымдастырады. Балалардың белсенділігі өсіп отыратын дербестігінен, технологиялық құралдар негізінде өзара оқытудың жүзеге асуынан, технологиялық шығармашылықтан көрінеді. Технологиялық процестегі оқушы әрекетін белсендіру материалды терең игеруге психологиялық құрылым, ойын элементтерін енгізудің мәні үлкен.

Педагогикалық технологияның ерекшелігі барлық оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде бірдей жоғары нәтижемен қамтамасыз етпейді. Педагогикалық технология – бір рет берілетін, механикалық өзгеріссіз жүзеге асатын процесс емес, ұйымдастырушы құрылым, тәсілдер мен қатынастардың шексіз өзгеруі кезеңінде мұғалім мен оқушының өзара ықпал ету, әсерлесу бағытын анықтайтын қызметтің өзегі [130, 86 б.].

Технологиялық процестің педагогикалық нәтижесіне мұғалімнің шеберлік деңгейі, дайындық дәрежесі, әрбір баланың жалпы дамуы, ұжымдағы жалпы психологиялық жағдайы-климаты, материалдық-техникалық жабдықталуы, әрбір баланың психологиялық жөнге салынуы үлкен әсер етеді.



Компьютерлік технологиялар «оқытушы-компьютер-оқушы» жүйесінің арасында әр түрлі оқыту бағдарламаларының (информациялық, тренингтік, бақылау жасайтын, дамытушылық және т.б.) көмегімен жүзеге асырылады.

Диалогтық технологиялар байланысты (коммуникативті) ортаның болуымен және оқу-танымдық есептерінің қойылымы мен шешімінің барысында «оқытушы-оқушы», «оқушы-оқушы», «оқытушы-туындыгер (автор)», «оқушы-туындыгер (автор)» деңгейінде бірлесе қызмет істеу кеңістігінің кеңеюімен байланысты шешіледі.

Тренингтік технологиялар – бұл оқыту барысында оқу-танымдық әрекеттер мен типтік есептерді шешу тәсілдерінің белгіленген алгоритімдерін жасаудағы іс-әрекеттер жүйесі (тест, практикалық жаттығулар).

Ұйымдасқан түрде бірлесіп оқыту – ынтымақтастық технологиясы аз топпен оқыту педагогикада ертеден қолданылып келеді. Ол Джон Дьюдің (1970) философиясында білімге прагматикалық қатынастың негізінде өмірде пайдалы амал-тәсілдердің оқу әрекетінде үйретілуі, оның жоба әдісінің маңызды бір элементі болып табылады, әрі педагогикадағы гуманистік бағыттағы технологиялардың бірі болып саналады. Аз топпен оқыту Батыс Германияда, Нидерландияда, Ұлыбританияда, Австралияда, Израильде және Жапонияда қолданылды. Бірақ бұл оқытудың негізін американ педагогтары (3 тобы) қалады. Содан бері ұйымдастыра оқыту идеялары әлемнің көптеген елдерінің педагогтарының еңбегінде өз дамуын айқындады. Өйткені, әр елдің идеяларында белгілі бір айырмашылықтар бола тұра, идеяның өзі, өз даму жолында гуманистік және сонымен қатар, педагогикалық болды. Бұл идеяны дұрыс ұғыну үшін бұл әдістің авторлары «қате» сөзіне көңіл аудару керек дейді. «Қате» сөзін көбінесе жаңылыс әрекет, қате пайымдаудан шыққан пікір немесе шала білім, болмаса, ынтасыздық деп анықтайды. Бұл түсінік түсіндірмелі сөздіктегі анықтамаға өте жақын, ұқсас. Авторлар бұл анықтамаға мынадай келесі тіркесті қосуды ұсынады: «Қажетті білім немесе іскерлікті қалыптастыру үшін көп жаттығу мен қосымша практиканың қажеттілігі нені меңзейді?» Егер де сіз оқушылардың қателері олардың қажетті іскерлікті игермегендігінен деп білсеңіз, онда сіз оларды тек қана жай дерек (факт) ретінде қарастырғаныңыз. Олай болса, сіз оқушыларыңызға жеткілікті мөлшерде білімді игеретіндей көлемде қосымша білім алуға мүмкіндік беруіңіз керек [130, 86 б.].

Егер сіз қатені оқушылардың жұмыс істеуге құлқының соқпауы, қалауының болмауы, оның қабілетсіздігі деп қарастыратын болсаңыз, онда сіз, бұл жағдайда, ол оқушы, өзін жақсы «ұстағанша» оған қосымша түсіндіруден, қосымша сабақ өткізуден бас тартасыз.

Ал бір жағынан, егер оқушы тапсырманы орындауда қате жібермесе, онда оны дұрыс орындауды үйренді деп санауға болады, мұндай оқушыға қосымша сабақтың қажеті шамалы. Демек, қате дегеніміз – ол оқушының қосымша сабақты, көмекті қажет етеді ме, етпейді ме, соны білдіретін индикаторы ғана. Әрине, сыныптағы әрбір оқушыға мұғалімнің көмек көрсететін уақыты жоқ. Бірақ, бұл жауапкершілікті оқушылардың өздері орындай алады. Оқушылар аз топтарда жұмыс істейтін болса, олардың әрқайсысы бір-бірінің үлгеріміне жауап бере бастайды және бір-біріне көмектесе алады. Педагогикалық тілде бұл берілген есепке барабар әдісті қолдану қажет екенін білдіреді. Жақсы оқитын оқушы әрқашан да жоғары мәреден көрініп жүрген жеңістен-жеңіске жетуші ұжымда да оқи алады: ол жаңа материалды тезірек ұғып, оны тез меңгереді, мұғалім өз қызметінің көп жағдайында оған сүйенеді. Ал әлсіз оқушы бірте-бірте төмендей береді. Себебі оның бәрін жақсы түсінуге уақыты жетпейді, мұғалімге сұрақ қоюға ұялады, сонымен бірге ол бәрін дұрыс, әрі тез жасай алмайды, бәріне де баяу қатынасады. Тиісті әдістер мен оқу материалдарын пайдаланып жеке-дара оқуға болады. Ол кезде оқушы өзімен-өзі болады, өзінің үлгерімі мен сәтсіздігін ғана біледі. Оны көршісінің жағдайы қалай екені қызықтырмайды. Егер оған материал берілмесе, бұл оның ғана мәселесі. Алайда достарымен бірге оқу оқушы үшін қызықты. Олардан білмегенін сұрайды, бірлесіп кезекті есептің шешімін талдайды. Ал егер оқушы жетістігінен бүкіл топтың жетістігі көрініп тұрса, онда өзінің де, топтың да, яғни жолдастарының да жетістігі үшін жауапкершілікті сезінеді. Оқу үрдісінде барлығы да қателеседі. Тек қана біреуге материалды игеру үшін көп уақыт, көп күш, ал екінші біреуге аз уақыт пен аз күш кетеді. Мұны реттеу, мұғалімнің қарым-қатынасты қалай ұйымдастыруына байланысты, оның шеберлігінен танылатындықтан – бұл әдістеменің ісі. Тәжірибе бізге, бірге, ұйымдасқан түрде оқытудың, тек қана, жеңіл және қызықты ғана емес, сонымен бірге көп тиімді екенін көрсетеді. Маңызды нәрсе сол, ұжымдық оқыту тиімдірек, өйткені ол, тек қана оқушының күшті жетістіктеріне, ақыл-ойларының дамуына ғана емес, сонымен қатар ішкі жан дүниесінің дамуына да ықпал етеді, әрі оқыту қаржыға да байланысты болғандықтан, экономикалық жағынан да тиімді келеді.

Досыңа көмектесу, кез-келген мәселені бірге шешу, жетістіктерге қуануды, сәтсіздіктерге күйіну, бірге бөлісу - күлу, ән айту, өмірге қуану сияқты сезімдік қатынас табиғи нәрсе. Ұйымдаса ұжымдық оқытудың негізгі идеясы – бір нәрсені бірге орындау ғана емес, оқу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет