Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Сурет 8– Педагогикалық технология жүйесі



бет31/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Сурет 8– Педагогикалық технология жүйесі
Бұл, «технология - көздеген нәтиже орындалуының кепілдігі, әрі болашақ оқу үрдісінің жобасы, ал педагогикалық технология – сатыланған, тәртіптелген іс-әрекет жүйесі», –деп қарастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту технологиясы – оқыту заңдылықтарына бағынады (9-сурет).

Оқыту технологиясы оқушының ынта-ықыласын ізденіс әрекетін оятуға бағытталады. Оқыту технологиясында мұғалім бұрынғыша әр баланың деңгейіне сәйкес, қабілеті мен ой-өрісіне қарай, жеке-жеке әсер ету жолдарын қарастырады. Бұл оқушының таяудағы даму сатысының дамуын қамтамасыз етеді.

Жаңашылдық оқыту негізінде педагогикалық технологияны пайдаланып оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылығы: технологияда негізінен білім беру сапасы процессуалдық (атқарушылық), өлшемдік, сандық, сапалық, вариативті бағдарлық бөлімдеріне, ал дәстүрлі оқытуда: мақсаттылық, мазмұндылық, себепкерлік, амал-әрекеттік, операциялық құрылымы мен құрылымдық бөлімдеріне (компоненттеріне) назар аурарылады да, осы әрбір бөлімді орынды қолдануына нәтижесі тәуелді келеді. Сондықтан, әрбір шығармашылықпен қызмет етуші, білімді де білікті ұстаз олардың теориялық, әдістемелік негізі мен мәнін, құрылымын, философиясын, тұжырымдамасын меңгеру керек [130].

Педагогикалық технология пәні қызметтің әр түрлі облысындағы оқушылар мен мұғалімдердің айқын құрылымдық, жүйелілік, бағдарламалық, алгоритімдік және оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерінің стандарттылығына негізделген, компьютерлендіру мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы ұйымдастырылған нақты іс-тәжірибелік (практикалық) қарым-қатынастары болып табылады. Нәтижесінде балалардың білімді меңгеруінде, әлеуметтік құнды формалар мен мінез-құлық әдеттерінің қалыптасуында тұрақты позитивті нәтижелерге қол жеткізіледі. Педагогикалық технология мен техникалық процестерді тікелей міндеттері:

- терең және берік білім беру, ерік-күш, жігер қайраткерліктің әр түрлі облыстарында ептілік пен дағдыны бекіту;

- әлеуметтік құнды формалар мен мінез-құлық әдеттерін жасау мен бекіту;

- технологиялық амал-тәсіл түрлерін орындау жолдарын меңгерту, операциялық аспапты әрекеттерге үйрету;

- технологиялық ойларды дамыту, өз бетімен жоспарлауды, алгоритімдеуді, өзінің оқу, өз білімін жетілдіру әрекетін стандарттауды үйрету;

- оқу сабақтары мен қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырудағы технологиялық тәртіп талаптарын сақтауға әрекеттенуді тәрбиелеу.

Педагогикалық технология мен технологиялық процестердің ерекшелігі келесі жағдайлардан көрінеді:

- Жеке технологиялық тізбектер белгілі тәрбиелік әлеуетке (потенциалға) ие.

- Кейбір технологиялық процестер өзінің құрылымы мен оларды жүзеге асыру тәсілі бойынша тек қана зейінді, орындаушылық, механикалық әрекет етуге қабілеттілікті дамытады, тәрбиелейді. Мұндай технологиялар олардың абсолюттенуі жағдайында жеке тұлғаның берілетін ақпаратын кодтау (символдық белгімен белгілеу) жолымен өз жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беріп, қабілеттілігін дамытады.

Педагогикалық технологияның ерекшелігіне тұтас педагогикалық процесте әрбір технологиялық бөлімге, жүйеге, тізбекке, тәсілге мүдделі орын табу керектігі де жатады. Ешқандай технология тірі, эмоциональді адамның сезімдік, адами қарым-қатынасын, ерік-күш, жігерінің ықпалы мен өзара мәлімет алмасуы, іске, өмірге араласуын алмастыра алмайды.



Маңызды ерекшелік-педагогикалық технологияның психологиямен байланысы. Әрбір технологиялық бөлім, тізбек, жүйе, егер психологиялық тұрғыдан негізделіп, практикалық түрде өмірлік тәжірибеге шыға алса ғана жоғары тиімділікке жетеді. Көрнекілікпен байланысты технологиялық құралдар балалардың бейнелік ойлау ерекшелігіне негізделеді және оқу материалын айқынырақ қабылдауын қамтамасыз етеді. Екіншілерінің негізінде «ұқсастығы», «ассоциациясы», «сезімді (эмоциональді) ояту күші» бойынша еске сақтаудың психологиялық заңдары жатыр. Үшіншілері жүйке жүйесінің ақпаратты санасыз меңгеруінде немесе ойлау әрекетіндегі, тіпті ұйқыдағы процесте дағдылануға қабілеттілігінде дайындалады. Негізінде технологиялық заңдарға бағынбайтын (жатпайтын) бірде-бір технологиялық жүйе жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет