Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Ауыл мектебі жағдайында оқушылардың оқу – танымдық іс - әрекетін белсендірудегі жаңа педагогикалық технологиялар



бет30/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

2.2 Ауыл мектебі жағдайында оқушылардың оқу – танымдық іс - әрекетін белсендірудегі жаңа педагогикалық технологиялар

Еліміздің егемендік алуы білім беру саласының жаңа өзгерістеріне қол жеткізуге мүмкіндік жасады. Яғни, үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған кезде, қазіргі қоғамымыздың дамуына сәйкес, азаматтық – тұлғалық, рухани – адамгершілік қасиеттерге ие, жан – жақты білімді, саналы да ізденімпаздықпен меңгере отырып, оны өз өмірінде шығармашылықпен қолдана алатын өресі биік ұрпақ тәрбиелеуді қоғамның өзі талап етіп отыр.

Жоғарыда көрсетілгендей, адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау күнделікті оқыту үрдісінде оқушылардың оқу – танымдық іс- әрекетін белсендіру арқылы жүзеге асатынын практика көрсетіп отыр.

Педагогика ғылымының негізгі мақсаты – оқушыны жан – жақты жетілген жеке тұлға етіп қалыптастыру болғандықтан, ол философиялық заңдылықтарды негізге ала отырып, жеке тұлғаны ізденімпаздық іс - әрекетте белсенді болып қалыптасуына жағдай жасау.

Осыған орай, бүгінгі күні ұрпағымыздың жан – жақты дамыған жеке тұлғалық қалыпасуында мектептегі оқу іс - әрекетіндегі белсенді танымдық процестеріне және оның білімдік, тәрбиелік мазмұнмен сабақтастыру жалпы адамзаттың өркениетке жеткізетіндігі заңдылық. Сондықтан қазіргі кезеңде ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушыларының оқу – танымдық іс - әрекетін белсендірудің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру міндеті қойылып отыр. Өйткені бүгінгі «ХХI жаңа ғасыр – білім мен ғылым ғасырына» сәйкес терең ойлай алатын, бәсекелестік қабілеті бар, өзінің ішкі шығармашылық әлеуетін көтере алатын жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігі артуда.

ХХI ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, ғылыми – техникалық прогрестің шапшаң дамып, қоғам дамуы салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда. Осыған орай, мұғалім педагогикалық технологияларды талдау, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану, түрлі техникалық құралдар мен интерактивті әдістерді, т. б. арқылы оқулықтарды өз бетінше білімі мен біліктерін жетілдіруде пайдалануға бағыттауы тиіс.

Бұл мәселені шешудің бастапқы шарты ретінде дидактикалық әдіснамалық негізі – философия мен гносеология, яғни таным теориясының диалектикалық даму заңдылықтарын ескере отырып, оқытуды таным процесінің көрінісі ретінде қарастыру, оқу – танымдық іс - әрекетті белсендіру оқыту әдіснамасының 3 деңгейіне, негізіне сүйеніп дамиды:

I - дидактиканың заңдылықтарының философияға сүйенетіндігін, соған негізделіп дамитындығын, мектепте оқыту теориясын дамытудың әдіснамалық негізі – филсофия;

II - өткен тарихи кезеңнен келе жатқан педагогикалық мұралардың осы күнгі дидактиканың дамуына негіз болады;

IIІ - мектеп практикасындағы мұғалімдердің озат іс-тәжірибелері, жаңашылдық идеялары, инновациялық процестер мен технологиялар оқыту технологиясының одан әрі дамуына ықпал етеді.

“Педагогикалық технология”, “оқыту технологиялары” ұғымдары кең пайдаланылып келеді. Әйтсе де бұл ұғымдар, технологиялық идеялар жаңадан шыққан соны идея емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жылдай бұрын Я.А.Коменский өзінің “Ұлы дидактика” еңбегінде көтерді. Ол оқытуды “техникалық деңгейге” көтеруге, яғни оқытуда жетістікке жететін нәтижелі оқытуға шақырады [29, 11 б.].

Я.А.Коменский: “Оқыту механизмін, яғни оқыту процесін, нәтижеге жеткізетін “дидактикалық машина – техника,”-деп атаған. Технология үшін маңызды нәрсе: мақсатын айқындау, осы мақсатқа жеткізетін құралды табу, ол құралды пайдалану ережесін анықтау. Сөйтіп, педагогикалық технология арқылы өзіндік 1 модуль құрылымы айқындалады: Мақсат – құрал – оны пайдалану ережесі – нәтиже. Бұл кез-келген білім беру технологиясының өзегі.

Педагогикалық технологияларға жаңадан қызығушылық біздің ғасырымыздың 30-жылдарындағы АҚШ-қа тән. Алғашқы аудиовизуальдық оқыту бағдарламасы өмірге келіп, оқыту негізіне техникалық құралдар ене бастағанда, «оқытудағы технология» термині пайда болып қалыптасты. Бұл жерде оқыту үрдісінде техникалық құрал-жабдықты пайдалану мәнінде қарастырылады. Программалық оқыту шыққан соң, дидактикалық машина пайда болғаннан кейін «білім беру технологиясы» деген жаңа термин шықты. Дәл аударғанда “оқыту мен тәрбие қалай құрылады” деген ұғымды білдіреді. Ал 60-жылдары «педагогикалық технология» термині қалыптасты, яғни педагогикалық процесте кепілді нәтижеге қалай жетуге болады?

Технология мен оның мәнін түсіндіру туралы қатынастар, көзқарастар бүгінгі күнде «педагогикалық технология» ұғымына, категориясына нақты айқын берілген анықтама, барлық жерде бірдей қалыптасқан түсінікті қажет етеді. Технология ұғымына төмендегідей анықтамалар жиірек беріліп жүр.

Технология деп - педагогикалық процестің компоненттерінің іс - әрекеттер жүйесі түрінде процедуралық түрленуін айтамыз.

Бұл тәртіп реті жоспарланған іс - әрекет, процесс. Технология – бұл педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе. Педагогикалық технология – бұл жобалау, әрі іс тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру. Осы айтылған анықтамадан мына сызба шығады: мақсат – құрал – ереже – нәтиже.

Онда технологияның мәні келесі ережелерден көрінеді:

1 – ден, мұғалімдер педагогикалық технологияның көмегімен оқыту тәжірибесіндегі педагогикалық экспромптарды азайтып, оқу – тәрбие процесін алдын – ала жобалау жолына түсіріп және ол жобаны сыныпта кейіннен жаңғыртуға, қайтадан пайдалануға, негіздеуге көшеді.

2 – ден, бұдан бұрын пайдаланып жүрген мұғалімдерге арналған көмекші құралдардан, сабақтық жоспар әдістемесіне педагогикалық технологияның ерекшелігі оқушылардың өздерінің оқу – тәрбие қызметінің, іс – әрекетінің құрылымы мен мазмұнын айқындайтын оқу – тәрбие процесінің жобасын көздейді.

Мысалы: Әдістемелік сабақ жоспарын мұғалімдерге арналған көмекші құралды кез- келген мұғалім мәнді, орынды бірдей түрде пайдалана алмайды. Программалық оқыту технологиясы іс - әрекетті жобалау нәтижесінің жоғары, тұрақты болуына әкеп соқтырады.

3 – ден, педагогикалық технологияға тән ең мәнді белгі – мақсатын айқындау, мақсат қою процесі.

Дәстүрлі оқытуда мақсат нақты, айқын белгіленбесе, егер де мақсат қою жұмысы нақты жүрмесе, ал оның нәтижелік дәрежесі шамамен көзбен ғана болжап айқындалса, ал педагогикалық технологияда бұл ең негізгі, басты, орталық мәселе, әрі ол мынадай аспектілерді қарастырады:

- диагностикалық жолмен мақсат қою және оқушылардың меңгеру сапасын объективті түрде бақылау;

- мақсатты конструктивті түрде қою;

- жеке тұлғаны тұтас дамыту.

Диагностикалық жолмен анықталып қойылған мақсат төмендегілерді білдіреді:

- қалыптастыру қажет сапалардың нақты сипатын білдіреді;

- бұл сапаны диагностикалық айқындаудың нақты тәсілі бар;

- бұл сапалардың өзгеруі мүмкін;

- сапаны бағалау шкаласы қабылданған. Мысалы, танып білу ерекшелігін айыра білуін, әрі таным процестерінің даму дәрежесін айқындау. Негізгі алгоритімдерді білуі, игеруі, нәтижелі іс - әрекеттер, оны шығармашылықпен қолдануы. Тану, жаңғыру өзгертілген жағдайда шығармашылық дәрежесінде қолдану.

Мұғалімдерге өте жиі сабақ жоспарларында сабақ мақсатын жалпылама қояды, ойлауын дамыту деген сияқты. Бірақ мұндай мақсатты диагностикалық қойылған мақсат деп есептеуге болмайды, өйткені нені қалыптастыру нақты сипатталмаған, «ойлау» ұғымының өзі: біліктілік, талдау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларынан тұрады. Мұғалім нені қалыптастырумен нақты айналысатындығын білдіретін ең кішкентай бірлікті анықтауы керек [119].

Оқу-тәрбие процесін жетілдіруге сай, жаңа технологияларды енгізу мәселесі көптеген педагогикалық тәжірибелердің авторлары тәжірибелерінен бастау алды [120, 121, 122, 123, 124, 125, 124, 127].

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар.Біріншісі – теориялық негізде орындалуы, екіншісі – тәжірибемен жүзеге асуы.

Қазіргі таңда ауыл мектептерінде оқушылардың оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді жетілдірудің құралы практикаға жаңа оқыту технологиясын енгізуде батыл шаралар қолдану қажеттігі туындауда. Сондықтан бұл мәселеде оқыту технологияларының сипаттарын және оның топтамасын ескеру маңызды:

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән, әдістемелік, бөлімдік (модульдік);

- философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әкімшілік;

- тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (тұжырымдама): ассоциативтік-рефлекторлық, іс-әрекеттік, дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, білік, дағдыларды қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті – ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру);

- дәстүрлі оқыту жүйесін жаңарту бағыты (модернизация): оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру, яғни белсендіру технологиясы; мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру технологиясы; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология т.б.

«Оқыту технологиясы» (педагогикалық технология) 50-жылдардан бастап, оқыту жүйесі мен процесін нәтижелі жобалаумен айналысатын педагогика ғылымдағы жаңа бағыт болды. Сондықтан ол «практикалық» дидактиканың дамуына әсер етті. Өйткені, бүгінгі технология оқытуда компьютерді қолдануға бағытталған. Соған сәйкес, оқыту технологиясының негізінде модульдік жүйені дамытуды және оқытудың техникалық құралдарын, яғни оқыту бағдарламасының қарапайым компьютерден, күрделі телекоммуникалық жүйені пайдалануды міндеттейді.

Модуль – бұл оқушылардың білімін және біліктерін бақылауды міндетті түрде бір мезгілде атқаратын оқу материалының логикалық тұрғыдын аяқталған бөлігі жайындағы ұғым. Модульдік жүйені қалыптастырудың негізінде оқу бағдарламалары жатады. Себебі, модуль оқу пәндеріндегі тақырыптар немесе блоктармен өзара байланыста жиі үйлесіп келіп отырады.

М.В.Кларин мен Т.А.Ильина педагогикалық технологиямен оқыту технологиясының мәнін қарастыра отырып, технология ұғымын «педагогикалық үрдістің бөлімдерінің (компоненттерінің) іс-әрекеттер жүйесінде процедуралық қызметтік түрленуі»-деп қарастырады [128,129].

Оқытудағы технология ұғымы, термині, оқыту үрдісінде құрал-жабдықтарды, техникалық оқыту жүйесін, құралдарын пайдалану. Сөйтіп, білім беру технологиясы оқыту (процесінде) үрдісінде мақсатқа жету үшін құралдарды, ережені пайдалану жолын жобалау (проектілеу) арқылы кепілді түрде нәтижеге жету мүмкіндігін көрсетеді.

Технологияның мәні төмендегі ережелермен анықталады: мұғалім педагогикалық технологияның көмегімен оқыту процесінде экспромптардың орнын алдын-ала жобалау, оны іс-тәжірибеде қолдану, қайта жаңғырту арқылы жоғары нәтижеге жетудің жолдарын қарастырады.

Мұғалімдер күнделікті сабақта пайдаланылып жүрген әдістемелік жүйе мен көмекші құралдардан педагогикалық технологияның ерекшелігі: оқушылар өз қызметінің оқу-тәрбие үрдісі барысындағы құрылыммен, мазмұнын алдын-ала жобалап, сол жобаның нәтижесін болжай алады.

Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты, алдын-ала болжау арқылы, диагностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып қойылғандықтан, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі.

Педагогикалық технология төмендегідей қосылғыштардан тұрады:

- Диагностикалық жолмен мақсат қою және оқушылардың білімді меңгеру сапасын, даму дәрежесін, тәрбиелік деңгейін объективті түрде анықтау, бақылау.

- Мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою.

- Жеке тұлғаны тұтас дамыту.

- Диагностикалық жолмен айқындалған мақсат:

біріншіден, оқушының бойында қалыптастыруға қажет сапалардың нақты сипатын білу керек; екіншіден, осы сапаларды диагностикалық айқындаудың нақты тәсілдерін мұғалім де, оқушы да толық меңгеруі керек; үшіншіден, сапалардың өзгеру мүмкіндігін ескеру керек.

Сапаларды бағалау мен тексерудің даму дәрежесін айқындаудың өз көрсеткіштері мен өлшемдері қабылданған. Оқыту үрдісінде тану, нақты пайымдау, қайта жаңғырту (еске түсіру), абстрактілі ойлау, шығармашылықпен қолдану, яғни оқыту процесінің әрбір кезеңінде мақсат нақты, дұрыс қойылған жағдайда, нені қалыптастыру керектігі, оқытудың ең кішкентай бірлігі толық айқын көрінгенде ғана, оқыту техникалық деңгейге көтеріледі деп есептеуге болады.

С. Мұхамбетова: «Технология дегеніміз – педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе»- деп қарастырады [119, 64 б.]. Ол жүзеге асу үшін педагогикалық технология жобалау, іс-әрекет, қызметті атқару барысында осы жобаны жүзеге асыруды білдіреді де педагогикалық технология диагностика қою, жобалау, оның ішінде іс-әрекеттің әрбір түрін бөлек-бөлек жеке жобалауды қамтиды (8-сурет).









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет