Кесте 4– Оқушылардың танымдық ой қызметі стилінің ерекшеліктері
Күштілерде
|
Әлсіздерде
|
Жұмысқа біртіндеп кірісу, бірақ әлдеқайда қарқынды жұмыс істеу;демалуға уақытты аз бөлу; бір отырғанда-ақ сабаққа дайындалу; тыныштықта жұмыс істеуді қаламайды, жолдастарымен жұмыс істегенді ұнатады; сабаққа дайындалғанда жеңілден күрделіге қарай жүреді.
|
Жұмысқа тез кіріскенмен, тапсырманы ұзақ орындайды; сабақтан кейін қатты шаршағандықтан демалысты қажет етеді; сабаққа орындалу кезінде үзіліс жасап отырады; тыныштықта жұмыс істегенді жаны қалап тұрады және сабаққа дайындалғанда күрделіден жеңілге қарай жүреді.
|
Бақылау жұмыстарын орындау кезінде «күштілердің» жүйке жүйесіне ерекше күш түсіп, олардың ақыл-ойының қуаты артса, «әлсіздерде» керісінше, ерекше әсер етіп, тежелуге апарып соқтырады. Егер тапсырманы орындау барысында «әлсіздердің» жұмысы жақсы ұйымдастырылып, өзіне таныс тәсілдерді қолдануға мүмкіндік берілсе, еңбегі өнімді болады, тіпті деңгейі едәуір жоғарылайтыны көрінеді.
Жүйке жүйесі «әлсіз» болса, оқушы тым сезімтал жаны ауратын болады, ал жүйке жүйесі күшті, салмақты, бірақ баяу қозғалса, олар төзімді болып келеді. Жүйке жүйесінің қозу күші жоғары немесе тежелуі әлсіз болса, күйзеліске жақын тұрады. Бұл белгілердің барлығын да баланы мадақтау мен жазалау кезінде міндетті түрде есепке алу керек.
Кесте 5– Оқу-танымдық тапсырмаларға байланысты ақыл-ой әрекетінің дербес стилінің өзіндік ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |