Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет12/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 7

Әдеби тіл және оның нормалары. Бейнелеу өнерінің көркем әдебиет мәтіндеріндегі қолданылуы.

Мақсаты:

Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді меңгерту; Мәтіндегі көркем образдар мен бейнелі сөздерді, троп түрлерінің мағынасын ажырату.

Күтілетін нәтиже

Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді меңгереді. мәтіндегі көркем образдар мен бейнелі сөздерді, троп түрлерінің мағынасын ажыратады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, баяндау, талдау, әңгіме жазу

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, суреттер топтамасы, слайд, аудио, кеспе қағаздар /тапсырмалар/, троп түрлері туралы плакат, түрлі түсті қағаздар, маркерлер

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Көркем әдебиет стилінің негізгі белгілері қандай? (образдың эмоциясы, жан-дүниесі)
Көркем әдебиет стилі - адам жанының кілті.

Сұраққа жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазу. Мәтінді қысқаша әңгімелеу.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай: ...
Берілген сөздерден синонимдік қатар құру.

Жазады.
Әңгімелейді.



Түсіну

2-тапсырма. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңдер.
Берілген өлең шумағынан теңеу сөздерді табу.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
...
(А.Құнанбайұлы)

Оқиды. Тұрақты тіркестер мағынасын түсіндіреді.



Қолдану

3-тапсырма. Берілген өлең жолдарынан кейіптеуді табу.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
...
(А.Құнанбайұлы)

Кейіптеуді табады.

Талдау

4-тапсырма. Ақын қысты қандай образда бейнелейді? Алған әсерлеріңді айтып беріңдер.
Әдеби шығармаларда жансыз табиғат құбылысы тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелетіні көптеп кездеседі. Құбылтудың мұндай түрі кейіптеу деп аталады. Ұлы Абайдың осы "Қыс" өлеңіндегі:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,-
деп, қыстың кәрі құда бейнесінде бейнеленуі, суреттелуі, сылқ-сылқ күлгені" – кейіптеуге жатады. Қыс мезгілі - мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленгендей әсердеміз.
5-тапсырма. Өлеңнен теңеу мен эпитетті тауып жазу.
Теңеу: ұшпадай, бұлттай
Эпитет: ақ киімді, денелі, ақ сақалды, ақ қырау, түсі суық
Өлеңнің құрылысына талдау жасау.
Бұл өлең 11 буыннан, 2-3 бунақтан, 10 тармақтан тұратын, қара өлең ұйқасына құрылған өлең.

Айтады.

Жазады.

Талдайды.

Әңгіме жазады.



Жинақтау

Әр топқа жылдың төрт мезгілінің суреті беріледі. Сол сурет бойынша әңгіме құрау қажет.
Берілген сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беру.

Әңгіме жазады.

Жауап береді.



Бағалау

Тыңдай білген, жауап бере білген, өз ойларын тиянақты жеткізе білген, барлық маман үшін қажет деп білемін, себебі ...

Ойларын түсіндіреді.

Рефлексия

Өздеріңді бас бармақтың көмегімен бағалаңдар.

Бас бармақпен бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет