Тақырыбы 5
|
Көркем әдебиет стилі
|
Мақсаты:
|
Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін танып, оны шығармашылық жұмыстарында қолдану. Көркем тәрбие алуға ұмтылу. Эстетикалық талабын қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін таниды, оны шығармашылық жұмыстарында қолданады. Көркем тәрбие алуға ұмтылады. Эстетикалық талабын қалыптастырады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Баяндау, сұрақ-жауап, ой ашу, кубизм, топтастыру, аялдамамен оқу.
|
Қолданылатын ресурстар
|
Ф Тірек сызбалар, кестелер, кәртішкелер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. ИнИнтербелсенді тақта, маркер, қанатты сөздер, оқулық.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
1-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Айтпаған сөзіңнің қожасысың, айтылған сөздің құлысың. (Омар Хаям)
Қылыш бір адамды өлтірсе, ал жаман сөз барлық адамды өлтіреді. Жақсы сөзден әлем жарқырайды. Қашқан атты қуып жетесің, ал айтылған сөзді қуа алмайсың.
Сен үшін сөзіңнің құндылығы неде?
|
Ойланады. Түсіндіреді.
Сұраққа жауап береді.
|
Білу
|
2-тапсырма. Сөздік жұмыс. Сәйкестендір.
Оқушыға мәтін таратамын
Бұл қандай стильдегі мәтін? Дәлелде.Ерекшелігі қандай? Жаңа нені білдіңдер?
Ауызекі стиль; кітаптағы сөздер мен сөз тіркестері; бірыңғай мүшелер, құрмалас сөйлемдер; көркемдегіш құралдар(әр түспен бояйды)
|
Сәйкестендіреді.
Мәтін құрастырады.
Талдайды.
|
Түсіну
|
3-тапсырма. Осы жайлар көркем әдебиеттің ерекше баяндалу мәнерін – стилін қалыптастырады. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшелік мыналар:
Оқушы көркем әдебиет стилі жайлы аялдама стратегиясы арқылы танысады.
|
Тапсырма орындайды.
|
Қолдану
|
4-тапсырма. Жәй мағыналы және мағынасы терең сөздермен сөйлемдер, диалог құрастыру.
Фразаны жалғастыр.
|
Сөйлемдер құрастырады. Диалог құрастырып, өзара сөйлеседі.
|
Талдау
|
5-тапсырма. Кубизм. Интербелсенді тақтада 4 ұяшық беріледі. Әр топ өзіне ұнаған ұяшықты таңдап алады.
Оқушылар ұяшықта алдын-ала жасырынған тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Ауызекі мәтінді, көркем мәтінге ауыстыр
Қысқа мәтінді оқып, көркем әдебиетке тән ерекшеліктерін көрсет, негізгі ой қандай?
Жағдаят.
Жазған мәтіннің ерекшелігі қандай?
Оқиғаны баяндау үшін қандай сөздер пайдаландың?
Мәтін авторы болып, оқырманның сезімі мен ойына әсер ету оңай болды ма?
|
Тапсырмалар орындайды.
Жазады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Жинақтау
|
6-тапсырма. Өлең жазу, модель жасау
1 - топ. Образды сөздерді қатыстырып, өлең жазады.
2 - топ. Экспрессивтік сөздерді қатыстырып шағын мәтін құрастырады.
3 - топ. Тәуелсіздік күніне байланысты арнау жазу.
4 - топ. Стиль әлеміндегі көркем әдебиет стилінің алатын орны (модель). (Әр топ берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс жасайды, яғни мәтін, өлең, арнау жазып, модель жасайды.
|
Өлең, арнау жазады, модель жасайды.
|
Бағалау
|
Мәтін және сөз мағынасын білген адам түсінген адам. Мен оқушыларға сөз мағынасына терең үңіліңдер деп ұсыныс айтар едім.
|
Сөз мағынасын білу қажеттілігін айтып, өз ұсыныстарын жасайды.
|
Рефлексия
|
Не жақсы болды? Не қызық болды? Жұмыс істеуге не кедергі болды? Не қиын болды?
Не үйрендің?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|