Тақырыбы 9
|
Ресми іс қағаздары стилі
|
Мақсаты:
|
Құжаттар тілінің өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге үйретіп, сауаттылықтары мен біліктіліктерін қалыптастыру. Кәсіби сөз саптау шеберліктерін жетілдіру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Құжаттар тілінің өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге үйреніп, сауаттылықтары мен біліктіліктері қалыптасады. Кәсіби сөз саптау шеберліктері жетіледі.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет түсіндіру, іздену, баяндау, талдау, т.б.
|
Қолданылатын ресурстар
|
АКТ, кәртішкелер, сызбалар оқулық, заманауи белсенді тақта,іс-қағаз үлгілері т.б.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Іс қағаздар тілі (кластер құрастыру)
Іс қағаздар тілі дегеніміз не?
Ерекшелігі қандай?
Қандай іс қағаздарын жазып көрдіңдер?
Оның мазмұны мен құрылысы қандай?
|
Кластер құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Іс қағаздары сөздерімен диктант жазу.
Дұрыс жазылған диктантпен өздерінің жазғандарын тексереді.
2-тапсырма. Ойды жалғастырыңдар.
Іс қағаздары стилі мақсаты ....
Қолданылу аясы ....
Стильдік сипаты ....
Тілдік амал-тәсілдері ....
|
Диктант жазады.
Тексереді.
Ойды жалғастырады.
|
Түсіну
|
3-тапсырма. Мәтінді ресми стильмен баяндап көріңдер.
Ресми жазба құжаттарының басты 3 ерекшелігі: ..
Іс қағаздар тілінде қолданылмайды:
1. Мақал-мәтел, афоризмдер, нақыл сөздер,
2. Өлеңдер,
3.Одағай және қаратпа сөздер,
4.Тұрақты сөз тіркестері,
5.Әдеби нормаға жатпайтын сөздер
Фильм, қойылым, концерт туралы хабарлама жазу.
|
Баяндайды.
Жазады. Айтады.
|
Қолдану
|
4-тапсырма. Өтініш жазу және бұйрық шығару.
Бір оқушы – жұмыс сұраушының рөлінде, яғни «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламамен ауылға келген жас маман. Келесісі – жұмыс беруші, мектеп директоры. Алғашқысы өтініш, екіншісі бұйрық шығару керек.
|
Өтініш жазады, бұйрық шығарады.
|
Талдау
|
5-тапсырма. Берілген әдеби мәтінді және ресми қолданысты салыстырып, айырмашылығын айтыңдыр (байқалатын айырмашылық - сөйлем тиянақты, нақты, ресми. Мазмұны «тапсырма», «бұйыру» ыңғайында болады).
|
Салыстырады.
Хаттама жазады.
Талдайды.
Жазады.
|
Жинақтау
|
Іс қағаздар түрлері деген тақырыпта кітапша шығару.
|
Кітапша шығарады.
|
Бағалау
|
Өзің әңгіме айтқанда немесе жазғанда көркемдегіш құралдарды қолданар ма едің? Себебін айт.
|
Өздерінің көркемдегіш құралдарды не себепті қолданатындарын айтады.
|
Рефлексия
|
Біз үйрендік…, .... істей аламыз.
Бәрінен ұнағаны …
Істей алмады. …
Біздің мәселеміз …
|
Стикерді толтырып, плакатқа жапсырады.
|