Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет74/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 33

Сөйлеу тілінің әрекеттестік жетістігін қатысқандармен рефератты талқылау

Мақсаты:

Оқушыларға рефератты талқылай білуге үйрету. Оларды ойларын түсінікті, дәл, нақты, жүйелі, көркем жеткізе білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар рефератты талқылай білуге үйренеді. Олар ойларын түсінікті, дәл, нақты, жүйелі, көркем жеткізе білуге дағдыланады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап

Қолданылатын ресурстар

Суреттер, газеттер, бүктемелер, ребустар

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту

Шығармаға отырар алдында тәуекелге бел байлаған әрбір кісіге таланттан басқа тағы да екі нәрсе керек еді: бірі - білім, екіншісі — тәжірибе.
(Ә. Нұрпейісов).

Оқиды. Түсінгендерін айтады.



Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұраққа жауап береді. Әлиза — бұдан бұрын да тоғыз баласы өлген әйел; алты ұл, үш қызы үй сыртындағы қара молада. Андрей — бауырмал, балықшыларды көрсе үйіріле кететін кішіпейіл жан. Жайраңдап күліп жүреді. Қазақтар оның ибалылығын ұнатып, оны өздерінің адамындай көріп: «Біздің сары бала» деп іш тартып тұрады. Қағаз тапса, сурет салатын өнері бар жігіт.Федоров — бай, мінезіне қарай ел арасына «Тентек Шодыр» атанған, түсі суық, еңгезердей ірі кісі. Қол - аяғы ұзын, үнемі ашулы жүреді. Еламан — балық аулайтын кедей кісі. Бетін үсік шалған, қап - қара. өзін Федоров қанша ұрса да былқ етпейтін қайсар жігіт.

Тыңдайды. Сұраққа жауап береді.

Түсіну

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Репеті — түрі, ыңғайы.
Қаратаз - болыстың есімі.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Федоровты Еламан өлтіргенде қандай ойда қалдыңдар?
ә) Бұл әңгімені қалай атар едіңдер?
Кейіпкерлерге мінездеме жазып, мазмұнын
әңгімелеңдер.

Жазады.

Сұрақтарға жауап береді.



Мінездеме жазады. Әңгімелейді.

Қолдану

Сұрақ - жауап.
I топ.1) Кемедегінің жаны бір.
2) Әлиза әйелдің қайғысы.
3) Қадақ, гірдегі асымдық балықтар.
4) "Біздің сары бала".
5) Еламан өтініші.
II топ.1) Жалмұраттың көмегі.
2) Дауыл кезіндегі қарбалас.
3) Ұйқысыз өткен түн.
4) Федоровқа тиген сүймен.
5) Өмір мен өлім.
6) Райдың қорқынышы.

Сұрақтарға жауап береді.

Талдау

 Арал туралы рефератты оқу.
2. Салыстыру кестесі:
Федоров ----- Еламан
Орыс ---------- Қазақ
Өркөкірек -- Көпшіл
Өзімшіл ----- Мейірімді
Қатал ------ Бауырмал
Жанашыр емес ----- Әділетті

Оқиды.
Салыстырады.

Жинақтау

 "Бес жолды өлең"
1. Балықшылар.
2. Еңбекқор, момын.
3. Аулайды, өткізеді, еңбектенеді.
4. Балықшылар өмірінің ауыр кезі.
5. Қазақтар

Өлең құрастырады.

Бағалау

Рефераттың жазылуын талдай білген, жинаған туындылардан негізгіні ала білуге үйретеді, себебі....

Ойларын айтып, дәлелдейді.

Рефлексия

Сұрақ (Бүгінгі сабақ ұнады ма?)
Қосымша сұрақ (Бүгін не білдіңдер?)
Сенім білдіру (Өздеріңе сендерсіңдер деп сенемін).

Сабақтан алған әсерін айтады. Көңіл күй смайликтеріне стикерлерді орналастырады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет