Тақырыбы 32
|
Тілдік нормаға сәйкес критерий
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, ауызекі тілде еркін сөйлеуге мүмкіндік жасау, ой-өрініс кеңейтуге бағыт-бағдар беру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың танымдық қасиеттері дамиды, ауызекі тілде еркін сөйлеуге мүмкіндік алады, ой-өрістері кеңейеді.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Баяндау, сұрақ-жауап
|
Қолданылатын ресурстар
|
Ф Тірек сызбалар, кестелер, кәртішкелер
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту
|
Тілдік нормаға сәйкес критерий (кластер жасау)
|
Кластер жасайды
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тест тапсырмасын орындау.
Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл.
Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар.
Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады.
|
Тыңдайды. Тест тапсырмасын орындайды.
|
Түсіну
|
1-тапсырма. Тілде белгілі бір ұғымның бірнеше сөзбен аталатын сөздерді табу.
Жазушы-...; Егінші- ...; Мұғалім- ......
Жазушы, мұғалім, оқытушы әдеби тілдің барлық тармақтарына тән қандай сөздер?
Қаламгер, суреткер, ұстаз – қандай стильге тән?
Баспасөз беттерінде қандай сөздер айту күшейді:
Астық - алтын дән, көмір - қара алтын,
Конституция - Ата Заң, теледидар-көгілдір экран, президент-елбасы, т.б.
|
Жазады. Түсіндіреді.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Қолдану
|
2-тапсырма.Төменде берілген тіркестерге мағыналық талдау жасаңыздар, тілдік нормаға сәйкес келетінін, келмейтінін ажыратыңыз. Сөйлемдер құрастырыңдар. Тілдік нормаға критерий жасап, сөйлемдердің тілдік нормаға сәйкестігін бағалаңдар.
Пышағы өткір
Тура мағына, өткір пышақ +
Сөзі өткір
Тіл шешен адам, ауыспалы мағына
Көзі өткір
Ауыспалы мағына, көреген адамдар.
Қолы өткір
Ауыспалы мағынада
Мінезі ауыр
|
Талдайды.
Сөйлемдер құрастырады.
Критерий жасайды.
|
Талдау
|
3-тапсырма. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында мәтінді оқып, талдаңдар.
Тілдік нормаға сәйкес критерий: ....
«Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсет.
Қазақ тілінде көркем сөйлеу үшін не істеу керек? Өз ұсыныстарыңды айтыңдар, мысал келтіріп дәлелдеңдер.
|
Оқиды. Талдайды.
Келісу, келіспеу себептерін көрсетеді.
|
Жинақтау
|
«Мен үш тілді үйреніп жүрмін» деген тақырыпта эссе жазу.
|
Эссе жазады.
|
Бағалау
|
Тілдік нормаға сәйкес критерий бойынша сөйлеймін, жазамын, себебі ...
|
Ойларын жазады.
|
Рефлексия
|
Бас бармақ – мен түсіндім
Балаң үйрек – мен білгім келеді
Ортаң терек – маған қиын болды
Шылдыр шүмек – мен тапсырманы түсіндім
Кішкентай бөбек - мен тырысамын
|
Оқушылар білгісі келетіндерін, ненің қиын болғанын жазады, плакатқа жапсырады.
|
|