2.11-сурет. Буынның потенциалдық айналу энергиясының U(φ) бұрылу бұрышына φ қатынасы
кезінде тез сіңіре алады. Сондықтан бір конформациядан екінші конформацияға өту жылдамдығы жоғары (1010с-1).
Еркін айналатын тізбектер үшін термодинамикалық иілгіштік пен макромолекуланың мөлшері арасындағы қатынас (2.8) теңдеуімен анықталады. Нақты полимер тізбегі үшін тежелген айналу бұрышы- ның үлесі де есепке алынады:
h2nl21cos1cos, n
(2.11)
1cos1 cos
мұндағыcos −тежелгенайналубұрышыныңорташакосинусы. Нақты тізбек пен еркін мүшеленген тізбектің орташа квадрат қашықтықтарының қатынасы (σ) полимер тізбегінің тепе-теңдік иілгіштігінің өлшемі ретінде алынады:
hn
2
he 1
1 cos 2
1cos 2
(2.12)
Бұл теңдеуден σ мәні айналу бұрышына байланысты екені көрініп тұр. Ішкі айналым неғұрлым тежелген болса, соғұрлым иілгіштік аз болады. σ қаттылық параметрі деп аталады. σ мәні үлкен болса, онда полимердің иілгіштігі нашар.
Иілгіштік көбіне Кун сегментінің (А) шамасымен бағаланады. Тізбектің тербелу қозғалысын сипаттайтын А иілгіштікке эквивалент-
ті. Барынша иілгіш тізбектердің Кун сегменті буынның ұзындығына тең болады. Өте қатаң тізбектер үшін Кун сегментінің шамасы гидродинамикалық ұзындыққа теңелуі мүмкін. Кейбір полимерлердің термодинамикалық иілгіштігін сипаттайтын көрсеткіштер 2.6-кестеде келтірілген.
Иілгіштікті Флори енгізген иілгіштік параметрі f бағалайды. Ол макромолекуладағы иілгіш байланыстардың үлесін көрсетеді. Егер f>0,63 болса, тізбек иілгіш деп, ал f<0,63 болса, онда қатаң болып есептеледі, f=0,63 иілгіш және иілгіш емес полимерлі денелер шегі. Иілгіштікке әсер ететін факторлар: буындардың химиялық құрылымы, макромолекуланың конформациясы, орынбасарлардың
табиғаты мен мөлшері.